Құрылтайды бітірдік, ал - 2


Бәрінен бұрын осы құрылтайды ұйымдастырғандарға рахмет. Ерекше құрметімді қазақ интернетінде БЕК ҚАРАША деген атпен танымал Жәнібек ағама білдірем. Пойыздан түскен сәттен бастап қасымызда болып, былай да былай қыдыртып, еркеліктерімізді көтеріп, ағалық қылды, уопшым. Ағалық қылғаны соншалық, соңғы күні бүкіл Астананы өзі ерітіп жүріп аралатып, апар деген жерімізге апарып жүрді… Қыста келген Хан шатырға тағы бір соқтық. Тағы да рахмет

Құрылтайдың әңгімесі басталғалы бері бару-бармауым белгісіз болса да, ынтызарымыз ауып жүрген. Ақыры, не керек, бардық.

Мақсатым — қазақ блогосферасының атмосферасын сезіну. Блогшылармен жеке танысу. Блогтағы жазбаларды оқып алған әсер мен таныс адамыңның жазбаларын оқығандықтың біраз айырмашылығы бар ғой.

Баяғы Конвикт бар, Ақтаулық (12-мкр) Абылай бар, Абайдың Астанаға оқуға түсейін деп жүрген інісі Ернұр бар… тағы кім бар еді… шымкенттік Ербол бар… уопшым біршама адаммен көзбе-көз танысып, көзайым болдық.

Мыняқтағы өзім еркелеуді жақсы көретін әпкетайларымның жөні бір бөлек енд  Жансая, Айжан, онсыз да құдайдың құтты күні еркелеп жүрген Анар… тағы да 1-2 адамды қосып алам ба деп жүрм...

Қайсыбірін айтайын, жалпы блогшылар қауымымен танысып, бір шаңырақтың астында құрылтайды өткізіп келгеніме ризамын.

Алматыға қайтар жолда Айжан Кербездің әкесімен танысып, қазақ рулары туралы әңгіме айттық. Сосын тамақты ұрып алып, Жанның саясының айтақтауымен жеті түнге дейін хабар айтыстық. Келесі күні 5-те Алматыға жеттік. Әзірге көп суреттер қолда жоқ. Алдағы уақытта құрылтайға қатысты тағы да бірер жазба арнайтын болам.

Әзірге осы…

тұпнұсқа мына жерде

Бөлісу:

30 пікір

satibaldi
Жанның саясының айтақтауымен жеті түнге дейін хабар айтыстық.
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
Agatay
Көз қысып адамды құлататын ойын бар екен ғой, білетің бе едің?
satibaldi
Көзін қысты ма тіптен? Сен де жымидың… Сосын? Әрі қарай… Толығырақ… Толығырақ…
19852407
  Мафия ойнаған түрлерін айтып отырғаны шығар
satibaldi
Үндемеш, бәлкім мен ойлағандай шығар…
Aya
Мақсат-мұратыңызға жеткен сияқтысыз ғо
punk
уфф
емес,
satibaldi
Меніңше, осындай қысқа да мағынасыз тосттарың үшін сені банға жіберетін сияқтымын.
AKY
есшо әлдеқандай болып ақпараттың сапасы туралы әңгіме айта ма… очым мен қарсы емеспін. банға!
satibaldi
Көкірегім қарс айрылып тұрса да жібердім. KILYZAMAN екеуі бір кестеде жататын болды
AKY
ибай, Қилышал да банға кеткен ба не??
satibaldi
Иә. Құрылтайға игі тілектер айтып, қыздарды көзбен ішіп-жеп қанды ішпесін дедім
19852407
не жырқылдап отсың?!?
satibaldi
Бейбіт Қорған сабап жүрген қыз сен болмағасын.
Aya
Зіркілдей бергеннен күлген жақсы, қарағым
деп сол, өзіңіз үйрөткендей
satibaldi
Ааа, баяғы екі күндестің ұрысы ма? Қойдым.
19852407
күндес болсақ жақсы ғой, сенің шебер қолыңның арқасында қаңғыған оқтар тиіп кетіп
19852407
тез меңгеріп апсың, миың бар екен, маладес
Aya
миың бар екен, маладес
менің миымның бар жоғын түгендеп-бүтіндейтін сіз емес
madlen
Препатида отырғанда Ағатай деген анау жігіт деп көрсетті қыздар. Қайсыыыыы деп басымды созып, 5 минут іздеген шығарм… Бір қатарда отырған қиын екен
Aya
Жігіттердің ішіндегі ең красавчигі болыпты ғой құрылтайда. Қайсысы әддемі, сол Ағатай деп ойласаңыз, көруіңіз мүмкін еді
Rozatai
әні, әні, полосатый көйлегінің жеңі деп қатырмадық па сені
salta
мына құрылтайдан менің группаластарым да қалыспапты, ЖАРАЙЫҢДАР!!! бір суреттен Амангелді Құрметті, мына суреттен Жәнібек Амангелдіұлын көріп тұрмын. әкесі мен баласы боп жүрген екен ғой  сағындым сендерді
Zilola
Суретте агатайды iздеп отырсам, балашка го мынау
Ути пути
Aizhantabyn
ооооой, мен сені қайда көрдім деп ойланып жүрсем))) өзіміздің ағатай екенсің ғой)))))))))) Құдайым ай))))))
ademi_alem
Agatay )))) Сіз де келіпсіз ғой. Күштііі