Арулар ақын болыңдаршы!


Арулар ақын болыңдаршы!
(Көкшетау-2012 жас қаламгерлер форумы. Астанадан келген бір ару қыз өз өлеңін оқыды… Содан Шабыт шал оянып кетті.)
Өлең оқыды астаналық ақын қыз
Құмарта қарап, ұйып тыңдап жатырмыз
Сұлулығың ғұмырыңа да жетпейді,
Ал бірақта мәңгілік қой хатыңыз

Өлең оқыды астананың ақыны
Керемет қыз!!! Көркіне сай ақылы
(Адам үшін тіршіліктің бастауы
Әйелдердің жатыры)

Фигурасы… ммм-ай
Фэшен GIRL
Подиумға шықсадағы мейлің ол
Модельден де еш кем емес
Мисс Әлем…
Кукладан артықшылығың — Пейілің мол

Білесің бе?!
Азғын көз ғой… рентген
Арам ойға алданумен тұр ем мен
Шумақтарды шуақ қылып төккенде
Ар ойанып, нәпсіме ерген құл өлген
(Өйткені ол ақын қыз ғой жыр емген)

Міне солай…
Құс едің ғой тордағы.
Сұлулықтың жеңіп кетті салмағы
Ұмыттырдың оның бәрін жырыңмен
Өлең деген әйелдердің қорғаны

Еркектердің есіл-дерті әйелде
Бұл заңдылық сақталып тұр әр елде
Ал егерде ақын болса сұлу қыз
Бізден артық ұлт болмайды әлемде

«Әйел — ақын болмайт» десе… қателік!
Жыр жазшы ару???
Жүрегіме жетелік
Тәнге емес жанға ләззат сыйласа,
Шашбауыңды өтер едім көтеріп

Төсекке емес,
Бесігіңе бөлетер
Өлеңменен жойылады пасықтық.
Ару қыздар ақын болыңдаршы
Өзіңе де, сөзіңе де ғашық қып!!!

Жұптап жүреретін қазақпыз ғой. сондықтан сиясы кеппеген екінші жыр:

Сурет
Бұл, Футбол!!!

Уайым, өкініш, қуаныш
Біз — футболист!
Доп соңынан қуамыз.
Оң қаптал,
Сол қаптал,
Шабуылға шықтық біз,
Ал қане,
Жанкүйерлер шулаңыз!

Гол!
Гол!
Гол!
Эмоция мол!
Айғайла арена!
Бұл футбол!

Бір біріне қарап тұрған қақпалар,
Бір қақпадан бір футболшы бақ табар.
Екі аяқтың арқасында гол соқса(!)
Фанаттары командамен мақтанар.

Қауіпті сәт…
Оқтай ұшып доп келет,
Шабуылшы тоғыздыққа тепкен ет.
Ал қақпашы ұшып барып қайтарды,
Өйткені бұл Оливердің мектебі ед.

Бірде офсайд.
Бірде фол.
Бәсеке мол,
Бұл футбол!

Месси мерген тепкен доп,
Әлемді айналып кеткен доп.
Жер жүзінде футболдың,
Фанаттары неткен көп.

Гол!
Гол!
Гол!
Спорттың
Көкесі сол.
Оле, Футбол!

ПыСы: алғашқы оқырманы өздеріңізсіздер. кейбір жерлерге түзету енуі мүмкін. сын күтемін!)))
Бөлісу:

15 пікір

dark_nazgul

бірінші өлеңге базар жоқ.
екіншісін оқығым келмеді.
FaraOn1
қыз болған соң ба?
dark_nazgul
солай шығар.
Касильястың аты аталса, оқыр ма едім…
Adiletshu
Қай жері ұнайды Касильястың
FaraOn1
Касилястын корсетіп кетері әлі алда гой, ал Оливер сахнадан кетіп калды. Бала кезімде Оливердін фанаты болатынмын)))
Abilakim
тілші қызды сүйіп алғаннан бері ұнай ма?
dark_nazgul
Жоға, мен Касильясқа ғашық болғаныма сегіз жылдай болып қалыпты.
ademi_alem
Ару қыздар ақын болыңдаршы,
Өзіңе де, сөзіңе де ғашық қып!!!
))
AKY
Әйелдің ақын болмайтыны рас. Қыздар ғана ақын болады.
satibaldi
Қасыңа «уыңңңңң, уыңң-уғыыыыыыыыыыыңңңңң!» еткізіп, удай қымбат мотоциклмен жетіп барайын ба, а?
FaraOn1
Әйел не, қыз не? Бәрі адам ғой! болам десе болады)))
satibaldi
"… Муза шешейдің шала-жансар денесі тиелген пәуеске орталық мәйітхананың алдына келіп тоқтатды..." © Апполиниер Гийом, «Транснонген көшесі».