Иесін тапқан ӨЛЕҢ...

Жасулан Серікке:
Бул ози калай болды уга алмадым,
Басыма бале келип урынганы.
Карап турмай ура атандым,
Ел аманда…
Нелер турли болар –ау, бул заманда…
Кешірім сурайын ел аманда.
Уғына алмас қателік болды білем.
Қайтейін жылаймында, қайта күлем.
Мен қателік етіппін кешірілмес,
Жат жаннан өлең ұрлап күнді көрмек.

Жасұлан Серік бауырымыздың өлеңін жариялап жіберген екенмін. Бұл оқиғаны баяндар болсам, бір отырыста артық ішіп алған сәтімде досым айтты сен бір жақсы өлең шығардың деп. Содан Серіктің өлеңін жазып берді. Нәтежесінде мен бауырымыздың өлеңін иемденіп кете барғанмын. Кешірім өтінем. Алдында жариялаған постқа қатысты айтып отырмын. Бұл жазбам сол постқа қатысты кешірім сұраймын. Серік Жасұлан бауырымыздың өлеңі.

Біз айтқан қайда бақыт,
Өткінші елес емес.
Мені енді ойлама түк,
Қайғы мен кемесі егіз.
Өткенім қиял түсім,
Сазды мұң шертіп арман.
Әлемге сиярмысың,
Мен симай кетіп қалған.
Өзіңді ұмытармын
Сен мені есіңе алма.
Өзгені жылатармын.
Жар болғын есі барға.
Түсіме енбе менің,
Ең соңғы тілек осы…
Періште пендеме едің,
Есен сау жүре берші.
Сезім еді ақ адал шын,
Сөзіме сенемісің?
Сен енді жоқ адамсың,
Мендегі сезім үшін!
Бөлісу:

41 пікір

Kipshakkyzy
Не болып кетті өзі ?!
ademi_alem
бір отырыста артық ішіп алған сәтімде досым айтты сен бір жақсы өлең шығардың деп. Содан Серіктің өлеңін жазып берді. Нәтежесінде мен бауырымыздың өлеңін иемденіп кете барғанмын.
Осындай да болады екен ғой. )))
kokbori
shokan1990
ия. Ұятты іс орын алды. Өзге түгіл өзімде таңданыстамын. Мойындайын көбіне өлеңді шараптың буымен жазатын едім. Оңаша отырып. Соның пайдасын емес, зиянын тарттым.
kokbori
ademi_alem
артық ішіп алған сәтімде досым айтты «сен бір жақсы өлең шығардың» деп.
осы жолы қызық әсіресе. )))
shokan1990
"Қуырдақтың көкесін, Түйе сойғанда көресің", — деген әсте осы болар. Сұлу сөздің емес, сұлу сынның құрбанына айналдым. Кінәлі болып қоймай, қастерлі өлең үшін күнәhар жан атандым. Ия...
kokbori
Сұлу сөздің емес, сұлу сынның құрбанына айналдым.
Сосын сұлу жанның сынынан айналдым дегенді де қосып қоюыңа болады
ademi_alem
Жооооқ, сабыр, сабыр. Өлең өте ұнады маған. Тек өлеңді қалай иемденіп кеткеніңізді жеткізгеніңіз еріксізден езуге күлкі үйірді! уақытында мойындағаныңыз үшін рахмет!
shokan1990
Сұлу жан тым сұлу сөйлейді екен. Атам қазақ ашық айтқан ғой, "Өтпес пышақ қол кесер, Көргенсіз бала жол кесер. Тексіз туған сөз кесер", -деп. Сол сөзге тоқтаған текті халықтң текті ұрпағымыз ғой. Әттең, сол бір кіршіксіз құндылыққа кірлі дақ тамғаны...
ademi_alem
сол бір кіршіксіз құндылыққа кірлі дақ тамғаны...
неге қиналып отырсыз? бәрі жақсы!
shokan1990
Бәрі жақсы… Шынында бәрі жақсы… Не деп кетті ұқпадым мына бақсы? Аманатын айтқандай жаратқанның, Келді дейді ақыры адамзаттың. Ақыры келсе егер адамзаттың, Артық болмас өзгеден қара басым… Ия, ия… Шынында бәрі жақсы… Кімнің құлы ұқпадым мына бақсы? Ақиқатпа айтқаны жалған ба еді? Әлде бір қайғы басты өр еңсемді… Бәрі жақсы… Бәрі жақсы…
kokbori
Мынауыңа түсініктеме дегенді қоса жазсаң көрім болар еді, постты арнайы жерге жазу керек деп естігем
shokan1990
Бәрі жақсы… Әдемінің сөзіне орай тіліме орамданған өлең жолы еді. Арнайы пост жазардай тұтастанып, тұшынған өлең деп айта алмас едім бауырым.
ademi_alem
Әдемінің сөзіне орай тіліме орамданған өлең жолы
))))) ужас!

Қайғы басардай еңсені,
Не болды сізге түңіліп?!
Ішіңізге бір сәтке,
Қараңызшы үңіліп!

Адамзаттың ақыры,
Сіз емес білер келгенін!
«Бақсы» деп бекер сөз айтпа,
Орныңды білген жөн дедім!

Кімнің құлы ұқпадым мына бақсы?


Сен айтқан бақсы мен емес,
Абайлап сөйле, бұзығым!
Құдіретті Құдай құлымын!
Қарапайым қазақ қызымын!
kokbori
Құдіретті Құдай құлымын!
Қарапайым қазақ қызымын!
Ойдойт, деген ай
shokan1990
Мен сізге кінә артып тілдемедім,
Түсінетін жансыз ғой сөз мәйегін.
Сара мен Ұлбикенің сарқыты деп,
Өлеңнің ұсынып ем барқытын кеп.
Ұғынбай асыл сөздің қасиетін,
Маған төктің өлеңнің қасіретін.
Мен емес, бақсы еді бағам еткен.
Болжамы бақсылардың бізге жеткен.
«Жаманның сандырағы болар деген»,
Қауіптен туындап ет сол бір өлең.
kokbori
үрит, соқ, амиго, бір қыздың сөзінен қайтып қалсаң шалбарыңа обал ғой, бас әйдә!!!
ademi_alem
Бақсы емес болжайтұғын келерді,
Ой айтыңыз одан да бір кемелді.
«Шайтан ғана үмітсіз» сондықтан да,
Бос сандырақ, қауіпті қой сен енді. ))

Пендеміз ғой, болмас бәлкім күдіксіз,
Не ұтамыз күдікпен өмір сүріп біз?
Жақсылықтан үмітті үзбеу керек,
Білесің ғой, шайтан ғана үмітсіз.
shokan1990
Білемін айтқан сөзің жалған емес,
Келешек біздер үшін сағымды елес.
Ақиқатын білетін Алла ғана,
Сол төреші білерсің дауласқанға.
Құшақ ашып төрімнен орын берем,
Қызда болсаң мен сені өрендерем.
Бөріктілер айтатын аталы сөз,
Текті болып туыпсың сен қара көз.
Туғаның ата мекен Туркистанба,
Сәлеміңді жолдарсың Түркістанға.
kokbori
ойбуууууууу, құрттың ғо, Түркістанда нең бар ед, Шығыс шынары ғой бұл «бақсы», Түркістанда бақсы құшнаштарға орын жоқ деп естігем
shokan1990
Менің пайымымша бұл Зарина қыз Түркістан топырағының тумасы болар. Әрине, менің қателесуім әбден мүмкін. Тегі Шәмшиева Зарина болар болса менің қателеспегенім.
kokbori
Бәсе, негып естімедім десем, Зарина тек Түркістандықтардың есімі екен ғой
shokan1990
Көкбөрі кексініңе жөн болғай. Зарина түркі халқына ортақ тұлға. Тарих тереңінен сусындап бағамдар болсаңыз. Ал, есіміне келер болсам атына заты сай бұрымды екен замандасымыз. Түркі халқының Заринасы өз заманының алтыды тұмары еді. Асыл сөздің мәрмәрі еді.
ademi_alem
Түркістанда бақсы құшнаштарға орын жоқ деп естігем
Құлағыңыз шлаыс естіген ғой. ))
ademi_alem
Болашақтан мен де үміт етемін,
Жеткенімнен көп әлі де жетерім.
«Алтаймен қол ұстасқан Тарбағатай",
Туып-өскен қасиетті мекенім.

Сіз айтқан болашақты,
Көрерміз, мүмкін көрмеспіз.
Бір-ақ нәрсе ақиқат,
Жер-ортақ мекен, сондықтан,
Сен де, мен де жерлеспіз! ))
shokan1990
Қатыгез ғой тіршілік не десемде,
Басымды ием жап-жана жерлесіме.
Жырдан жаһұт бар екен жерлесімде,
Өлең сыйы бұйырғай еншісіне…
Біржан сал Сара қызды өр дегенді,
Сараға Жиенқұлды тең көрмеді.
Сал Біржанның боламын бір сынығы,
Өлең деген өзеннің бір тұнығы.
ademi_alem
Шынымен әпкең де қуанар,
Асылдың сен болсаң сынығы,
Қазақтың туын қол емес,
Жүрекпен көтере білетін,
Болғайсың қазақтың бір ұлы! )
kokbori
әйда, фышт, фышт,үрит соқ, хеу, хеу, айт, аууууууууууу
shokan1990
Иман нұры құйылғай жүрегіңе,
Мың алғыс ниет еткен тілегіңе.
Ата сөзін ар тұтқан қара басым,
Мен сені қара жерге қаратпаспын.
kokbori
халаулайлім, халаулилайлім, басыңдар, алға, қалмаңдар артта, өй де, фшууууу
shokan1990
Ұғыныстық ақыры үнсіздікпен,
Қайырлы таң армысың Үнсіз Әпкем.
Бір смайлик жіберіп жұбанттыңыз,
Бір тілекпен балаша қуанттыңыз.
araika
Бәсе… енді дұрыс болды.
Өзіңді ұмытармын
Сен мені есіңе алма.
Өзгені жылатармын.
Жар болғын есі барға.
Түпнұсқада ұмытармын, жылытармын деген сөздер өткен шақта жазылған.
shokan1990
Мен сені мәңгі ұмыттым,
Өшіріп отын үміттің.
Қош аман бол жалғанда,
Қосыла алмаған ғашығым… 05.04.12.
araika
Түсінбедім, не жайлы?
zhasulan-serik
Ештен Кеш жаксы, бауырым!
AKY
ой, лібәәәә, 20-дан жастары аспай жатып, интрига жасаған түрлеріңді… Пафостарын-ай