26 пікір

satibaldi
Итті халал соятын кешен бе?
KILYZAMAN
Ммм, Тузик. Таязсың…
patick
Итке соншама роскыш беруді қажеттілік деп санамаймын. Керісінше, құтырғандық және понтқа берілушілік. Иттің миллион жылдардан бері келе жатқан мақсаты — адамды тамақ үшін күзету. Сәйкесінше, адам аутсорсинг аясында иттің күзету қызметіне ақы ретінде өзінен қалған қалдық-жауындыны береді. Нотариалды түрде куәландырылған басқа ешқандай өзара келісім жоқ.
KILYZAMAN
:-), Иә соны айтсайшы. Иттің итақайына шейін жағдай жасалып жатқан елдерден қай жеріміз кем екен осы? Қарапайым комфорттың өзіне қолымызды жеткізе алмадық деп еңірегеннен гөрі қиялға от қойсақ, бірдеме-шірдеме жасап алуға болатын сияқтыма өзі :-)
patick
әдеттегідей ештеңе түсенбедім сөзіңнен, ата
KILYZAMAN
Сағыздың дәмі кеткені жайлы ғой әңгіме Қанша қарағай құлатып жатсақта ағзаға пайдалы, өзі табиғи сағызды шайнауға ерінеміз…
Abilakim
мынандай ит өзін адам, адамды ит санайтын шығар
KILYZAMAN
Итіне жағдай жасай алған адамның, өзіне қандай сый жасай алатыны жайында ой толғақ келмейме, Әбеке?
Abilakim
олардың иттің ит екенін ұмытып кеткендігі жайлы ғана ой келді.
KILYZAMAN
Өзін жарылқап болған соң, мүмкін жеті қазынасының біріне де мейірімін білдіргені шығар? ;-)
salta
еріккендер көп қой, иті мен мысығына байлықтарын мұраға тастап кетіп жүрген…
kokbori
Итіне байға шыққандарды да қосып қой
altinbekpin
Азаматтық некеде тұрып тігіліп жатқандары қаншама
salta
Лондон. 14 наурыз. ИНТЕРФАКС — Үндістанда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, елдің тұрғындарының жартысынан астамының үйінде дәретхана жоқ, бірақ көпшілік үйде телефон бар, деп хабарлады сәрсенбіде британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы.
Мәліметтерге қарағанда, 46,9% үйде дәретхана бар, 49,8% үйдің тұрғындары дәретке далаға шығады.
Қалғандары қоғамдық дәретханаларды пайдаланатындықтарын көрсетті.
Қарапайым гигиенаның жоқтығы дәстүр мен мәдениетке және халықтың білім деңгейінің төмен екендігіне байланысты, дейді зерттеу авторлары.
62% үйде телефон, 47% үйде телевизор бар екен.
Зерттеу барысында назарға 1,2 млрд үнділік азамат тұратын 247 млн үй ілікті.

Мынаның жанында ИТтің жағдайы күштііі екен…
bake
Үндістан халық білім деңгейі төмен десе де дегенмен. Бірақ ғарышты игеріп жатқан мемлекет. Формакологиясын алсақ, дәріханаға барған сайын made in India жазуымен дәрі сатып алуының ықтималдылығы жоғары. Әлем бойынша үндістанның программалаушылары алдыңғы қатарда. Үндістанның мәдиниеті ғана емес, ғылыми жетістікпен тұрмыстың контрастты
satibaldi
Ой шешесін ондай ғылымның, халықтың жартысы көшеге отыратын болса, жарып тамақ ішпесе — тышқаным бар ғылымға. Меніңше, ғылым керісінше — адамға қызмет ету керек екенін ұмытып кеткен сияқтысың. Советтермен бірге ғарышқа бірінші боп адам ұшырдың? Енді? Нәтиже? Есесіне, әйелдерге арнайы прокладка болатынын көргенің кеше ғана.
bake
"Ғылым -тек игі істерге қызмет етуі керек..." Жюль Верн.
Халыққа қызмет істеуі тиіс… Совет үкіметінде ғылымды, өнеркәсіпті саясат билеген, оны дәлелдеп жатудың қажеті аз. Керек кезде «керектілері» сібірден лагерьден табылып жатқаны 40-шы жылдары жеңіске өз үлесін қосқан ғалымдарының өмірбаянынан байқауға болады. Таза ғылымды алсақ -ғалымдардың еш жазығы жоқ. Саясат билейді барлығын. Не керек, қажеттілікті саясат анықтайды. Бұл сізгеде, бізгеде белгілі жайт. Мүмкін әйелдер төсеніші т.б. үндістанға жетпей жатқандарын саясаткерлеріне барып айтып келесін. Қажетсініпті…
satibaldi
Жалпытеориялық псевдоіліми шұбақ-шұбақ пікірталассыз әңгіме мынау: ғылым үшін ғылымның — шешесін!
Тарихты тәпсірлемей-ақ қой, көп оқығаныңды білдік енді, жарайд.
dauitov
Иттерге құрмет керек те шығар.Біз ол байқұстарды Ой, ит болдым, не сайтан азғырды дей сап жаманатты да қып жүрген жоқпыз ба? Ит деген атты қойған біз оларға.Содан соң үнділерді осындай жағдайда жүрсе де батыстын тап-таза боп жүрсе де рухани азғындаған елдерінен бақытты ма деп ойлаймын.Бір жазушы да бар еді ғой кең далада сындырғанға шіркін не жетсін дейтін.Бір үлкен кісі батыстың бір елінде болдым дейді.Бәрі бар, не шем, не жейім демейсің.Той да шыға қалды дейді.Бірақ бір жыныстылардың екендігін білгенде көңілім құлазып жаман боп қалдым дейді.
KILYZAMAN
Итті емес басқада құндылықтармыз-ды бағалай аламызба өзі?
dauitov
Ит те жеті қазынаның бірі емес пе.Кейін, ең қарапайымды, көзбен көргенді, бауырды құрметтемей тұрып Құдайға құлшылықтан қорқайын дедім.Бір данышпанның айтыпты дегені бар ғой:
Сүйе алмаған бауырды көзбен көрген,
Қайдан сүйсін Жаратқанды таса көзден?!
Басқа құндылықтарды да қарапайым, күнделікті, кезек күттірмейтін т.б.бастап түгендеуді үйренсек шіркін.
Gastarbaiter
Меніңше итке құрмет көрсеткендерді жазғыру әбестік. Ол ит адамға табыс әкеліп жүрген ит, немесе жалғыздығын бөлісіп жүрген сырлас досы болуы мүмкін.
Үйіңе көлік алғанша, неге африкадағы аш балаларға көмектеспейсің деуге де болады.
Бірақ сен машинаны менің салығыма алып жатқан жоқсың, сыраны менің пенсияма ішпейсің, сондықтан, әркім өз ақшасына ие болғаны дұрыс.
satibaldi
Қайтадан кетіп қалд