Титан
Қазір кейбір ауылдарда жағдай қаладағыдай екені мәлім. Суық су мен ыстық суы кранна ағып тұрған ауылдар бар. Бірақ кей қалаларда ыстық судың қыс мезгілінде ғана болып, жылуды ағытар кезде қоса ағытылатыны және бар. Қарағандының бір шетінде жатқан Майқұдықтың кей жерлерінде жағдай солай.Менің үйімде сондай үйлердің қатарынан. Бірақ, бұл жағдайдың да шешімі бар. Ел арасында «Титан» атанып кеткен су ысытқыш құрылғылардың түр-түрін қажетіңізге қарай таңдай аласыз қазіргі уақытта.
«Термекс»,«Гарантерм», «Аристон» деп кете береді.Мен осылардың ішіндегі ортаңғысын сатып алғанмын. Орналастырған кісі титаның судан үзілмесін дегенді айтты.Тағы бір білгіштер «күздің аяғында ыстық су берілген кезде титаныңда су қалмасын» деп кеңес берді. Менің миым ондай кезде титанды тоқ көзінен ажыратып тастау керек екеніне ғана жетіп тұр.Дегенмен, судың қаңситыны белгілі, бірақта бос тұрған бөшкелердің тез шіритіні және бар. Бұл жөнінде қандай кеңестер бере аласыздар?
Абай Асанкелді

11 пікір