Жазалар әлеміне саяхат - (Премьера)
«Жазаласа, ох жазаласа...© Satibaldi
Соңғы кезде жазалaу туралы сөз болса, амиголар өз қиялы мен кинодан көргенінің жаңғырықтарынан құрауға мәжбүр болып жатыр.
Осы тұрғыда, жазалау түрлеріне бірнеше сериялы ситком жазып жіберу керегін бұрыннан сезіп жүргенмін. Қиял сарқылғанда, жаңа жазалау сюжеттерін құрғанда осы топтамадан шабыт алуға болады. Нәзік жүректілер адамзат тарихы тек архитектуралық, мәдени, әдеби креативтерге ғана емес, біреуге қиянат жасауда да зор шығармашылық танытқанын байқайды.
Уа, экшн сүйгіш жамағат, қаныпезер, қатыгез қауым!
Бұл топтамадағы жазаларды күші, қиянаты мен көрнекілігінің өсу тәртібімен қоямын, белдеріңізді бекем буыңыз.
Жазалау түрлеріне арналған бұл топтаманың алғашқы сериясын, „өкініштеріңе орай“ енегінен тартып талға байлаудан емес, көтіне көртышқан тығып зар илетуден емес, қарапайым „Бан қоюдан“ бастаймын.
Бу жалғанға сиськадминдер бан балғасын шошаңдатып келмей тұрып, аватар қоймақ түгілі, адамзат әлгі жерін жапырақпен жабудың мәнін түсінбей жүрген кезден-ақ, көті-ашық бірақ көкірегі ояу әрбір амиго айрандай ұйыған қауымның шырқын бұзса және көсемге жақпай қалса (ия, ия тіпті сол кезде де саясат болған нақ) оны жамағат көтінен теуіп аластатылатынын, бақсыдан „қайтып келсең, кешкі асқа басыңды асып жейміз“ деген қоқан лоқы естіп, қуылатын түсінетін болған.
Кей антропологтар мен психологтар көп адамдардың елден тым ерек киінуге, елден тым ерекше пікір білдіруге тартынуын, коллективке сіңісуге барынша тырысуын миллион жылдық тарихы бар мінез-құлық деп түсіндіреді.
Сурет: www.blacktomato.com
(Жалғасы бар...)

17 пікір