Жаңалықтар - 28 наурыз 2012

Жарақатына байланысты Лондон Олимпиадасына бара алмайтын Серік Сапиевтің орнына құрамаға әнші Бейбіт Қорған шақырылды.

***

Қазақ эстрадасына өзбек ағайындардан үлкен қолдау! «3 клип түсіргенге 1 клип тегін» акциясы басталды.

***

«Сыр ақшамы» газетінің кешегі номерінен Блоггерлер Құрылтайы басталатынын оқыған бір топ қызылордалық блоггерлер қауымы Астанаға аттанды.

***

Рикки Мартиннің Қостанайдағы концерті еліміздің әнұранымен салтанатты түрде басталды.

***

Мәжіліс депутаты Марсель Көшімхан бұдан кейін Кувейт тауарларын алмау және KW домен зонасындағы сайттарға кірмеу туралы ұсыныс жасады.

***

Бауыржан Шоуда бірнеше жыл бойы сахнаға микрофон алып, шығып жүрген бір жігіттің де жеке күлкі театры ашылды.
Бөлісу:

18 пікір

araika
 Қызылордаға көп тиіседі екенсің
Rafaello
Қазалының қыздарымен кезінде көп ойнап-күліп қойғам десем
Abilakim
Бейбіт Қорғанға сенемін! Ана микрафон таситын жігітке де сәттілік!
asaubota
Өзбекстанда қазір клип түсірмейді деп жатыр ғой, өткенде кімнің интервьюінде еді «Абибас» сияқты сапасы белгілі боп қалады деген еді.
qisyq
Асқар Ұзабаевтың сұхбаты ғой.
kokbori
Жарақатына байланысты Лондон Олимпиадасына бара алмайтын Серік Сапиевтің орнына құрамаға әнші Бейбіт Қорған шақырылды
Басқаға тиіссең де мынаны айтпаш, онсызда Серікке келген қиянаттар мен сәтсіздіктер аз емес
chimaq
Қазақ эстрадасына өзбек ағайындардан үлкен қолдау! «3 клип түсіргенге 1 клип тегін» акциясы басталды.
Marco
Марсель ағамыздың тонуста жүргені қуантып отыр
bazuka
Жарақатына байланысты Лондон Олимпиадасына бара алмайтын Серік Сапиевтің орнына құрамаға әнші Бейбіт Қорған шақырылды.
дұрыс шешім
meirzhan
Бейбір Қорғанды әйелдер боксына жіберу керек.
kozildirik
Бауыржан Шоуда бірнеше жыл бойы сахнаға микрофон алып, шығып жүрген бір жігіттің де жеке күлкі театры ашылды.
 Қазір в натуре сондай болып кетті ғой
adius
Жеке күлкі театрларының жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді қаптап кеткенін «Базар жоқтағы» Қанат мықты сынаған кезінде… «автоматымен», сонда да азаяр емес
Abilakim
кезінде дегенде… бертінде ғой ол.Ол айтпай тұрып та қаптап кеткен.Просты күшті айтқанын мойындау керек
janarbek
Қазақ эстрадасына өзбек ағайындардан үлкен қолдау! «3 клип түсіргенге 1 клип тегін» акциясы басталды.


Бұл жаңалықты барлық газетке таратып жатырмыз!!
Nurshat
«3 клип түсіргенге 1 клип тегін» акциясы басталды. Мынауың тап-таза пиар секілді екен...