Ұйымдастыру мәселелері

Құрылтайшылар, сәлем!

«Блог құрылтай ұйымдастырушылары кім?» деген сұраққа жауабын барлығы да біледі ғой.

Білмегендерге айтып кетейін. Blogcamp ұйымдастырушылары қатысушылардың өздері.

деп бастап, негізгі 2 мәселеге тоқталып кетейін:

1-Назарбаев Университетінің қасында (екі аялдама)«Алау» деп аталатын мұз айдыны орналасқан.
Сол жердің әкімшілігімен тегін вход жайында келіссөздер жүргізіп жүрмін.
Блог құрылтайдан кейін, кешкі сағат 20.00-22.00 арасында сырғанайық десек, қанша адам барады?
Алдын-ала айтып кетеін. Олар бізге тек кіруді тегін жасай алады. (негізгі бағасы: 1500 тг)
Ал конькиді өздеріңіз алып келесіз, я болмаса, Алаудан на прокат аласыз. (1000 тг/екі сағатқа)

2-ші мәселе: хабарландыру. Асхана. Университетіміздегі асхана 23 наурыз күні істемейді екен.
Бірақ, құрылтайшылар үшін демалыс күнінде де тамақ әзірлеуге дайын. (келушілер өздері төлейді. )
Түскі ас (первый, второй, салат, шай, пирог): 700-1000,
Кешкі ас (второй, шай, компот): 400-700
170 адамға тамақ пісіретіндей продукт алып қойыңыз дедім.

Әзірге айтарым осы.
Керекинфодағы жаңалықтарды жиі тексеріп тұрыңыз.
Бөлісу:

39 пікір

patick
Айдынға бармайтындардың қатарындамын
Aldeken
дұрыс, Айдын деген есіммен, батыс жақта тек ұлдарды атайды.
e_zhalgas
бірінші және соңғы рет коңки тебемін деп, бүгілетін буындарымның көбі майып болып еді. маған керек емес

бірақ, тамақтан бас тартпаймын!
aikarakoz
кәңкій теппейтіндер, тойыс тебе алмайтындар не істейді сонда?
e_zhalgas
асханада тамақ ішіп отырады
talgatjez
Қазірден бастап үйрене беріңдер
asaubota
университеттің қасындағы аялдаманың қасында Есек ойнаймыз. сен ойнасаң бәріміз ойнаймыз.
aikarakoz
ойнамайм мен ондай ойын
asaubota
и күшті ойын ол. есек болып тұрғандардың үстіне жүүүүүүгіріп келіп секіріп мінеміз. сосын олар құлағанша үстінде отырамыз.
Aizhantabyn
уахахахахаха))) как представила Админконы)))))
19852407
e_zhalgas:
бірінші және соңғы рет коңки тебемін деп, бүгілетін буындарымның көбі майып болып еді. маған керек емес

Аюға намаз үйреткен таяқ, Жалғасқа коньки тебуді үйреткен Жаңылай!

Салауатты өмір салтын да, коньки тебуді де қолдаймын, бас тартпайм
eldar
1. Неге ұшып-қонып шынымен көп нәрселерді ұйымдастырып жүрген кісілерді еңғұрмаса белсенділер демеске? Өйткені құдай сақтасын бірдеңе болатын болса «КІМ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ?» деген сұрақ тұрады, сонда бәрі ала тонын алып қашады. Немесе, бұйыртып, құрылтай керемет өтсе «рахмет» айтатын адамдар керек. Мысалы, БаркемпЦА-ның екі ұйымдастырушысы бар: Мурся мен Инесса. Барлық маңызды сұрақтарды сол екеуі шешеді. Мүмкін #TEDxAlmaty сияқты бірталай адамның тізімін көрсетіңдер: тіркелуде мынау, үй сұрағы мынау, тамақ анау, техникалық сұрақтар мына кісіге дегендей.
Тіпті жай журналисттерге интервью беру үшін біреу керек, пресс релиз жасап пресс конференция ұйымдастыратын. Рахмет.
2. «Блог құрылтайдан кейін» деген қашан ол? тура күнін айтшы
talgatjez
1. Олар бар ғой, оларды біз үйлестірушілер деп айтамыз. www.blogcamp.kz/?page_id=152
2. Құрылтайдың бейресми ашылуы 22 наурыз, сағат 19.00
Ал ресми жағы 23 наурыз таңғы 9.00-19.00 дейін.
19.00 кешкі ас
20.00 коньки, я боулинг, тб.
eldar
Керемет! Байқамаппын, әлде кейін шықты ма?
talgatjez
Иә, кейін қостық.
rauka
Мен коньки тебе білмеймін, боулинг ойнайтын болсак онда жақсы болар еді
Gulistan
Білмесек, үйренеміз!
talgatjez
Менің өзімнің конькиім бар.
@huaysh-пен жарысамыз барып
asaubota
айтпақшы универ жердің түбінде. айналасында дым дүкен-мүкен жоқ. ішкі жағын білмедім. алдын ала керек жарақтарыңды, фотоаппарат батарейкаларын, темекілеріңді, гигиеналық құралдарыңды, дәрілеріңді ала шығыңдар. қаладан біраз алыстау обшым.
Aldeken
Админ дұрыс айтад, опшым, былай, де-юре Астанада, левый берегте, де-факто Астана мен аэропорттың ортасында, дачный массивте боламыз…
Rozatai
былтыр Алматыдағы коньки тебуге бара алмай қалып ем. Биыл барамын, тек конькиімді арқалап жүруге қиынсынып отырмын. Жалға алатын шығармын
kokbori
Тұқымы жайылғырдың универі зытымда ғой, басқа бағыттағы №10 маршрутқа мінеміз деп кері мініппіз. Содан Астананы ал кеп шарла, соңы бізді универдің қасымен әрі қарай аэропортқа апарды да тастады
rakisheva
Біз 2 адамбыз мұз айдынына баратын ))
konvict
Маған кәңки тебуді кім үйретеді?
TERISKEY
«Аюға намаз үйреткен таяқ»©
konvict
Аю секілді болсам бір сәрі. Таяқ сүйегімді уатар
ық ық
Zhanylai
дайындал!!!  көз алдыма елестете алмай отырғаным сенің коньки теуіп жүргеніңді
Zhanylai
Биылғы Қожанасыр конфикт болайын деп тұр ғой деймін....
Былтырғысына сол таяғың әсер етпеген, биыл дұрыстау таяқ әкелесің деген үміттемін
TERISKEY
Сұлтанаттың сұлуына өз сұлтанынан өзгенің айтқаны заң болмады, қайтеміз енді, Кәңвікттің шаңын сілкіп көрерміз, бұйыртса
Zhanylai
Сұлтанаттың сұлуына өз сұлтанынан өзгенің айтқаны заң болмады
хмм, қалай түсінетінімді білмей отырғаным…
Zilola
Kily atai auzyna tukirip ketken go )))
Zhanylai
хмм, коньки де боулинг те ұнайды… нестиииим??? Коньки тебуге баратын шығармын…
nurkanibek
Osi Astanada bir baurim bar dep ia take
Gulistan
Қыздар арасында мастер-класс болатын болды ма?
talgatjez
Сбежій жаңалық: «Алау» мұзайдынына тегін кіруге рұқсат берілді! (негізгі кіру бағасы: 1500 тг)
35 адам деп келістік.
Уақыты: 20.00-22.00
Ескерту: Конькиге бөлек 1000 тг. төлеу керек.
talgatjez
Сосын асханамен де келістік.
23 наурыз күні түскі мен кешкі аста 160 адам НУ асханасында тамақтанады деп айттым.
(түскі+кешкі ас: 1300 тг. шамасында екенін де ескертіп кетейін)