Математиктің өлімі

«Мектепке ендігі бармаймын!»-дедім, бір күні. Себебі кластастар (балалықпен айтса да кім біледі) «түсе алмай қайтып келдің бе, өтірік отличниксің,»- деген. Содан не керек Ұлттық гимназияға математика-физика бағыттарын тереңдете оқытатын сыныпқа түстім.
Содан оқып келіп кеттік, кілең әр мектептің бетке ұстарлары жиналған. Жарысып келіп оқимыз. Ең сүйікті пәнім геометрия болды. Бұл пәннен алдыма шыққан адам болмады гимназияда. Алгебрадан да беске оқыдым, дегенмен жаныма жақын болмады. Бір сөзбен айтқанда математикаға жақын болдым. Тіптен қолымыз босап кеткен уақытта отыра қалып есеп шығаратын «ауруға» душар болдық.
Тоғызы орталаған шақта пәндік олимпиада болатын болып, математикадан қатысатын болып жазылдым. Бір сыныпта оқысақта бір бірімізге конкурент, тығылып дайындаламыз, тіпті не кітаптан оқып жатырғанымызды айтпайтын болдық. Көптен күткен (солай көрінді өзіме) олимпиада да келіп жетті. Ми ағызатын мимырт есеп, жатқан шахмат, «аттың» жүрісі, одан қалса теңсіздіктер. Бес есептің төртеуін түгел, біреуін жартылай әупірімдеп бердім. Екінші турға тек екі оқушы өттік (қатынасқан алтаудан). Үлкен сын, мектеп ішілік олимпиададан ұтқаны облыстық сайыста бақ сынайды.
Келесі турдың бестігі алдыңғыдай мықты болмады, қарсыласымның да түгел шығарғанын көз жанарынан байқадым. Ендігі сөз сарапшыларда. Бір балл айырмамен ұтылдым. Үш рет аппеляцияға кіріп (қарсыласым да қалысқан жоқ), олимпиаданы қайта өткізуін талап еттім. Екінші мәрте және ұтылдым. Ол да сол 1 балл айырмамен. Екі бірдей дұрыс жұмысты неге осындай айырмамен бағалағандарын менің жазуымның жамандығымен түсіндіріп бақты. Мен келіспегенмен менен сұраған ешкім жоқ, қарсыласымның бағы шапты. Одан сайын ерегесіп келесі физика пәні бойынша бақ сынадым. Облыста бірінші болып, Республикада 4 орынды иелендім. Осылайша математик апайдан кек алған болдым. Бірақ сол күні бір қазақ математигі қайтыс болды.
Ақтөбенің олимпиадашылары біздің лицейге келіп тұратын. 50-60 шақты адам, барлығы математикадан. Жас шамалары бірдей 15 шақты балалардың бір-ақ жүргеніне қарап, «Бұлар не, бүкіл кластарымен математиктер ма?» деп ойлайтынмын.
1) Мұғалімдердің әділетсіздігі, жығып беруі
2) Қасарысып, басқа пәнге ойысуың.
Дегенмен, физикадағы табыстарың да тау қопарарлық екен, бір жерді жарып шыққаның шығар, Әбеке. Бәрімізде де ішімізде небір кімдер өліп жатыр десейші. Барына қанағат. Шәкірттерің абыройыңд аласалатпасын деп тілек білдіргім келеді.
Үй жинағанда, ИФМ журналдарының көптігі сондай, лақтырып тастағым келетін. Кітап сөресі де осы саланың кітаптарына толған. Қазір бәрі басқаша