Кейде көңілің қалып, бәріне қолды бір сілтеп, басың ауған жаққа кетіп қалғың келетін сәттер болады. Сондай кезеңдерде (кейде себепті, кейде себепсіз) шынымен басым ауған жаққа кетіп қалатын әдетім бар. Сондай жағдай сегіз ай бұрын болды. Адам көзі көрмеген, аяғы баспаған жерге жете алмайтынымды түсінген мен тым болмағанда ешкімді танымайтын жаққа кеткім келді. Жұмыс үстелінде жұмыс жасап отырған кейіппен отырғанымда хабарлама келді. Ашып қарасам достарымның бірінен «Сен ешкімді танымайтын жақ пен, ешкімді көрмейтін жұмысты қалайтыныңды айтып ең ғой. Астанада таныстарымның таныстары бар, барасың ба?» деген деген хабарлама екен. Ешкімді көрмей істеуге болатын жұмыс та бола ма деген ой мазалаған мен оған «толығырақ...» деп жаздым…
58 пікір
Тек тіркелген және логинімен кірген қолданушылар пікір жаза алады
Өтте дұрыс!!!
біреудің баласын бағу перспективасымен Астанаға тайып тұрғаныңыз таңырқатты.
Баланы идеалдандырып жібергенсің. ЕГер бала бірдеңені істей алмаса, ол оның пәктігінен емес, ештеңе білмейтіндігінен, немесе интеллектуалдық қабілеті жетпегеннен.
Көбіне көп ересек адам ол небары жетілген бала, тек ойыншықтары мен ойыны бөлек.
Ал бала ол тек ересек адамның қарапайымдатылған мини-формасы.
Баланың да зарлағы болады, ересектер де үнемі кек сақтай бермейді. Сосын, бала кезінде ренжіп, есейгенше кешірмейтіндер бар.
Мысалы:
Әкеме бір нағашысы сәби кезінде бір болмашы бір ойыншықты сұрап қоймаған соң, берем деп уәде еткен. Әкем жиендік жасап барғанында, нағашысы оны қолына ұстатады. Төрт-бес жасар бала ұйқтарында оны жастығының астына салып ұйқтайды. Ертеңіне үйіне қайтар кезде жастығының астын қараса жоқ. Өтірік таба алмағансып, шығарып салады баланы.
Бітті. Әкем елу жасқа келгенше талай нәрсені кешірсе де, алдына барып кешірім сұрағанда, тап сол қылықтарын кешірмеген.
Бала көңіліне немқұрайдылықпен қарамаңдар. Баланың көзжасы әншейін ақ қой деп ойламаңдар, оның бір түйір жасына тұрмайтын заттар көп.
ОЛ мына біздің ақымақ ойымыз ғана. Бала ренжісе де жылайды, ойыны аз болса да жылайды, шошыған кезде де жылайды. Жағымсыз иістен де жылайды, жат ортаны жатырқап та жылайды.
Өтірік күлетін сәбилер де бар. Айнамыз бір қылығын жасайды да, бізге қарап тұрады күле ма деп. Күлсек, өзін қинап тұрып күледі. Біреу жөтелсе, соны қайталап өтірік жөтеледі. «Көп нәрсе талап етпейді» раз-на-раз не приходится. Балалар өздеріне рұқсат нәрсені ғана талап етеді. Сосын бір алюмен зауытты сатып алса, ойыншық-қызықтың көкесіне бататынын білмейді.
Өзін жақсы көрмейтін емес, көңіл күйін сезеді. Ересектерден айырмашылығы жоқ. Тек ересектер жақтырмағанын жасыра алады, ал бала қашып кетеді.
Сосын міндетті түрде суық адам емес, қорқынышты киінген адамдардан, иісі мүңкіген адамдардан да қашатындар бар.
Құлап қалса қайта тұрмайтындары да бар. Ересек адам көріп қалса, онан сайын ырбаңдап жатып алатындар бар көтеріп алғанша.
ештеңе білмейтіндігі — пәктігі
Бала ренжісе де жылайды, ойыны аз болса да жылайды, шошыған кезде де жылайды. Жағымсыз иістен де жылайды, жат ортаны жатырқап та жылайды. Бұнымен ке келісем. Бірақ бала мұндай жағдайлармен күнде кездеспейді ғой. Сол себепті мұны да сирек кездесетін жайлар деп қарастырған жөн. Бала кейде айтқанын орындату үшін де жылайды, ол да тәрбиеге байланысты, баланың айтқанын ғана істей беруге болмайды. Олай болса өтірік жылап, айтқанын орындатуды әдетке айналдырады.
Өтірік күлетін сәбилер де бар. Не айтқыңыз келгенін түсіндім, бірақ менің не айтқым келгенін түсінбеген сияқтысыз. Үлкен адамдар іштей жақтырмаған адамның бетіне өтірік күліп қарай алады әлдебір жағдайларға байланысты. Яғни жасанды сыйластық, жасанды күлкі. Ал балаларда ондай жоқ. Сіздің балапаныңыз сізге қарап өтірік күлсе сізді қуантқысы келгені, өзіне назар аудартқысы келгені. Бірақ ол жасандылық, жағымпаздық емес. ))
Құлап қалса қайта тұрмайтындары да бар. Ересек адам көріп қалса, онан сайын ырбаңдап жатып алатындар бар көтеріп алғанша. Бұл да сирек кездеседі. Шектен тыс еркелетіп өсіргеннен туындайтын әрекет болуы мүмкін. Сол шектен тыс ерке баланың өзі құлап қалғада қасында ересектерден ешкім болмаса тұрады орнынан, тұрғанда қандай! ))))
Ересек өмірден шаршаған екенмін. Сәби болғым келеді…
Балабақшадан алып келу — қиямет-қайым Ата-анасына «енді балаларыңа бармаспын» десем де, келесі жолы қалай кетіп қалғанымды білмеймін. Алғашқыда осы балабақшаға үйренісе алмай, бірнеше күн таңғы ұйқымнан оятып, «мені алып қалшы» дегендей "өтінішпен" жанымнан шықпайтын. Қазір «есейіп кетті»