"Күз демі"

Айыбым көп алдыңда,
Кеше алмайсың білем мен.
Өзіңсіз жалыз қалдым ба,
Қабақта қайғы түнерген.

Көңілде тұнған көктемдей,
Жанардан кетті елесің.
Жазғырмай мені, кектенбей,
Түсіме күліп енесің.

Алтындай нұрлы сөніп күн,
Аспанда жұлдыз қаптайды.
Сынық бір сезім, сеніп мұң,
Алдамшы арман бақ- қайғы.

Есіңде болар сол бір күн
Жүзіңді көрдім соңғы рет.
Күрсінген сайын тәтті мұң,
Көзіңнен тамды мөлдіреп.

Өкініш болар сол шақтай,
Көңілім бұлтқа көміліп
Мөлдіреп тамды моншақтай
Аспанда тұрды егіліп

Жуынып жасқа жанбырға
Ақ жүзің айдай толықсып
Лағынет айтып тағдырға
Қоштастық бізде қол қысып

Жазғандай уақыт жараны
Ағылып күндер тізбегі
Көңілім қайғы қаралы
Жауратар жалғыз күз демi
Бөлісу:

2 пікір

satibaldi
Қырыққа қарағанда ақын болдым,
Қарасөзге Абайдан жақын болдым.
Зайбал қылып Музалар мен Мельпомендер,
Өлең сөздер күнде қысып пақыр болдым.

Ұйқасын өлеңімнің сөкпеңіздер,
Сын айтып, көп бұтақ жеп кетпеңіздер.
Айтпақшы офф-топ бауыр, не ғой әлгі:
Унитазға картошканың қабығын төкпеңіздер!
Gazizkizi
Бұтақ жейін бе не…