Дүбәрә дуаналар,,,

Осыдан 15 минөт алдын инет кафе іздеп келе жатып, бір топ дуана-сығанды көзім шалды. Қолдарында шулаған шұбырындылары, әйтеуір бірдеме деп дабырласып жатыр. Соған қарағанда бүгінгі күннің жоспарын тізіп жатыр шамасы. Маңынан өтіп жатқан астаналықтар үреймен қарайды оларға. «Да погодаю» дей қалса, не боларын өздеріңіз шамалап көріңіздер.
Астананы қайдам, біздің ауылда бұлардың отары қоныстанған. Таңертең жұртпен таласа жұмысқа шығады сыған немелер.Мәшинеңе мініп алып, жол ақысын төлегісі келмейді. Әйтеуір алғанды біледі, мүләйімсіп./Жемқорлар осылардың туысы ма деп қаласың кейде/ Өткенде бір кемпір, осылардың вожатыйы білем, тақпақтап қайыр сұрауды шығарды, бірер күн өтер-өтпес музыкасын қосты, сонымен бір ән келді дүниеге. Қазір сол әнін күнде еститін болдық. Ал, үйлерін көрсең жан түршігеді. Лас, исі мүңкіп тұрады алыстан. Бірақ ішіп-жегендері тәп-тәуір. Кола, пепси, Дизи дегендер күнделікті сусындары. Мұның барлығын қалай тапты дейсіздер? Барлығы жайылған алақан мен тілдің құдіреті…
Ал, айына алар айлығы 25мыңнан аспайтын аңқау ағайындарымыз, оларға жанашырлық танытып, ақшасын аямайды. Кейбірі, тіпті бал аштырады, жол аштырады, айлығын көбейттіргісі келеді. Бос әурешілік, барлығы.
Негізі, қам көңілге қайрымдылық танытқан абзал іс. Алайда, қайырымдылыққа лайықсыздарға қол ұшын беру, мүлдем дұрыс емес. Шеттен келген келімсектерге көмек көрсеткенше, қолы қысқарып, бала шағасын баға алмай жүрген, баспанасынан айрылып, көрінген жерді паналап, кейде жолы болып арнайы көмек көрсету орталықтарын мекен етіп жүрген отандастарымызға қарасайық. Көше кезген сыған-дуаналарға берер 100 теңгені соларға берейік, нанын алып жесін, мүмкін болса, жұмыс та қарастырайық. Кең болсаң, кем болмайсың. Ол үшін арнайы бір ұйым құру қажет емес, құрылса жақсы бірақ. Әркім өз қолынан келгенін қылса, әйтеуір бір жыртығымыз жамалар.
Қазір инеттен шығам, қайтар жолда жаңағы дуаналарды көрем бе, көрмеймін бе, білмеймін, мүмкін олар жұмыстарына кірісіп кеткен шығар…
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
ай, әзірше өтпейді ау бұл тақырыптар.
kokbori
Нағыз көтриот десейш
salta
боқ туралы тақырыптан жақсы ғой…
Aya
сізге боқ туралы тема қатты әсер етіп кетсе керек. Боқты ауызыңыздан тастамадыңыз ғой))
«Дүбәра дуаналардың» мөлиген балалары сондай аянышты болып жүреді ғой. Біздің ҚазҰУ-дың жерасты жолының айналдырған мына басы мен ана басында екі баласы мен екі сыған әйел, бір домбыра тартатын ағай отырады қайыр сұрап.
Adiletshu
Ол амиголарды 1-нші курс кезімнен танимын
KILYZAMAN
Сығымдала, сығымдала(мүмкін кәззәптық шығар) сығандық болмысқа өз ұлтымызданда бетбұрғандар көбейіп кеткеніне көзжұмбайлық жасауымыз надандыққа жасаған қадамымыз…