Ғаламтордағы таныстық

Жұмбақ қыз
Махаббат деп түндерде көз ілмеген,
Кейде оған қас болған жан-тәнімен.
Бір жұмбақ қыз желіден пайда болды,
Неге екенін Бір Құдайым өзі білген?..

Жүйрік екен өлеңге де, сөзге де,
Сұхбаттастық сауал тастап әр неге.
Жазады екен ойын да өте жылдам,
Пулеметтен оқ жауғандай дәл бейне.

Жаc болса да көрсеткен суретінде,
Махаббаттан дәм татыпты өте ерте.
Өзім емес, мені сүйген жар іздеймін,
Деп қойыпты қарындасым өз сөзінде.

Үлгеріпті ғашық болып талай жанға,
Ұқсамайды мына қызың басқаларға.
Тіптен жап-жас ағайына көзі түсіп,
Жыр жазыпты дес бермес ақындарға.

Ойлап едім сол ғой деп нақ сүйері,
Көрген кезде өлеңдерін тордан желі.
Бірақ кейін қарындас жұмбағы көп,
Басқаны да қимай жүрмін, сүйем деді.

Қарындасым өзі де бір қызық екен,
Өз қатарын менсінбейді құрдас деген.
Жастар емес сүйгендері өңкей егде,
Түсінбедім қарындастың о несі екен?..

Ойлайды екен білмес деп жас қадірін,
Сондықтан да таңдапты ол жасы кәрін.
Бірақ олар ай қарап та, жұлдыз санап,
Жүрмегендер боп шығыпты, айтса бәрін.

Бәрі де оның отбасылы-жанұялы,
Бірінде үш қыз, бірінде оның екі ұлы.
Бар екенін білгенде қарындастың,
Самаурындай қайнапты зығырданы.

Содан мүмкін менімен байланысқан?
Дос болсақ деп жазылды манитордан.
Жарайды деп жауапты басып қалып,
Бастап кеттік сұхбатты отырмастан.

Осылайша бастап алған таныстығым,
Жалғасуда одан сайын таппай тыным.
Әйтеуір ғашық болып сорлап қалмай,
Тұрғанымда қойсам ба бәрін мұның?

Бірақ несін қорқамын қарындастан,
Мұңдас болып жүрейік құдай қосқан.
Арасында хат жазысып, сыр бөліссек,
Еш сөкеттік бола қоймас онда тұраған?
* * *
Қорықпаймын өмірің де,өліміңнен,
Бірақ қорқам, бір азап қой сүю деген.
Сондықтан да шошыма қарындасым,
Жабыспайды тас кенеше біздің Тәкен.

Айта бергін сырыңды бүгіп қалмай,
Менде ағымнан жарылам, көкте Құдай!
Екеумізді сырлассыншы деп Жаратқан,
Таныстырып қойды бәлкім дәл осылай?
28.11.2011ж.
Тақпақтау туралы емес осы ғаламтордағы таныстық туралы ойларыңды ортаға сала жүріңдер.Адам аласы ішінде, небір жезтырнақтар да, басында жылы жылы сөйлейтін алтынсақадағы апамыз сияқтылар да бұл өмірде жеткілікті.
Бөлісу:

57 пікір

dauitov
Шыны керек,қауымдастыққа тіркелу үшін әл жинау керек боп тұр.Жазғанымды өзім әрең тауып алдым.Бұның жалғасы да бар.Бірақ ол әр адамның өзінен де жасыратын құпиясы болып қалуы керек сияқты.
kokbori
Ой, кешір, рейтингті жоғарылатып қойып едім, балалар жоламасын деп, сен бар екенсің ғой
kokbori
Тәке, cut дегенді баса салсай
dauitov
Баяғыда Алматыға келіп адаскан көрші апама бекер күліппін.Адастым десе оған біреу нөл екіге қоңырау шал депті.Бірақ ана кісі телефонда нөл екіні терудің орнына сыртында нөл екі деген жазуы бар автомат іздеп кеш батқанша жүріпті.Гуд дегенді қай жерден басам?
kokbori
жазатын жердің жоғарғы жағында қайшының суреті бар, әуелі бөлгің келетін жерге курсорды апарып қоясың да, әлгі қайшыны басасың, сонда cut деген жазу шығады қойған жеріңе. Содан соң жариялау дегенді бассаң, жаңағы жерден бөлініп қалады
Aizhantabyn
renjime, birak mynau ujas koi
kokbori
Aizhantabyn
күлкіңе қарағанда жоғарыдағы типо өлең жолдарына көңілің толып отыр ғой.
Қасым Олжас қайдааааасыыыың дегізетін «шедевр» екен…
kokbori
ол түгілі Сариннің өзі «Керуеннің» бұрышында темекі шегіп тұр деп естідім, ұзынқұлақтан
Aizhantabyn
Кеше Саринді сіңлім Гүлжанда көріп еді. Ол сонда жүр. Инфоң ескілеу екен.)))))
dauitov
Ақындар өлеңді жекешелеп алса да адамдар жазады.Сол ақындар өзі бірдеңе демегенде осы басқа адамдардың шамданатыны не? Оданда айттым ғой, интернеттегі таныстық қайткен күнде адамгершілік бейнесін сақтап қалады? Сол жағын талдасаңдар.
kokbori
Оданда айттым ғой, интернеттегі таныстық қайткен күнде адамгершілік бейнесін сақтап қалады?

Осы неге агенттегі таныстық деп зарлана береді, жай ғана биртуал түрде танысады да, сосын көрісіп, біліскеннен кейін үйленгені үйлене бермей ме? Виртуал танысып, интернет арқылы некеге отырыпты дегенді естімеппін. Агент деген жай танысу бұрышы. Алысты жақындатады. Бұрынғы кезде ата анасы көріп, қыз бен жігіт көрмеген деседі. Демек, агенттен артып тұрғаны шамалы емес пе?
dauitov
Ол дұрыс.Бірақ қазір адамнан амал артылған ба?! Агентте небір кушті сурет тұрады, тілді де берген.Сөйтіп ұрынатындар бар.Кеген, Талғар, Нарынқол жақтарда агентпен танысып, алғашқы кездесуде алып қашу жиілеп кеткен.Кейін, кім қалай танысатыны әркімнің өз тағдыры.Біздікі тек талпынып көру.Бәрін де өзгерту мүмкін емес болса өмір сүру де жалықтырып жібермей ма.
kokbori
Кеген, Талғар, Нарынқол жақтарда агентпен танысып, алғашқы кездесуде алып қашу жиілеп кеткен.
Ой, онда басқа салды көндіктің мәселесі ғой, алып қашатындар агенпен таныспаса да көшеден көріп алып кетер еді ғой, боқ сөз
satibaldi
Пулеметтен оқ жауғандай дәл бейне.
Азаматтық соғыс бітіп, Қысқы Сарайды алғанымызға 94 жыл болыпты, қазір кімнің есінде дейсің? «Град», «Игла» сияқты кешендерді жазсаң сәттілеу болар ма еді?
kokbori
жан жақтан кетті, лібә
satibaldi
Қорықпаймын өмірің де,өліміңнен,
Сенбейм. Жәй, пышақ көрсетіп, не қатты ауырып көрмеген адам болсаң керек.
asaubota
Ғаламторда өлеңдердің көбеюіне қарсымын
kokbori
Менің айтысыма ренжімейсің бе онда?
asaubota
жоқ, ондай айтыстардың талайын ұйымдастырғанмын. тіпті біреуінде сол кездегі танымал қыздардың бірі Салтанатты жеңгенмін де.
kokbori
Мә, онда қарсыласыңды таңдасай, ертең әбетте бастаңдар
asaubota
ол кезде жас едік. қазір ұйқаспен жыныстық қатынасқа түсіп, зина жасамайын. менсіз баса беріңдер. сәттілік!
kokbori
Раахмет дейм бе КВН шілер құсап
omarbirat
Абиді болмаса айтайын деп едім: ұйқас сөздердің бәрін басқа ақындар меншіктеп алып, саған соңғы бір-екі әріптен ғана қалдырып қойған ба?
dauitov
Сол жерлерін көзге шұқып тұрып көрсетсеңші.Келесіде маған да, басқаға да сабақ болатын.
omarbirat
Бірінші шумақтың өзінде:
-ен
-ен

-ен

деген сияқты ұйқастар көп екен да просто. Барлық шумақтарда дерлік, жолдар осылай аяқталады екен. Соған айтып жатқаным еді. Өлең жазуда бұл қалыпты нәрсе болса, айып етпегейсің. Ақындықтан хабары жоқ көргенсізбіз ғой
kokbori
Қазақтың тасының өрге домалағаны осы ғой, көргенсізінің өзі ақынға мықты сын айта алады
omarbirat
Ақындығын паш етіп, өлеңін сотымызға ұсынған екен, біз де жауабын білгіміз келген сұрақты қойдық
kokbori
біз де жауабын білгіміз келген сұрақты қойдық
онда Абай Амангелдіұлы деп жазбадың ба астына, алашайнасыңдсс
dauitov
Жуас түйе жүндегенге жақсы деп қалдың ба?Үш бауырсағың бірдей күле бастапы ғой.Поштамды жыртатын болдыңдар жетеді.
omarbirat
Үш бауырсақ Көкбөрінің
көргенсізінің өзі ақынға мықты сын айта алады
деп айтқанына қойылған еді. Саған күліп нем бар, әйтпесе.
satibaldi
Қарындасым өзі де бір қызық екен,
Өз қатарын менсінбейді құрдас деген.
Жастар емес сүйгендері өңкей егде,
Түсінбедім қарындастың о несі екен?..
Мына жерін қара сөзбен айтсаң да болады екен. Байқамай төрт жолға жазылып кеткен сөз деп ойлап қалдым.
Aya
kokbori
Aya сен кммен айтысатын болдың? Вотик бар, Әбіләкім бар, Мейіржан бар, Қисық бар қалағаныңды таңдай бер
Aya
))Мен айтыссам бұрнадағы қыз бен жігіт айтысының озық үлгісін көрсеткен Жамбыл мен Айкүмісті жолда қалдырамын ба деп қорқамын.
kokbori
Жамбыл мен Сүйінбайды жолда қалдырсаңда тезірек айтыс, ақындар дифицит
araika
Кешірерсіз, мен ұйқас көргенім жоқ. Бір-екі жолдарда кездескенімен, артын жуып-шайып кеткен.
madickisbig
Gastarbaiter
Дәруішөлген сайтында Дәу Қо*ақ деген лақап атты қолданушы боп еді, сол сен емеспе?
aza
шешесссс… Рейтинг көтеретін едім деп, сиген тышқандарыңда жаза беруге ялмайсыңдар ма?) «Көтімді ашып жеген бидайым құрысын» деген екен баяғыда бір кемпір, бүйтіп жалдаптықпен келген рейтингтің қандай құны бар… Бейшаралық дегеннен басқа сөз түспей тұр ойыма!
dauitov
Е,қазағым! Мұнда келіп жуынды төгесің.Басқа жерге барып артыңды жуып-шаясың.Екі жүзділіктеріңнен жүрегім айни бастады.Оданда бұтағым жеме деп бір-ақ айтпайсыңдар ма.
Содан соң,өте жаман,іріген сөз т.б.жағымсыз ойлар жазуда байқаңдар.Керекке көпшілік адам келеді.Құлақпен естіген бір бөлек те, көзбен көрген бір бөлек.Фотоаппаратқа тарқандай санаға жазылып қалады.Бұл сайт нағыз шындық өмірдің айнадағы кескіні іспеттес.Бірақ соны аздап болса да жасырып-жабуға, мүмкін болса түзеп көруге тырысайық.Әлгі ойын, сөзін, тіпті почеркісін түзеген адамның кәдімгідей өзгеретініндей.
aza
Көнеміз де, қайтеміз, көнбегенде… Солай енді, бұл жақтың дәбі. Келдіңіз бе, Керектің аурасына бейімделесіз, сынына шыдап бағасыз… Басқаша, жағдайда… қорықпасаңыз… «Тағы да келіп тұрыңыз»
sammita
«Тағы да келіп тұрыңыз»
«есікті сыртынан жап» дегенің бе
aza
Керектен шыққан кезде «Тағы да келіп тұрыңыз» деген жазу шығады ғой, соны айтқаным да.
dauitov
Азамат өзіңе тиіп еді кет кет деп шықтың ба? Мен сендейлердің ызасына әлі келем.Өліп қалмасақ.Ал Саммитаның ғаламторға шығып кеткеніне таң қалып отырмын.Саммита деген есімдер өткен жылы ғана пайда болып еді ғой? Жас болсаң да арадағы отқа бас үйтіп алсам деудің шебері-ақ екенсің.
satibaldi
Сен кітапхана өртене қалса, перғауын перғаменттері мен Фарабидің оригиналдарын таптап өтіп, өзіңнің кітаптарыңды алып шығатын шығарсың
aza
СААТ!!!
Лібббәәәәәд! Сен өлтіресің, мал әкеңңңңң)))) Рысбек пен Құрмет саған!
sammita
өлеңін мынау болса, өзің одан көп аса қоймапсың.
dark_nazgul
Аптырды оқыған жоқпын, шаптырғым да келіп тұрған жоқ. Кеттім!
Gastarbaiter
Тақпақтау туралы емес осы ғаламтордағы таныстық туралы ойларыңды ортаға сала жүріңдер

Нехило подстраховался Бір қой расходқа кетіп қалғаның жымитты да
Көңіліңе алма, өлең құсық. Құсық екенін өзің де басында сезіп тұрдың, әйтпесе, страховканы жазбас едің.
Ғаламтордағы таныстық туралы әңгіме өрбіту үшін өлең жазу міндет емес, әдемі публицисстік тәсіл ретінде қолданған болсаң, онда бір ғана шумақ өлең жетер еді, онда да қысқа, нұсқа әрі тиянақты.
Бәлкім сонда ғана, ұйқас кедейлігін Көкбөріден басқа ешкім сөз етпес еді.