Түркістанда 400 теңгелік 3D кинозал бар екен...

Екі бұрын Түркістанға барудың сәті түсті. Туысым кинотеатр ашылғанын, анау мынау емес 3D екенін айтып мақтанды. Бардық, бір билеттің бағасы 400 теңге. Алматылық маған, бұл баға тиындай көрінді.
Кинозал орналасқан ғимарат осы,
мархаббат, кірер есік осы...кірер есік осы,
Кірдік. Аң-таңмын. Менің абдырап тұрғанымды байқаған, билет сатушы алдыма кинозалда көрсетілетін фильмдер тізімі жинақталған буманы ұсынды,
ішінде 30 кино бар,ішінде 30 кино бар,
Және қабырғада мыналар ілулі тұр,
ілінгеніне екі аптадай болыпты,Туысымның айтуына қарағанда бұлардың ілініп тұрғанына екі аптадай болған.
Оған себеп, осы фильмның 3D әсері күшті, және балалардың жоғарғы сұранысына ие екен(мұны билет сатушы қыз айтты),
мен сұрақты жаудырдым,
-Неге билет бағасы арзан?
-Халық билет бағасы бұдан жоғары болса келмейді.
-Балаларға неше?
-Жеңілдік жоқ, мұның алдын ересектерге 500т, балаларға 400т қылғанбыз. Жұрт қымбатсынды. Арзандаттық.
-Фильмдерді қайдан алып қоясыздар?
-Фильмдердің барлығын Украинадан әкелінген. Бір пачка қылып.
-Мұның авторлық құқықты бұзу екенін білесіз бе? Фильмнің иесі болып табылатын кинокомпанияларға жарна төлейсіздер ме?
-Мен білмеймін, иесі мен емес. мен тек билет сатушымын.


міне, сұрауларға осындай жауаптар алынды (нақты сұрақ пен жауапты ғана беріп отырмын, негізгі әңгімелесу сипаты өтірік мақаусынып сұрау түрінде(осындай да түр болады екен ғой,) өткен болатын)
Кино көруге кірмедім. Тек залдың ішін бір көріп, шықтым. Зал деуге келмейді, пластиктен құрастырыла істелген бөлме ғана. Жайлы, жұмсақ креслолар(осы сөздің аудармасы қалай болады?) орналастырылыпты, 12-16 адам сияды.
креслолар
және проекционды құрылғы мен экран
экран осы,осыны ғана түсіріп үлгердім,
Сатушы қыздың сөзінен байқағаным, кинозал иесі ешқандай да жарна төлемейді, бар пайданы өз қалтасына салады. Оған себеп, билет бағасының арзандығы, кинолардың ешқандай да сеанссыз, келушілердің қалауына байланысты таңдалып қойыла берілуі.
Қиыны сол, авторлық құқықтың бұзылып жатқандығы.
«Онда тұрған не бар, қарапайым халық 3D blu-ray ойнатқыш пен 3D экраны бар теледидар сатып алуға шамасы келмейді, көзілдірік тағып үш өлшемді бейнені көріп, білсін, сезінсін, халық қөп қоныстанған Түркістанға кинотеатр керек» деп айтуы да мүмкін. Менің екінші бір ойым да осылай деп қылаң береді. Десе де, заңға қарсы әрекет жасалынып жатыр
Айтпақшы, видео бар еді, дәл қазір жылдамдық нашар, салуға мүмкін болмай отыр,(алдағы уақытта саламын)
Бөлісу:

33 пікір

punk
адасып қалған пы.сы алдағы уақытты салатын видеода бума ішіндегі барлық фильмдер бар,
kokbori
Ойландыратын мәселе керек екен. Шива аясын. «Біздің ауылға бір бассейн керек, ия» деген КВН шілер есіме түсіп кетіпті ғой
Пы.сы. cut керек
punk
ойландыратын мәселе, меніңше керек екен емес, көпе-көрнеу бұзылып жатқан авторлық құқық. cut-ты қазір түзеймін
FaraOn1
 басында 5Д туралы шығар деп күтіктеніп ем, ана дивандарды көріп 3Д екеніне сендім аман жоқ)))
punk
5D да келіп қалар деп ойладым,
aza
Ойбай ааааау, Керуенде аймаксқа 2500 төлеп кірдік қой, қайран Түркістаным ай…
punk
келіп, 30 ға жуық 3D дүниені халтура емес сапада көріп кет,
Janasil
Видео касета кезінде базар маңында осы секілді орындар болатын еді кино көрсететін. /Бәрін жасап жүрген өзбектер шығар./ Мекенін сәл анықтап жазып жіберш.
Dinara
базардан автовокзалға бара жатқан жолда, оң жақта бұрын «Дмитрий» гүлдүкені болатын, орнына осы бір кішігірім сауда орнын салып қойыпты.
«Еуразияның» алды, «Бақыттың» жаны.
Ол жерде тағы Зара, Манго, Бенеттон киімдерін сататын дүкен бар-мыс
Janasil
Білдім білдім, ол жерден талай гүл алған едік…
punk
бұрынғы орны жайлы анық білмедім, орталық базардың жанында, әйтеуір
punk
билет сатушы қыз қазақ емес еді, сол жердегі бір жігітпен басқа тілде сөйлесіп жатты, таза өзбекшеге келмейді, «түркістандық өзбек тілі» болса керек
patick
Бұл Жалғас Ертайдың ең сүйікті кинотеатры екенін біреу білсе, екеу білмес
aikarakoz
aza
Күле берет екессз
aikarakoz
күлген жақсы ғой… күлсең, жақсы. күлмесең, несі жақсы?!
aza
Жігіт көп күлсе атының соры деген…
aikarakoz
сіз сағыз шайнавотсыз ба?
aza
Қыз көп күлсе… Ят болқалып жүрмесін)))
e_zhalgas
 өзім шокта отырмын, жоқ шок менде
punk
сен түркістандық болсаң керек, қуана бер
satibaldi
18 000 теңгенің беларусь диванында 3D-мүмкіндіктер барын білгенде, екеуін алатын едім.
punk
kitaida ondirilgen belarus divani dep aitip kor,
omarbirat
Рафаэллоның кезекті шедебірі деп ойлап кіріп келсем
omarbirat
-Фильмдердің барлығын Украинадан әкелінген. Бір пачка қылып.
torrents.ua сайты болса керек
punk
ол да мүмкін, rutracker.org болса керек дегенді де қосып қоялық.
Anuarbek
Заңды кім тыңдап жатыр, балық басынан шіріген заманда, ешектің құйрығын жуып ақша тап, қолыңнан келсе…
Adiletshu
Шынында да осы сөзді сол кісі айтты ма
punk
jaksi makalalarin bolip jatsa magan ber, gonorar toleitin bir basilimga oz atimnan berein
zhanibek_nurish
«Титаниктің» 3D-ді қоя ма екен, көру керек еді