Ұмытылған уәде. Сами Юсуф


Сілтеме: youtu.be/FKV2oeS4vw8

Ұмытылған уәде

Бүгін түнде әлем ұйықтар
Аштық берген уәделерімізді күттірмес
Біз бір жанды бөлісеміз
Біз бір жерді бөлісеміз
Бізде түсінісетін бір уақыт бар

Біз бір адам баласымыз
Иық тірескен ағайынды бауырлармыз
Бізде өкініш деген болмайды
Біз ұмытпаймыз

Біз бір адам баласымыз
Иық тірескен апалы-сіңілерміз
Бізде өкініш деген болмайды
Біз ұмытпаймыз

Әннің ағылшын тіліндегі мәтінін мына жерден оқи аласыз.
Сами Юсуфтың әндерін көптен бері тыңдамаған едім. Кеше ютубтан ескі клиптерін қарап отырып мына бір жаңа клипін көріп қалдым. Осы бір клипті түсіру үшін бірнеше елдерде түсірілім жасалынып, бірнеше студия жобаны жасау жұмысына қатысыпты. Сапалы дүние шығыпты.

Бөлісу:

1 пікір

Kipshakkyzy
Сами Юсуфтың әндері маған да ұнайды. Әсіресе «Ана», «Алла есімдері» әндері.