Менің ұялы телефондарға видео шолуларым!

Қайырлы кеш керекинфо қолданушылары! Бұл менің екінші постым! Постымда өзім немен айналысатыным жайлы видеолар салсам ба деп шештім. Мен елімізге келіп жатқан жаңа телефондарға (Смартфондарға) видое шолу (обзор) жасаймын! Әрине қазақ тілінде!) Әзірге 3 смартфонға жасап үлгердім! Біріншісі, 2011 жылдың ең үздік смартфоны атанған Samsung Galaxy S2 смартфоны. Екіншісі, HTC копаниясының «Titan» атқа ие болған смартфоны. Үшіншісі, Sony Xperia S смартфоны болды) Келесі шолуымыз Ipad 3 планшетіне болатын болды!

Міне ең соңғы смартфонды видео шолу жасау кезіндегі сурет:



Ал әзірше төмендігі видеоларды қарап, бағалап жіберсеңіздер! Үстінен астына қарай сәйкесінше.

1. Samsung Galaxy SII


2. HTC Titan


3. Sony Xperia S (Ең жаңасы осы)


Келесі видео шолу Ipad 3!!! Vbloggers.kz және осы сайттан күтіңіздер!


Егер орысша көргіңіз келсе мына сілтеме арқылы өтчеңіздер болады: Орысша видео шолу

Бізге вконтактеда қосылыңыздар: Vbloggers.kz вконтактеда

Көргендеріңізге үлкен рахмет! Пікірлеріңізді күтемін)
Бөлісу:

41 пікір

kokbori
Бәрекелді, Керекинфо
Korkem
Қайда барсам да КөкбөрініңҚорқыттың көрі)))
kokbori
 
Керекке кірмейтіндей жалығар кім?
Мені де әлі талай сағынарсың.
Мұқағали айтқандай бір күндері
Шаң басқан архивтерден табылармын.
Бір түнде қасыңнан да табылармын.
Korkem
Үстіңе шәйі шапан киген қабып,
Еске алайын мен сені ауық-ауық.
тек қана арам ойдан шын арылсаң,
Сыйымды ұсынар ем ебін тауып.

Қыз екен деп жылмаңдай берсең егер,
менде итше алармын қауып-қауып
kokbori
Сыйлықты жарқыратып берер еді,
Топты жарып мақтанып келер еді.
Ал сен болсаң берем дейсің ебін тауып,
Соншама тыққыштайтын, немене еді?
Korkem
Біреу берем десе алмай тұғын,
қыздың назын түсіне салмайтұғын.
алмайм десең, қойдым ал, амал нешік,
көлемді еді еш жерде сатылмайтұғын
kokbori
Ойбай-ау, алмаймын мен деп пе едім,
Күйдірмеші жанымды текке менің.
тез айтшы сыйлығыңды көргім кеп тұр,
Бұрын мұндай ынтызар етпеп едім
kokbori
Көркемжан ау, арының шамалы екен,
Жап жас боп аздап қана шабамекен.
Біз түгіл сонаааау тұрған Қырымыңа
Нәп нәмбәй Сатекеңдер шабады екен.
Korkem
Айтыс деген өнерді кие тұтам,
Қарсыласқа сөздермен оқтан атам.
Шабысым бәсең емес, уа, Көкбөрі,
Бұл айтыста мен сені жығып, ұтам)))
kokbori
Уау, қарағым, тиген екем намысыңа,
Тұрмау керек долы өзен ағысына.
Ұтатындай Жүрсіннің айтысы емес,
Бұл айтыстың жоқ тіпті табысыда
Korkem
Көсілтіп осы орайда бір сөйлеші,
Мені бірақ ашуланды дей көрмеші.
Айтыс деген ұлы өнер халықтікі,
Жүрсінге ғана оны телімеші.

Егер де ұтып жатсам өз шотыңнан,
Сыйлығымның ақысын төлесеңші
kokbori
Қыздардан кетпейді екен бұ харам ой,
Жігітті пайдалану күнәден ғой.
Атырауға келсең мейлі, беу қарындас,
Өз шотымнан талай нәрсе шығарам ғой.
Korkem
Көкбөрі, харам ойдан аулақ едім,
Қалайша жаман ойға бара бердің?
Жеңісімнің сыйлығын дайындай бер,
Мен де саған сыйымды ала келдім.

Алтындай уақытымды мен бермеймін,
Сыйлықсыз айтысуды жөн көрмеймін.
Жүлдемді көрсет қане, бағымдайын,
Болмаса құр сөзіңе мен сенбеймін.
kokbori
Ой, қарағым, жүлдем бар деп айтпағанмын,
Бірақ қалай өкпелетіп қайтарамын.
Бингода да ұтқандар ап кетеді,
Бізге келіп, сыйлықпен қайт қарағым.
Korkem
Онлайнда адам аз мына жақта,
Көкбөрі қонақ боп кет біздің жаққа.
Жүлдемді ала келші, тәмәмдайық,
Отырғызып кетермін банкротқа.
kokbori
Осы сөіңз қолайыма жағады екен,
Келіп қайт деп шақырса, шабады екем.
Адам аз дегеніңде қатып кетті,
Осы жұрт тасаны тез табады екен.
Aya
Екінші видео ұнады
araika
Соңғы кездері HTC-ке көңілім ауып жүр.
Alisher
Өте керемет смартфон! Бірақ маған Сони ұнады!) Өзімнің жеке ойым)
kokbori
маған Samsung Galaxy S2 смартфоны
Alisher
Дизайн жағынан Сони жақсы секілді, сен қалай ойлайсың?
kokbori
Лібә, білмим, соқыр көргенінен жазбайды ғо, маған осы ұнайды
satibaldi
Мынауың ұнап қалд.
Айтпақш, Sony Xperia-да неге Еріксонның аты жоқ, шібедтермен махаббат осымен бітті ме?
Alisher
Sony Mobile, Ериксонның акцияларын толық сатып алды деп естідім. Бірақ логотипі қалыпты
satibaldi
Бітті ме енді, дүниеде жоқ па Еріксон?
kokbori
Сәния айтыпты еріккендерге шығара беретін ақша жоқ деп
Alisher
Тек Сони деп шығатын болыпты. Ericsson өз акцияссының бөлігін 1,47 млрд долларға сатыпты
araika
Социальды торлар, құлақшын
деген сөздер кездесті. Алғашқысын әлеуметтік желі деп кеттік қой, ал екіншісі бас киім Негізі құлаққап деген вариант шыққан, бірақ бұл аудармаға қосылмас ем…
Alisher
иә кейбір сөздер қателесіп айтып жібергем, қателерімді келесі видеоларда дұрыстап жазамыз) Сыныңызға рахмет!
Dastan_A
Ең алғашқысы үйде түсірілгеннен кейін көруге жылырақ))
asaubota
осындай қазақша контент көп болсын! әсіресе қазақша видео контент жоқ деуге болады. жарайсыңдар жігіттер.
Alisher
Үлкен рахмет! ҚазНет болащақта өзін көрсетед!) Соған өз үлесімізде қоссақ па деген жоспарымыз бар
bazuka
Sony Xperia S  ғашық боп қалдым))
Alisher
Дизайны өте жақсы!) Өзім де ғашық болып қалдым)))
madickisbig
жалпы сони фирмасы жаксы, ноутбук та, сотка да
neoman
Мықты, жігіттер! Ризамын тірліктеріңе.

Сони маған да ұнады, ақ түстің өтімді екенін жақсы біліп алған бұларың. Көреміз саудасы қалай жүрерін. Алдыңғы жылғы Арк дегені де тәуір еді, бірақ жақсы өте қойған жоқ…

Техникалық жағынан талдаулар көп болса, бәсекелес смартфондармен мүмкіндіктерін салыстырып дегендей. Мысалы, 12Мп камерасы кейбір смартфондардың 5Мп камерасынан артық емес. Дисплейі жай ғана ЛСД болса да, Бравиа деп шулатқан технологиясы барын ескертуге болады, тсс
Dinara
Жақсы, жақсы
Бағалары туралы да ақпарат беріп кетсеңіздер екен
Erlan
канша жерден мыкты болсада, ане бір кызыктырмайды, компьютерден асып тусе алмайды мумкіншіліктері, комптары жоктарга ермек болар, байланыска нокиа2-ка да жарайды азірге…
FaraOn1
1 видео шолудын аяғында
төменде көрсеңіздер болады
деп колдарымен томенгі жағын көрсетіп жостка істеп кетті)))
Alisher
Байқап қалдыңыз ба?)))