СҮРІНДІ ДЕП СЫЙПАМАЙДЫ БАСЫҢНАН...
Күрсінбеші…
«Ол қуанып, шаттанып күлсін!» деші.
Өткен күнге өкпе, нала, реніштің,
Жоқ екенін сезініп білсін деші.
Жыламашы…
Тағдырыңды талқылап, сынамашы.
Тар қапаста телмірген жүрек-көзбен,
Үмітіңнің жүзіне бір қарашы…
Налымашы…
«Жазмыштан озмыш жоқ» қой, бағынасың.
Түн артынан күн шығары рас болса,
Түбінде бұл күйден де арыласың…
Кінәлама…
Кім батпаған кінаға, күнәға да.
Сүрінді деп сыйпамайды басыңнан,
Біле білсең, тағдырдың сынағы алда!
Кектенбеші…
«Сол бір күндер келмеске кеткен!» деші.
Тағдырыңмен таласпа, өмір – жұмбақ,
Ашылмай келе жатқан бетпердесі!
Кешіре біл…
Ілесе біл өмірдің көшіне бұл.
Өтер уақыт… бір күрсініп аларсың,,
Өткен күндер түссе егер есіңе бір…
Зарина Долатай
Өтер уақыт… ап-ауыр күрсінерсің,
Өткен күндер түссе егер есіңе бір… десе қайтер еді, ә?! сөзіңді салмақты қылатын секілді, әрі дикцияға да ыңғайлы (көркемсөз оқытып қалған құрғырмыз ғой)