Саннан сапаға



Блог Құрылтайда айтылған тақырыптардың бірі саннан сапаға өту. Қазір КерекИнфода адам саны да, пост саны да, пікір саны да, оқылу саны да әжептәуір бар. Google Analytics мәліметі бойынша күніне шамамен 4600 адам кіреді, орташа есеппен 12000 рет оқылады сайттағы жазбалар. Сайтқа келуші шамамен 00:04:34 уақыт сайтта қалады екен.

Бұдан кейін қолданушы санын да, сайттағы орташа уақытты да көбейту керек. Ол үшін сайт мазмұнына көңіл бөлсек деймін. Айтар ойын дұрыс жеткізе алмайтындар, нашар өлеңдер, бос әңгімелер көбейіп кетті. Ақпаратты жеткізу формасына дұрыс көңіл бөлмей жүргендер бар. Яғни, ұзақ жазбаларды жұрт «көбәріп» деп оқымай кетеді. Ал, соны егер дұрыс жолмен жарияласа, оқырман қиналмай оқитындай қылып шығарса оқылар еді.

Бұдан кейін сұрықсыз жазбаларды бірден жамандай жөнелмей, авторға қай жері қате екенін айта отырайық. Бір бірімізді үйретіп отырайық. Бұрынғыдай емес қазір негізі контент жағы біраз түзеліп қалды. Бірақ, әлде де жұмыс істеу керек.

Менің ұсыныстарым:

— Әуесқой өлеңдер жарияланбасын;
— Копипаст жазбалар көбеймесін;
— Қош келу, алғашқы жазбам сияқты бос жазбалар жазылмасын;
— Құттықтаулар мында емес, әлеуметтік желілерде жазылсын;
Бөлісу:

43 пікір

Abilakim
Келісемін,құттықтау туралы айтып келе жатқаныңызға да біраз болды ғой!
aza
Әдминнің өз қолында емес пе?! Көркемдік кеңес құрыңыз дағы, мақаланы сүзгіден өткізіңіздер, жақсысы жария болсын, жаманы иесіне қайтарылсын, қызыл сиямен қатесі түзетіліп. Әйтпесе, қай пенде өз жазғанын мынауым қате болды ау дейді…
asaubota
жоқ, мен тәрбиенің кішкене еркіндеу формасын ұнатамын. яғни, пікір ретінде бәріміз ашық айтып отырсақ «мына жерің нашар, мындай керек емес» деген сияқты.
aza
Жазбасының жағдайы жаман болса, жазғанның да өресі белгілі ғой. «Мынауың жаман екен, енді түзел» дегенге тоқтай қалатын қазақ көргенім жоқ, 25 ке шығам жақында, алла қаласа. Сосын, ол өзінікін қорғайды, жазбаның асты тағы да қиян кескі шайқас, боқ жағыс (Гаста) пен құсыққа толады.
sammita
Гастада нең бар. Оның сынау формасы сондай күшті.
aza
«Боқ жағыс» деген тіркестің авторлық патенті Гастада болған соң айттым… Ұрса жөнелмесеңізші, байыпқа бойламай жатып.
sammita
ее, онда Гаста© деу керек.
Әйтпесе типі Гаста өстеді деген сияқты мынау. Ұрысқаны несс.
Gastarbaiter
Мен күресте қолданатын тактиканы жақсы көрем.
Нәтижесі де жақсы. Әрі жұлқы, бері жұлқы, сосын көтеріп барып, жерге бір таста)))
Яғни, сұрақтармен түртпектеп аласың, сосын мақтаумен бастап, даттаумен аяқтайсың.
Тәсіл менікі емес, рахаттарыңа пайдаланыңдар
sammita
осыны айтсақ жаман атты боламыз. Өзім күшті пост жаза алмаған соң жазуды доғарғалы қашан)))
Бұрынғы тұрақты мықты қолданушыларды сағындым еһһһ…
asaubota
қазіргі жастар да белсенді, тек жеткізу формасы нашар болып жатыр
konvict
Өзім күшті пост жаза алмаған соң жазуды доғарғалы қашан)))
Иә, пікіршіге айналып кеттік соңғы кезі. Құсықтан көрі, жазбаған жақсы екен
TERISKEY
сені қойш, жазба жазбадан бұрын, қолыңнан кеттің
Aya
Бұдан кейін сұрықсыз жазбаларды бірден жамандай жөнелмей, авторға қай жері қате екенін айта отырайық. Бір бірімізді үйретіп отырайық
ия, мен де келісемін
Aizhantabyn
))) Әуесқой өлеңдер дегеннің бір ұшы маған тиді ғой, ағасы)))
Бәрімен келісемін. Әдемі, мазмұнды, пайдалы контенке қарай алғаааа)))
asaubota
сенің өлең жазғаныңды көрмеппін
Aizhantabyn
  ващееее)))))))))))))
sammita
бұ қыз қу ғой, өлеңді мәтін ғып жариялап жібереді
AsanQaigy
Бұдан кейін сұрықсыз жазбаларды бірден жамандай жөнелмей, авторға қай жері қате екенін айта отырайық.

Дұрыс, қолдаймын!!!
a63a1
еркін тақырыптар ше? мысалға көрген қызықтарды жариялау фото-мото дегендей?
asaubota
кез келген дүниені жариялауға болады ғой. тек соны әдемі жеткізе білу керек. мысалы Ютубта қаптаған бір видеоны әкеліп қоя салатындар көп. ең болмаса бір түсініктеме жазылмайды.
chimaq
satibaldi
Мәдені рыболюсіа кезіне ұһсап кеттік пе, асіра сілтеп, іхі-іхі, мен де баіһадіем-ау, баіһадем!!!
satibaldi
Лібә, меніңше
Бұдан кейін сұрықсыз жазбаларды бірден жамандай жөнелмей, авторға қай жері қате екенін айта отырайық.
деген жерің аздап резюме беруді қажет етеді. Кейде өлең немесе әңгіменің кей тұстары емес, толайым, система ретінде сұрықсыз, тартымсыз болады, не оқып-не қойғаныңды түсінбей қаласың. Бұл жерде мына жерін айтайын десең — ана жері одан да жаман, оның барлығын айтсаң — посттан да ұзын пікір боп шығады. Шынын айтқанда әрбір құсық үшін солай еңбектену жалкі. Меніңше, конструктивті сындармен қоса, «Бобруйскіге кет, хаыйуан!» деген сөздің де мағынасы бар. Просты қысқа көрінгесін жаза салд деп ойлайсыңдар.
zheniskaz
Дұрыс ұсыныстар екен.
Кезінде «моймир» мен магентті қолданатындар жазуларында ҚҒҰ деген сияқты әріптері жоқ болғансоң, өзіміздің қазақ тіліндегі қазақ әріптерімен жазылатын еркін блон жүйесі ашылды деп қуанған едім. Аршекеңнің осы мағынада айтқан сөзін құптап, керемет істдеп ойлағанмын. Бірақ соңғы кезіде расында бос сөздер мен бос пікірлер қаптап кетті. Еркін блог жүйесі болғаннан кейін еріктері бар шығар «нестеватр» — деген сияқты қазақ сөздерінің ауызектілмен жазылғаны ыңғайсыз сияқты. Бастағы ниет бойынша Таза қазақша жазуға тырысыпп, бұл еркін блог жүйесі қазақ тілінің мәртебесімен танылса деген ойым бар еді. Сол жағын қолға алынса қалай болар екен?
satibaldi
Сол жағын қолға алынса қалай болар екен?
Жоқ, бұл жолы шығармашылық танытып — аяққа алсақ???
Adiletshu
Қос аяғымды көтеріп қолдаймын
Aramza
Кетей жат!!! түге недит құдай-ау, адам тұрып жануар сөйлегенді көрмеппін
Gastarbaiter
Адамның еңбегіне және жазбасына, немесе ұсынған мәселе шешіміне, сынамаса бір жері ауыратын сыншыларға авторға кері байланыс берудің конструктивті нұсқасы мынау:

Қай жері жақсы /ұнады:
1)
2)
3)
Қай жерін бұдан да жақсы етуге болады.
1)
2)
3)
т.б

Комиктер мен негатившілерге:

Қай жері нашар:
1)
2)
3)
т.б
Қай жерін бұдан да құсық етуге болады.
1)
2)
т.б
Gastarbaiter
Кейде бір өлең құсық көрінеді, ал кейін ұнайды, немесе керісінше.
Сыншылар әр кезде әртүрлі көңіл күймен қабылдайтынын да ескерсек, жоғарыдағы үлгі ең алдымен сыншының өзіне қаншалықты көңілкүйінен тәуелсіздігін анықтауы үшін.
Nurshat
Асауботамен келісемін. сын айтылуы керек. Сонымен қатар түзету жасап кетсе керемет болар еді. кейбірі өзін керемет Белинский санап жүр.
zhanibek_nurish
кейбірі өзін керемет Белинский санап жүр
, атын атап айтсаңшы,
timurrr
Осындағылар негізі қызық. Аршатты кейде НӘН сияқты елестетіп кетемін. Айтпаса да белгілі нәрселерді именно НӘН айтса, барлығы қолпаштап, бірауыздан «Мәәә, бұрын неғып білмегенбіз? Дәл айтты, чкчкчк...» деп ауыздарын ашып, көздерін жұмад та жатады ғой, дәл сол сияқты. Әркім өзінен бастасын сапалы жазуды. Ал құсықтарды модератор онсыз да зынданға тастап жатыр ғой.
Gastarbaiter
Былай ғой, Аршаттың ресми билігі, мен авторитеті талассыз ғой сайтта. Кейбір жақсы идеяларды "әкімшілік арқылы итеруге болады.
Кей адамдардың ішінде бір фашист ұйқтап жатады өтірік мүләйімсіп, Рейхсфюрердің бұйрығын күтіп
asaubota
сурет қойған кезде ескеретін бір жәйт: суреттің орналасуы. оңға немесе солға қою үшін сурет көлемі кішірек және жанындағы орынды толтырып тұратын мәтін болуы керек. біреулер оңға, солға ұра береді. және пікірлерге сурет қойған кезде неге оң мен солды таңдайды түсінбеймін.
sammita
менде пікірге сурет қойылмайды. ешқашан. проблема неде?
satibaldi
проблема неде?
«KKK — Капитан Кассио Колхаун!»
sammita
сіз осы обед те ішпейсіз бе?
asaubota
егер мәселе тек сенде болса демек мәселе тек сенде. яғни, жұртта болып сенде болмаса өзіңнен көр. жүйені, браузерді жаңартып көр.
Gazizkizi
Айтқандарың жө, АДМИН!