Зерделі кино және қым-қиғаш қарапайымдылық

Артхаус. Соңғы айда мен көрген фильмдердің көбі дерлік, осы жанрдағы фильмдер. К.Нолланның «Бастамасын» қайта көріп шықтым. Одан кейін Д. Кроненбергтің «Қауіпті әдісі», бұл фильм жайлы алда кеңінен айтамын.
Үшіншісі, Ирандық режисер Асгар Фархадидің «Надер мен Симиннің ажырасуы». Айта кетерлігі, осы фильм ислам мемлекеттері арасында Оскарға қол жеткізген ең алғашқы туынды.

Соңғысы, корейлік режиссер Пак Чхан Уктің «Олдбой»-ы. Атақты Квентин Тарантиноның өзі «Он жылды бір ғана рет жасалатын үздіктердің үздігі» деп баға берген бұл туынды расында да ғажап. 15 жылға созылған үйқамақ, ұзаққа жоспарланып, алдын ала ойластырыла барып жүзеге асқан кек. Түсінгенім, «Басқа бәле-тілден» деген қазақ сөзінің корейлік нұсқасы.
Сонымен, Артхаус дегеніміз не? Тікелей аударсақ, «өнер үйі» дегенді білдіреді(мұны айту ұят енді,). Голливудтық оқиға желісінен ада, қып-қызыл ақша тұратын арнайы эффектілері жоқ, ойын-сауыққа құрылмаған, тек ауыр ойға арналған фильм.
Қазақ киносы ішінен «Келін»-ді айтар едім. Көрерменге жол тартпай тұрып, басы дауға қалған, сол арқылы танымалдылығы тіптен арта түскен бұл дүние де миды бір қозғап өтеді.

«Қауіпті әдіс»-психоанализдің шаңын қағамыз деп жанталасқан ғұламалардың қақтығысын көрсететін дүние. Юнг пен Фрейдтің тайталасы. Осы екі ғалымның сұлу да ақылды емделуші Шпильпрейнмен қарым-қатынасы. Алғаш тамашалағанда барлығын да сексуальдылықпен байланыстыратын Фрейдтің тұжырымдамаларын түсіну қиынға соқты. Содан кейін Фрейдтің еңбектерін қарап, психоанализдік біліммен шала қаруланып алып, қайта көрдім… Ұзын-сонар диалогтар, теорияны тәжірибеде дәлелдеуге тырысу, ғылыми тіл. Міне мұның барлығы осы фильмге тән. Түс жору да мұнда шет қалмайды. «Отбасын құрып, перзент сүю ғылым жолында жүрген адам үшін кедергінің бірі болып табылады, ой шашырап, мақсатқа жету жолында бұлтарыстар көбейеді» дегенді атап өтетін киноны сандырақ деп қабылдауға да тура келеді. Десе де ғалымдардың бұл жөнінде өз пікірлері бар. Ғылымиланған жорамалдар айтылады. Фильм соңында берілетін деректеме жазбаны оқып, жалғыздың шаңы шықпайтынын, әуел бастан ер мен әйелді бірге жүру үшін жаратқанын ұғынасыз. Шектен тыс, соқырсенімге құрылған әсіреұлтшылдықтың жеккөрініш туғызып, қауіпке апаруы мүмкін екенін ескерте кетеді. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген сөздің жандылығы да елес беріп өтеді.

Кино-тәрбие құралы. Айтар ойын түсіне алмасаң, ол да қиын. Артхаусқа берілер баға үлкен, бұл дегеніміз дәл қазіргі сан емес сапа алдыңғы орынға шығып тұрған дәуірде шынайылықты өзгеше ойлаумен жеткізу болмақ (қой ей, солай ма?). Интеллектуальды ұрпақ пен IQ-ін жоғарылатамын дегендердің айналып өтуіне келмейтін бір көпір іспеттес(жетеді, тоқтат,).">

пы.сы Тақырып мұның алдын «Жоғарғы кино туралы шатпақ» деп құрылған болатын. Төмендегі пікір иелерінің қайшылығына ұшырып, дәлірегі satibaldi , dark_nazgul , Marationok , тақырып өзгертілді. Қауымдастыққа салынды. Сәтсіз аударманы атап-атап көрсетіп, пікір білдергендерге көп рахмет. Жаңа тақырыппен қайта жариялап отырмын.
Бөлісу:

35 пікір

Serzha
олдбой жынды фильм. ол кекке арналған трилогияның бір фильмі екен. қалған екі фильмін көргендер бар ма?
punk
онда көру керек. Атақты, Багам аралдарына аттанып кеткен(сервері) бұрынғы торентс.ру-да толып жатыр,(ОЙ, БӘРІ БІЛЕТІН ЖАЙТТЫ ЖАЗЫППЫН, БҰЛ АНЫҚ ЕНДІ)
omarbirat
Мен көргенмін. Есімде қалғаны осы «Олдбой» екен
Қалған екеуі нашар деген сөзім деп түсініп жүрмеңдер.
satibaldi
Керемет жазба, тек «жоғарғы кино» деген сәтсіз аударма сияқты.
punk
десе де басқа дұрыс балама жоқ. Болса, ортаға тасталық…
satibaldi
десе де басқа дұрыс балама жоқ.
Сенімділігіңе тәнтімін. Сен, сосын мен білмесек, ол балама дүниеде жоқ деген сөз емес, нақтың.
punk
Дүниеде тақырыптар тек екіге бөлінеді: өзекті тақырып және ит-шошқа тақырып
иә, тақырыптарды бөлген кездегі сезініп өткен сеінмділік секілді, аударып отырған сәттегі шүбәсіздік
satibaldi
Ол енді адами қисыннан өзінен өзі шығатын тұжырым. «Адамдар екіге бөлінеді: аяғы барлар мен аяғы жоқтар».
punk
өңі айналып кеткен эволюциялық пікірлерді жинап, балама ұсыналық, осы дұрыс
shimaibek
Өз-өзіңізбен сөйлесіп жазу стиліңіз жақсы екен.
punk
мұны стиль деуге келмейді. сонда да рахмет. Маған Мағауин шығармаларынан қалып қойған. Ол кісіге анық кімнен қалғанын біле алмадым, (сөзді дұрыс қолданбадым-ау, иә)
Aya
Шынымды айтсам сіздің жазу стиліңізден Мағауин атаның стилін көріп тұрғам жоқ
satibaldi
Пышақсыз, эксимер-лазермен сойдың
punk
Өз-өзіңізбен сөйлесіп жазу стиліңіз жақсы екен.
осыған арналған жауап. жақша ішіне сөз қою. ал, көрмей тұрғанға келсек, ол жерде ешқандай да мағауиндік стиль жоқ, сондықтан да көрмей тұрсың.
Aya
мұны стиль деуге келмейді. сонда да рахмет. Маған Мағауин шығармаларынан қалып қойған.
деген мен емес шығармын, а?
punk
Өз-өзіңізбен сөйлесіп жазу стиліңіз жақсы екен.
әрине, сен емес, МЕН. тағы да сол түсіне алмаушылық.
Aya
Негізі ше, менің айтыватқаным мына сөйлем еді ғо:
Маған Мағауин шығармаларынан қалып қойған.
ДЕГЕН, көріп тұрсыз ба
punk
иә, әріптерін өзім тергенмін. бұл жерде стиль айтылмайды. тек сөйлем соңында аракідік жақша ішіне сөз қоюды Мағауиннің шығармаларынан оқып, көргенмін. мен осыны айтып отырмын, (не деген ұзақ жауап еді,)
Gastarbaiter
Бәрі дұрыс, стиль деуге келмейді деп айтқан жоқ па бірден.
Мат болған ештеңесін көрмедім.
zhanibek_nurish
иә, артхаус ойландырса, пікірлер шаршатты
Aya
қалып қойған дегеннің өзі стиль сияқты бірдеңке емес пе?!
punk
ол стиль сияқты бірдеңке емес, тек ойдың екі бөлінісін сипаттайтын әдіс ғана
punk
«Полночь в Париже», kormegen bolsan osi fil'mdi korudi usinamin, stil', adis-tasil, soz tusinu degenderdin arazhigin azhiratuga septigi tiedi. Вуди Алленnin kinosi
dark_nazgul
«Высший» кино деген мағынада ма? «Жоғарғы» киноң сәл жараспай тұр. Жоғарғы қабатта көрсетіп жатқан кино туралы айтып отырғандай.
Marationok
менің ойымша, орыс тілінің өзіңдеде высшое кино деген сөз тіркесі қате сияқты, типі жаргон ғой.
Marationok
Расымен сәтсіз аударма екен, бірақ жазбасы керемет, Тарантиноның кинолары қан төгіс болғанымен, оларды сүйсініп тұрып көремін.
punk
Тарантино расында да ерен режиссер,
zhanibek_nurish
Иә, керемет режиссер! «Билльді өлтіру» фильмі мен үшін үздіктердің үздігі,
Nodar
Олдбой жаман фильм