"Алау" мұз айдыны BlogCamp-2012 қатысушыларын сырғанауға шақырады!


Астана қаласындағы "Алау" мұз айдыны наруыздың 21-25 аралығындағы «Жаппай сырғанау» акциясына BlogCamp-тің және Астанамыздың 30 қонағын тегін негізде қатысуға шақырады!

«Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «Алау» мұзайдыны сарайы» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорыны Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі қаулысына сәйкес құрылған.

«Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әлемдік деңгейдегі мұз сарайы. Бірегей сәулетінің және орналасқан жерінің арқасында «Алау» — Астанамыздың көз тартарлық жері және спорттық қақпасы болып табылады.

Сарайдың жүрегі – 8 000 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұратын мұзайдын.

Сарай мына спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған:
  • конки тебу спорты;
  • шорт-трек;
  • хоккей;
  • керлинг;
  • мәнерлеп сырғанау.
«Алау» МС ұжымының мақсаты — жетілген техникалық құрал-жабдықтар, бірегей сәулеттік жоба, қызметкерлер кәсібилілігінің үйлесімі негізінде жетекші дүниежүзілік тегіс мұзайдындардың санатына ену.


«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ — ӘЛЕМДІК МҰЗ АЙДЫНДАР РЕЙТИНГІНІҢ ТОП-20-ЛЫҒЫНА КІРЕДІ



«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДА БІРНЕШЕ РЕКОРДТАР ЖАСАЛҒАН



«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ — ЗАМАНАУИ СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР КЕШЕН



«АЛАУ» — АСТАНАЛЫҚТАРДЫҢ ӨЗ ДӘРЕЖЕСІНЕ ТЕҢ БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС ОРНЫ



Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Қабанбай батыр даңғылы, 47
Тел: +7 (7172) 706 744
Факс: +7 (7172) 706 743
e-mail: alau@alau.info
Бөлісу:

11 пікір

satibaldi
Барып келгендер әсерлеріңмен бөлісе отырыңдар.
shimaibek
Мұз айдыны ел игілігіне қызмет етіп жатқаны жақсы екен!
AL-ASTER
Күшті болды. Қалада далада сырғанау сезоны аяқталған ед, Алауда өте жақсы болды жаңа достармен сырғанау. Үлкен рахмет ұйымдастырушыларға!!!
satibaldi
Бір-екі фото салып жіберсейш енді.
punk
Астанаға жол түссе, міндетті түрде де барамын. Сырғанауға емес, тек
«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ — ӘЛЕМДІК МҰЗ АЙДЫНДАР РЕЙТИНГІНІҢ ТОП-20-ЛЫҒЫНА КІРЕДІ
деген ақпардың қүшін сезіну үшін,
19852407
ӘЛЕМДІК МҰЗ АЙДЫНДАР РЕЙТИНГІНІҢ ТОП-20-ЛЫҒЫНА КІРЕДІ

Тап осындай мұз айдыны Оралда да бар
meirzhan
Онда келесі блог-құрылтай Оралда өтетін болды. Себебі мұз айдыны блог-құрылтайдың ажырамас бөлігіне айналды.
19852407
Солай дейік, Оралда бір блоггер жоқ, кім ұйымдастырады?!?
АКУ мен Талғатты, т.б. бері қарай көшіріп жібермесеңіздер 2-3 ай бұрын
satibaldi
Солай дейік, Оралда бір блоггер жоқ, кім ұйымдастырады?!?
Кейде сені онсыз да қысқа көрпені тартқыламай, өзіңнің курткаңды жамылып ұйықтай салатын қасиетің үшін жақсы көріп кетем.
19852407
Ия, балды бал, уды у деп атымен атағанды жақсы көрем
punk
суретін сал, көрелік