"Жүрегім менің"

Қайран менің жүрегім от жүрегім,
Аяздардан тоңбаған отты демім.
Тасқын тағдыр құлатып жатса дағы,
Шаттанамын қуанып көп күлемін.

Қайран менің жүрегім қара нардай,
Бір өзімдей өзгелер бағаламай.
Сезім сені күйелеп жүргенім жоқ,
Жазығым не жанымды жаралардай.

Соққан жүрек соғады тынбас әлі,
Сенім барда сейіліп мұң қашады.
Қаным барда бойымда жаным барда,
Көңілімнің шалқыған тынбас әні.

Аспан жерде түрленді жасылды-көк,
Ақша бұлт асқарға асылды кеп.
Сезім гүлін силады балаң көктем.
Асығасын кай жака ғашық жүрек.

Құлайсың құмартып сол бір жанға,
Асығасың шақырып қол бұлғар ма?
Тағдыр соқпақ ой қырын кезсем дағы,
Сезім саған жетелер жолымды алға.

Кетер көктем, өтер жаз жайма шуақ,
Жұлдыздан сыр бағар ем, айдан қуат.
Шөлде жүрек сағыныш сусынына,
Мөлдір-зәмзәм табылар қайдан қуат.

Қайран менің жүрегім ғұмырласым,
Ешбір жанға айтпаған сырымдасын.
Өлсем мейлі мәңгіге мен өлейін.
Өлмес сезім жүректің жыры қалсын.
Бөлісу:

5 пікір

shimaibek
Қайран менііің жүүүрегіім жас жүрегііім… деп басталатын МузАрттың әніне ұқсайды екен.
satibaldi
Бауырым-ау, бауырым!
Мүшелердегі тәуірім!
Жүрек, бүйрек тоқтап қап,
Енді саған шағам мұң!
araika
Тым жақсы почеркті мына жерде біреу кеп бұзып кетіпті:
Сезім гүлін силады балаң көктем.
Асығасын кай жакқа ғашық жүрек.
araika
Аспан жерде түрленді жасылды-көк,
Ақша бұлт асқарға асылды кеп.
Түсініксіздеу екен. Мағынасын автордың өзі ашпаса…
Маған әлгі романтиктерге жиі ескертілетін «Аспаннан түссеңші» деген сөздің сүрлеуімен аспанын қоса ала түскен адам көрініс беруде әрі асқар сөзі синоним болса керек.
a63a1
чота аяқтанушылар жыбырлай бастадығой, сірә блог құрылтайда спирттік ішімдіктер аз болғанығой ә?