Керекинфода аламан айтыс басталды ағайын

Құрметті Керектіктер, бүгіннен бастап мынадай идеяны жүзеге асырғалы отырмын. Кешегі Абзал мен Әдемі әлемнің айтысынан кейін тасыма сарт ете қалған осы ой маза берер емес. Сондықтан Керектіктердің арасында қойтістердің тойыс айтыскердің басын қосып, айтыс ұйымдастырып отырмын. Аламан айтыстың шарты мен барысы мынадай:
1. Әуелі өзінің ақындығына, төрт жолдың басын құрай алатынына көз жеткізу
2. Қауымдастыққа тіркелу;
3. Өзімен айтысатын ақынды таңдау;
4. Қарсыласы өзге жынысты болуы тиіс (жыныс болғанда тек еркек пен қыз-келіншек);
5. Содан соң кімді таңдағанын айтып, және қандай айтыс екенін Көкбөріге ескертуі тиіс (бәдік айтыс, қайым айтыс, сүре айтыс);
6. Блогта кім мен кімнің айтысы болатыны, қандай түрде екендігі жазылған соң, астындағы пікір жазатын жерге шумақтарыңызды жаза беруге болады;
7. Айтыстың жазылған бөлігі пост түрінде жазылып, жалғаса береді. Кейін Тимур Бектұрдың ипавқа салатын әдісімен кітап болып шығуына мүмкіндік бар.
8. Пост болып шыққан соң көрермендер яки тыңдармандар тойыс оқырмандар өз пікірін қалдырып, дауыс бере алады.
9. Дауысты көп жинаған ақын келесі кезеңге өтеді.
10.Жеңімпаз ақынға Көкбөрінің бірінші пенсиясынан бес мың бірлік. Тиісінше, айтысты жалғастыруға көп уақыт бар. Демек, қапы қалмаңыздар, құрметті айтыстігер айтыссүйер ағайын!

Пы.сы. Егер айтыс шартына қосатындарың болса, айтыңыздар, мұрын құлақ салып тыңдауға әзірміз.

Ескерту: Бұл идея заңмен қорғалған. Көшіргісі келгендер авторлық құқықты сақтай отырып, автордан рұқсат алуы тиіс. Тиісінше осында жіберілген идеялар авторға қайтарылмайды, редакция меншігінде болып табылады.
Бөлісу:

100 пікір

ademi_alem
Белгілі бір тақырып бола ма?
kokbori
Жоқ, патша көңілдерің білсін
satibaldi
Ескерту: Бұл идея заңмен қорғалған. Көшіргісі келгендер авторлық құқықты сақтай отырып, автордан рұқсат алуы тиіс.
Лібә, осы саған дейін де ұйымдастырып жүрдік пе дейм айтысты…
kokbori
Мынадай шарттармен бе?
ademi_alem
Көкбөрі, сіз де айтысыңыз. Сатыбалды аға да төрт жолдың басын құрай алатынға ұқсайды.
satibaldi
Қойнақ, қаңғып кетермін.
ademi_alem
))))) сізге жасқану жараспайды!
FaraOn1
қаңғып кет, поэзиядан бәрін прозаға қуып жүрген сен емес пең)))
AKY
соны айтам да, америка ашқышын… жастар атаққа құмар…
Gazizkizi
Сатыбалды, ау Сатыбалды! Айтысамыз баааааа?
satibaldi
Ойбай, сен ашамай төсіңді бір жылт еткізіп, сандарыңды бір жарқ еткізсең аузыма құм құйылып қалады ғой, одан не айтыс болад сосын?
salta
Әйгеріммен айтысу үшін САтыбалды мырза кем дегенде 1-2 жыл дайындалуыңыз керек. менің группаласым сізбен ауыз да шаймайды ғой. Ықылас Ожайды жер сипатып жүрген қыз ғой бұл
satibaldi
Ожайға қай жерді сипатқанын білмейм, маған балтырын сипатса да ұтайын деп тұр.
salta
 ойбаааай, мынаны Ықылас естімесін… текке күйіп кетті ғой ол бала…
satibaldi
Ол айтыстың тарихнамасын айта отырсайш, қайда өтті, Ықылас деген кім, мынау ашамай төс керім оны қалай жеңді дегендей?
qisyq
Мынадай айтыстар болып еді кезінде. О да бір дәурен екен…
satibaldi
Олар енді эль классико ғой.
Korkem
Ойлануға сүт пісірім уақыт па?)))
kokbori
Көп уақыт алмаса болғаны. Бір жұпқа бір күн
satibaldi
Бір жұпқа бір күн
Жұптары жарасып, кетіп қалу қаупі жоқ па?
kokbori
Бір түн
satibaldi
ademi_alem Зайытов құсап, арқаңнан пышақ тығып кететін сияқты болып тұр.
kokbori
Сені Жүрсін Ерман бола ма деп ем, қаралай қорқып отсың ғой
satibaldi
Жоқ, Ерман сен боласың. Әлгі, бөлтірік тәрбиелеуден тәжірибең бар ғой, зынданда жатса да.
kokbori
Енесс, жанды жерден ұрасың нақ
ademi_alem
ондай әдетім жоқ. ))
qisyq
Жоқ-бардан жыртық өлең құрамаппыз,
Құрамаппыз, алайда тұралаппыз…
One sheep, оттау өлең айтып кеттік,
Салиқасыз, қасиетсіз, ұлағатсыз… деген екем кезінде. Сол айтпағымнан қайтпан.
kokbori
Ой, айналайындар мыналарың группавой ғой, біздікі жекпе жек айтыс. Көп сөзді қойып, айтысқа кріңіздер, жұпты тауып
satibaldi
Айтысып болғаннан джентльмен ретінде жұбыңа үйлену міндетті ме?
kokbori
Өз шаруаң, ал айтыс біткенге дейін жолауға болмайды, шабыстан жаңылдырасың
Gazizkizi
Бойдақсың ғой, бірақ мен әттең бойдақ емеспін!
Gulistan
Көкбөрі, осыған дейін де осы айтыс идеясы көтеріліп, басылып қалып еді. Қолыңнан келсе, жандандырып көр, іске сәт!!!
Біз тек бензин шашып, айтақтауға болмаса..
ademi_alem
Абзал мен Әдемі әлем айтысында Абзал аға жеңімпаз деп танылды. Енді онымен шығатын келесі жұп… (кім?)
kokbori
оны кім айтты?
ademi_alem
Мен айтып отырмын. Көпшілік қауым бұл пікіріммен келіседі, қолдайды деп ойлаймын. Енді жұп тауып, ары жалғастыруға себепші болу сіздің міндетіңіз.)))
kokbori
Сен емес, көпшілік дауыс беруі тиіс
ademi_alem
беріп қойды ғой.
kokbori
қалай?
ademi_alem
енді дауыс берілді ғой. дауыстың басым бөлігін Абзал аға алған сияқты. )))) сол себепті жеңімпаз деп табылды.
kokbori
Жоқ, ана постта айтылуы керек
ademi_alem
енді айта салыңыз. сіздің орныңызға мен айтып қойдым ғой. )))
araika
Жүрсіннің айтысынан айырмашылығы жоқ Тағы да ойлана түсейік…
kokbori
Ой, жаным ау, сен астындағы ескерту дегенді көріп ойланып отырмысың, ол әзіл емес пе? Одан да айтысқа дауыс берсей
araika
Жоқ, мен 3 және 4-пункттерге қатысты айтып отырмын. Алдын-ала дайындықты емес, суырыпсалмалықты көргіміз келеді.
4 пункттен де әлденені аңғаруға болады
Botik11
дайынмын) Арайканы таңдадым если што
kokbori
Жарайсың, бірақ Арайка келісе ме?
Botik11
Арайка, келісе гөршііі
Botik11
отказ алдым! өтінішті қайтып алдым, Көкбөрі!
kokbori
Басқа біреуді таңдасай
ademi_alem
отказ алдым! өтінішті қайтып алдым, Көкбөрі!

Айтысуға Арайды таңдасаңыз,
Қуана қолдап сізді, жол ашамыз.
Азаматтық атыңызға сын емес пе,
Мың емес, айналдырған бір-ақ қызды,
Айтысуға көндіре алмасаңыз!
kokbori
Соны айтам да, Әдемі әлем қарындас
Күш салсаңдар болмас еді алынбас.
Бір-ақ қызды иліктіре алмаған
Шалбар кидік деп жүреді, жарым бас(жарты бас)
ademi_alem
))))))Соны айтам! ))))
Сүрінбес тұяқ, болмас жақ та жаңылмас,
Дегенменен болмайды қамал алынбас.
Botik11, бағыңызды сынап көр,
сіз үшін бұл мүмкіндік жиі табылмас!
aikarakoz
не ғой… айтысқа оюы бар шапан кию міндетті ме?  домбыра тарта алмайтын ақынсымақтар қайтеді?
kokbori
Қыздарды жігіттер сүйемелдейді, ал жігіттерге ауын сабалап отырса да жетеді
ademi_alem
)))))))) мен де домбыра тарта алмаймын ғой, бірақ әйтіп-бүйтіп болатын сияқты тырысып бағуға. ))))
Gazizkizi
Домбыраны өлтіремін айтыста
kokbori
Күмбірлетіп жіберсей, және дауыс бер
«мемлекеттік маңызы бар іс»,
"өзің үшін маңызды, елің үшін маңызды" деп ұрандатып жіберейін
Gazizkizi
Абзал, Абзал деп қол соғып отырм
FaraOn1
тіркеу бөлімін ашу керек сияқты. сосын сонда тіркелгендерді бір-біріне саласың Жүрсін болып
kokbori
ОНы үйретіп жіберсең көрім болар еді
FaraOn1
айтысатындардың обши тізімін шығару керек. әйтпесе
дайынмын) Арайканы таңдадым если што
деген сияқты түсіністестіктер бопатыр гой дим. кім айтыса алады кім алмайды білмей жатырмыз. егер сіз бақлаушы болсаңыз, онда өзіңіздің және айтысатын жұптардың уақытын келісіп, тікелей эфирге шығару керек. ақындарға ответ қайтару үшін белгілікті бір уақыт беру керек, үлгермесе ұтылады…
kokbori
Былай ғой, маған айтыстың түрін, келіскен қарсыласын айтады. Сосын менарнайы пост жазып, соның астына пікір ретінде өлеңдерін жаза бастайды.
FaraOn1
а онда жөн екен. дегенмен ұзаққа созылып, оқырмады жалықтырмас үшін тікелей эфирде өткені дұрыс сияқты
kokbori
Тікелей эфир ғой, тек болғасын ғана пост болады, ана біріншісі секілді
kokbori
Егер айтысқыларыңыз келсе, мен айтысамын деп жазыңдарш деп өтінетін болдық қо, пенсиямнан емес, жеңген адамға бір мың единица, екіншісіне бес жүздік он бесінші сәуірде, қапы қалмаңдар. Көкбөрі айтқанын жұтпайды
Nurshat
Қуады екенсің, олардың өзі жазғанын (айтысқанын) қалай білесіңдер? мүмкін қасына Жүрсіннің жүйріктерінен бір екеуін жалдап алып жаздырар
ademi_alem
олардың өзі жазғанын (айтысқанын) қалай білесіңдер? )))))) шынымен орнына басқа біреу айтысуы да мүмкін деп ойлайсыз ба???
kokbori
Мелі, дұрыс жазса Шаханов пен Оразалинге де орын бар
Nurshat
Көкбөрі қалай тіркелуге болады?
kokbori
Қауымдастықтан Айтысайық жарандар дегенді тап, сосын разеткіге қолыңды тығасың болды. Сосын кіммен айтысқың келетінін маған айтсаң бітті. Қарсыласыңды келістір
Abilakim
обшым, мынамен айтысамын, Аалымен айтысамын деудің қажеті жоқ.Қызық керек болса тізілген адамдарды жұптастырып айтыстыр
kokbori
Нұршат пен Ая десек қалай болар екен, опытың бар ғой, ақыл бер, ермегияевіңдссс
Abilakim
Біздің ауылда Нұршат деген қыз бар мысалы, бұл жердегі Нұршат деген ер адам ба? Олай болатын болса айтыстыра бер
kokbori
Соны сенімен шығарам ба деп профайылын қарап едім еркек деп тұр, сосын Аяға қосақтап жібердім
dark_nazgul
дабай дабай. қызық болсын, айтысыңдаршы, айхай ахаулатып.
a63a1
Бұл айтыстар бастала алмай жүргелі 1 жылдай болды, сондықтан Керекинфода аламан айтыс аяқталды десе тақырып тың тақырыптар қатарына енерме еді
kokbori
a63a1
Aramza мынандай бір жақсы ақын бар еді, жалт етті де жоқ болды
kokbori
Әкесс, толғағы жеткен мәселені кесарьмен қараймынба деп едім, болмай жатыр ғой
a63a1
неғой енді бастап жіберсей кете бередіғой, ырғалып жырғалып жүргенде күз болады
a63a1
"Қан мен құм" деген шартты атауды қойда
kokbori
Енді екі ақын шығарсам сол жетеді
a63a1
шығара бер әкесс… жыныстарына да қарама, бет жыртыс боқ жағыс айтыс деп шарт жазып қой
a63a1
сонда ахундар еркін көсіліп, клавиатура тесіліп қан жоса айтыс сонда болад
a63a1
бізге Шоу керек
Abilakim
Бернард өліп қалған
kokbori
ай, қырағы көзім ай
a63a1
иманы саламат болсын шырақтың
Abilakim
жетісіне келе алмадың ғой,қырқына кел
a63a1
Құдай бұйыртса жылына барам ба деп отырм
kokbori
Тағы да айтысқысы келетіндер Әбіләкімнің әдісін пайдалануға рұқсат
Abilakim
осындағы жұрттың айтысқысы кеп кеткен кездерде сенен рұқсат сұрайтындығы жаныма батып отыр.Үнемі қосулы тұратын соткаңның нөмірін жазып қойсаңшы))