Внимание,внимание! Ахтунг,ахтунг!

Жүргенде бойдақ болған кезім құрып
Өзімді жас жігіттей сезіндіріп
Армысың Көркем атты сұлу бикеш
Көзіне киіп алған көзілдірік?!
Бөлісу:

69 пікір

araika
Ал, Көркем, көркемдей отыр
Korkem
Ақталып ақ арманы Керектердің,
Қашан көрсең флудтауға дайын тегі.
Қаумалаған ағайын аманбысың,
Салем саған Әбіләкім ауылдың дүлдүлі
Abilakim
Сөйлейсіз керіп қойып қасыңызды
Жел тарап «Пантин» иісті шашыңызды
Қыз бен жігіт айтысын қыздырайық
Домалатып біз өрге тасымызды (кәдімгі тас)
Korkem
Айтыссақ айтысалық өлең құрап,
Көкейге сөз қонады нанымдырақ.
Кәдімгі тас өрге қарай домаламас,
Жіберші сөзді сайға құлаш-құлаштап
Abilakim
Көркем десе қарағым, көркем едің
Суретіңмен сен мені өртеп едің
Егерде сен өмірде Ләйлім болсаң
Мәжнүн боп өмір бойы өтер едім

Жуас тай жайдақ мінсең туламайды
Жыр қылдым аспандағы туған айды
Жәй тас домаламсас деп жазыпсың
Қандай тас өрге қарай домалайды?
Korkem
Сөз таба алмай замандас, сасайын ба?
Бұрынғынаң жолынан асайын ба?
Қара өлеңге жоқ едім, қоя қойшы,
Керектен аулақ жапанға қашайын ба?
kokbori
Ойбай, әупірімдеп алып келіп едік, мәу дегізбей қашып барасың ба, құрысын шыда еңболмаса он екі раундқа
Abilakim
Жарасымды екен-ау сасқаныңыз
Шауып тұр ішіп алған басқа қымыз
Дұрыс ед қашар болсаң Көркем қыз-ау
Ақ төсек жаққа қарай қашқаныңыз
kokbori
Пау, мынаны естіген Көркемнің қаны басына шапшымаса, Әбеңнің ит терісін басына қаптамасына бола ма
Abilakim
Итім жоғалып кетіп еді, Көркемнен келген пәле десеңші… Бәсе,өзі де кәрістің қыздары құсап тұр еді.Көркемді айтам
Korkem
Ибай-ау, ойыңыз неткен арам еді,
Жұртшылық мына бізге қарап еді.
еркек екеніңді білдіріп тұрсаң-дағы,
мына ойдан арылсаң жарар еді
Abilakim
Көрпемізге қарап біз көсілеміз
Светті жатар кезде өшіреміз
Қыз бен жігіт айтысы болғаннан соң
Ондай сөздер кетеді түсінсеңіз
Korkem
Қыз едім намысына із түспеген,
не де болса жіберейін тұз сөзбенен.
құйрығыңызға қамышы басылды ма?
шектен шығып барасыз қыз-қызбенен.
Abilakim
Адамдардың тағдыры қилы-қилы
Сондықтанда болармыз сыйсыз-сыйлы
Қамшымен сыртынан ұрасыз ба?
Ашпай қойсам ұруға құйрығымды?

Біраз жерге барыппыз жел сөзбенен
Көсем бола алмайды ел кезбеген
Көзілдірік көзіңді көрсетпей тұр
Шын атыңба қарағым Кербез деген?
Korkem
Жел тұрса қамыс басы қозғалады,
Адамда түрлі-түрлі кез болады.
сыртынан ұрғаныма шыдамасаң,
жігіт деген атыңа ез болады.

Барыппыз біраз жерге жел сөзбенен,
Көсем бола алмаймын, ел кезбегем.
көз тигізбес көзіме көзілдірік,
Көркем атым жаман ба, гүл-гүлденген?
Abilakim
Өзің де есімің де тамаша екен
«Дорожка» деп жүргенім алаша екен
Көзіне күн тимеген бұл қалқатай
Әшкиін шешіп бір қараса екен
Abilakim
светтің айтысып отырған қызға қатысы жоқ.Жарықта ұйықтайтын жандарға таң қаламын
Abilakim
арам ой жаман сөз емес, ойға шектеу салына қоймас
AKA
 Мамадес, тоқтама!
kokbori
Ма, анда жазып қойып едім, кешір, әйде, үрит, ссоқ
Abilakim
Көркем қыз сөйлер ме екен, сөйлемес пе
Шашынан иіскер ме еді күнде кешке
Түсіме неше күн кірер екен
Айналып бір мен үшін түнгі елеске?
qisyq
Өй де! Әәәәәй, азззамат!!!
ademi_alem
Қара өлеңге жоқ едім, қоя қойшы,
Керектен аулақ жапанға қашайын ба?
Көркееем! Басталмай жатып жеңілуге болмайды ғой!!! Намысты қолдан бермеңіз!!! )))
Marco
Баяғы Цеван Рабтан мен 777-нің айтысы кімде бар??? Жіберіңдерші, носталжи болып көзге жас алайық. )))
Aramza
Әбіләкім жыртад нақ, шап шап, шаппасаң лібә саяққа қосып қаңғытып жіберем. немесе піштіріп атқып мінем нақ
Abilakim
Арам терің ақпай қалған арамза, АКУдің сенімен айтыспағанына мен кінәлі емеспін
asaubota
бұл жерде таза нокаут енді. Көркем деген қарындас буын шекараларынан шығып кете береді екен және ұйқас жағы да әлсіз.
kokbori
Сен М. Жолдасбеков емессің, өзіміз әзер тауып отырсақ сен кері тартқаның не?
Korkem
 қара өлеңге жоқ едім деп ескертіп ем, ятсыз Көкбөрі үндемей неғып отсың?
kokbori
Ештеңе етпейді баса бер, іші күйгендер тұз жаласын, өздері шығара алмағасын ғой
rauka
Мейлі, бола береді ғой!
ademi_alem
светтің айтысып отырған қызға қатысы жоқ.Жарықта ұйықтайтын жандарға таң қаламын дегенді өлең жолдармен жеткізсеңіз. ))
Abilakim
Дегенде Көркем қалқа, Көркем қалқа
Мойныңа жарасар мед алтын алқа
Ұялыма смс жазар ма едің
Қонақ боп келе қалсаң біздің жаққа?
Korkem
Ақ үйдің ай көрінен мадайынан,
шешеннің сөз шығады таңдайынан.
бара қалсам жазайын, уәде емес,
қой сойып, қарсы алсаң ала таңнан
Abilakim
Ұнап тұр андағы айтқан ала таңың
Сен дегенде ашық қой алақаным
Қой соймасамда қонақ үй дайындар ем
ұяңа қонар болсаң «балапаным»
Korkem
қонақүй қонақ күткенге сай келмейді,
Қой соймасаң қонақтың жәйі келмейді.
Ала таңнан барғаным белгілі ғой,
Кешкіге онда қалуға реті келмейді
Abilakim
Жеңгеңнің қолы қарғам ашық еді
Талайға былқытып ет асып еді
Саған да ашық болар есігіміз
Қай қазақ қонағынан сасып еді?
Korkem
Алғысым қолыңның ашығына,
Мен тоқтайын енді сөздің асылына.
Біраз жұрт жақтырмай тұр сөз сабымды,
Қайтайын өзім келген ауылыма.
Abilakim
Көпшілікке жағуғы тырыспағын
Тоқтап та қалған болар жұмыстарың
Қоштасарда ерніңе мен ұмсынсам
Көркемжан, «оның не деп» ұрыспағын
Korkem
Ерінге, шиедейін ұмтылмағын,
Жеңгемнің көзінше бұл не қылғаның?
Қыз көрсе, жылмаңдаған Әбіләкім,
Аға маған боласың, ұмытпағын!
Abilakim
Аяқталсын осылай сауығымыз
Алыс па еді қарындас ауылыңыз?
Кездескенше қош-аман болыңызшы
Кеудемізден соқпасын дауылымыз!
Abilakim
Абзалға хабарласпа, маған хабарлас))))
bekkerey
Сонымен кім жеңді?
a63a1
Менің айта кетер бір ескертуім бар, тек бұл жерде ғана емес, жалпы ұйқасқа мән беріңідерш.
Abilakim
жәй қара сөздің өзінде де ме?
a63a1
саған емес нақ, сенікі ұйқасып тұр
kokbori
Осыны ертең жазылар посттың астына талқылауға болады
a63a1
Мыалы мен мына жерден еш ұйқас таппай отырм,
Ақталып ақ арманы Керектердің,
Қашан көрсең флудтауға дайын тегі.
Қаумалаған ағайын аманбысың,
Салем саған Әбіләкім ауылдың дүлдүлі
Көркем тек сен ғана емес біразымызда бар бұл. Сенікін мысал ретінде алдым көңілжықпастығыңдысс…
a63a1
«Керектердің мен дайын тегі» ұйқасар еді егер төртінші жолға жақсы бір ұйқас тапқанда
Abilakim
Әнімен айтқанда ұйқасады,қиылып-қиылып айтқанда ұйқасына емес өзіне қарап қаппын ғой