Жек көремін арақты деген бір өлең(сымақ)ты оқып көріңіздер.Өзім шығардым.

Жек көремін арақты,
Арақты!
Талай жанның
шаңырағын қиратты,
уықтарын таратты.
Бұл арақтың кесірінен
Талай жанның көзінен
жас емес, жас емес
қан ақты!
Атам қазақ спиртсіз-ақ
Ішкен қымыз, шалапты.
Имандылық болса егер бойыңда,
Таста сыра, шарапты!
Бабамызда мұндай сусын болмаған!
Береке әкелген жоқ ол маған, ол саған.
Арақ деген оңбаған!

Қалай екен? Бағаларыңыз және комменттер… Және  мен  қоюды ұмытпаңыздар.
Бөлісу:

16 пікір

Gastarbaiter
Қалай екен?
Темекі мен арақтың зиянын мың айтсаң да дұрыс сөз, бірақ тек дұрыс сөз ғана.
Салауатты өмір салтына баулудан ашық сабақта айтуға болады.
5-сынып оқушысы болсаң, тіпті «бес» деген баға алуың мүмкін.

Өлең ретінде құсық. Ал демотиватор ретінде тіптен құсық. Нәтижесіз әдіс.
Maddi
туууу, пікірлерің(із) тура жаман ше… хе хе хе
a63a1
Талай жанның
шаңырағын қиратты,
уықтарын таратты.
Бұл арақтың кесірінен
арақ атадан қалған ас емес дегендер уішівөлсін әкесс....
Maddi
қалай енді тырнақ алды туындым? ма?
a63a1
Енд сөз жоқ, херемет!
мына жерін түзеп көр Атам қазақ спиртсіз-ақ емес
«Атам қазақ стриптизсіз-ақ
Ішкен қымыз, шалапты. -десең өлең тіптен ойландыра түсірме еді.
Maddi
күшті екен мына сөзіңіз!
asaubota
өлең нашар. арзан ұйқас және сөздер қосылған.
qisyq
Жақсы көремін арақты,
Арақты!
Талай жанның
жаралы жанын жұбатты,
көңілін уатты.
Бұл арақтың арқасында
Талай жанның көзінен
Шын жүректен шыққан
жас ақты!
Атам қазақ білген ғой қадірін —
Ішкен араққа жақын қымыз, шалапты.
Ақкөңіл болсаң дос сүйер
Әкел сыра, шарапты!
Бабамызда мұндай сусын болмаған!
Бірақ, келді ол маған, жетті ол саған.
Араққа мен тоймағам!
Zilola
Мырзам кайда? Мынадай олен жазылып жатканда 2 ньютоннан алып койганнын еш солекеттiгi жок
Kipshakkyzy
Жақсы екен деп мен де жұбата алмаймын сізді!
meirzhan
Күшті! Ең бастысы ниет оң!
Kipshakkyzy
Иә, иә бастысы ниет қой!
akykat
Әркімнің өз өлеңі іштен шыққан баласы сияқты.Ал өз балаңнан асқан бұл әлемде сүйкімді жан жоқ.