Менің территориям
Әдетте қыз бен жігіт жүре бастағаннан-ақ, жеке территорияға кіре бастайды. Жеке торритория дегеніміз — адамның өзін еркін сезінетін меншікті мекені. Қол сұғуға болмайтын құқығы. Бірақ кездесудің екінші күнінен-ақ бір-бірінің агенттерінің паролін алып, кіммен сөйлесіп, кіммен араласатынын тексергенді жақсы көреді. Достарының жақсы-жамандығын айрып беріп, ақылгөйсиді. Кафеге барады, бірақ 2-3 сағатта 5-6 рет телефон соғады, қалай қыдырып жатырсың, кіммен жүрсің, не ішіп жатырсың, қашан қайтасың деген нервыңа тиетін сұрақтар қояды. Ебайдоқ, егер жігіт болсаң, қызың сені басқа қызбен көріп қалады немесе жігіт қызын көріп қалады басқамен, сұрамайды «кім ол?» деп, сразу ернжіп қалады. Шынын айтып ақталып, ол кластасым, коллегам дегенді тыңдап, сендім десе де ішіндегі күдік жегідей жеп, бір ұрысып қалғанда соны қайта бастайды. Соткасын тексеріп, кім звондады, кімге звондады, кімнен хат келді, кімге хат жазды деп тағы да ми езіледі. Мынадай ашық киімді киме, боянба(қыздарға), темекіні таста, сыра ішкенді қой, достарыңмен саунаға барғанды азайт, уақыт өте келе әлгі жігіт түрлі сылтаулар айтып, мүлдем бармайтын болады. Саунаға барғанша менің төсегімде терле деп(оригиналыңдыссс) мықты сылтау табады қыздар. Үйленген кезде мүлдем атас!!! сенің шешең мен апаларың, абысындарымның бәрі мені көре алмайды, екеуімізді ажыратқысы келед деп бұтынан бұтқа, жерден көрге тығып, ақыр соңы үйінен алып кетеді. өз кезегінде жігіттер, тойда айтылған «Екі жаққа бірдей болыңдар» деген тілектің не туралы айтылғанын ұмытып кетіп, 1 жылда 1 рет қана төркініне жібереді, қайын жұртының той-томалағы не важно, мерекелік құттықтауларды тек смспен ғана жібере салады. Үйленіп, тұрмысқа шыққаннан кейін ол тек өзінің ғана отбасы екенін ұмытып кетіп, қит етсе шешесін, қит есе әпкесін шақырып, ортаға салып, барлық грязное бельеларын ақтаратындар да бар. Оларды сразу атып тастау керек сияқты, бәрібір мал болмайд. Жеке бас дегеніміз де жеке отбасы, сондықтан алып жүре алмайды екен, өзгенің көмегіне сүйенеді екен, басын алып тастасын, сонда ғана дау бітеді. Тұрмысқа шығу деген қазан-ошақ, жөргек пен жаялық, ана мен ене, бауыр мен ағайын емес, тек төсекте ғана бақытты болу деп есептейтіндерді ващееее хуякқа жіберген дұрыс. Әйтпесе, ақыр соңында саған емес, бүкіл үрім-бұтағыңа байға тиген жоқпын, шәй тамақтарын өздері жасай алады, қолы сынып қалмайды стиралкаға кірлерін сала салса, неге мен сенің табысыңа тамақ алуым керек, неге шешең пенсиясына балама ең болмаса пряник алып бермейді, неге мен целая араваны асырауым керек, менің жеке өмірім жоқ па деп қыртатындар көбейеді. Еркектер де алыс кетпейді. Диван мен кухняның ортасын жол қылып жүреді. шеге қаға алмайтын еркектер де жетеді. балаға қарау деген олар үшін қорлықтың қорлығы (бәрі емес), қатыны баланы өзгеден тауып келгендей. Демалыс күндерде семьямен емес, басқа жақта өткізгенді қалайды. тағысын тағы… Бәріне кінәлі ара-қатынастың алғашқы сатысында-ақ, жеке территорияға қол сұғудың кесірі. Әр адамның жеке территориясы болуы керек, ақылсыз болса онда өзін ғана кінәласын, егер линиядан артық шығып кетіп жатса, онда ілігіп тұрған қамшыны іске қосу керек...
Мен қорқыыып кеттім мынаны оқып
Екі жас үйленді, бір балалы болды. Ұрыс-керіс күн сайын көбейе бастады. Келіншек үйіне кетіп қалатынды шығарды. Енді бірін жамандап, бірін жақтаудан аманмын. Бірақ келіншектің негізсіз дау көтергенін өз көзіммен көрдім. Күйеуі әдейі ұрды ма, әлде екеуі жұлқынып ұрысқан кезде қолы байқамай тиіп кетті ма, әйеуір келіншек осыдан кейін ағасы мен інісін сол үшін разборкіге алып келді. Қорытындыны өздерің жасаңдар.
Жалпы бір-бірінің смстерін тексеріп тұру, артынан аңду сияқты қылықтарға бармау үшін бір-бірін үйленбестен бұрын алдын-ала жақсылап біліп алған дұрыс сияқты. Жай білісіп қана қоймай, өзара міндеттер мен шарттарды нотариуспен болмаса да, уәде беру арқылы келісіп алған да жақсы.
«Досының хатына рұқсатсыз қараған адам отқа қараған болады» (Әбу Дауд)
«Рұқсатсыз бір үйдің ішіне қараған адам харам істеген болады.» (Әбу Дауд, Тирмизи)
«Біреудің үйіне рұқсатсыз қараған адамның көзін шығарса орынды болады.» (Мүслим)
1. Анамның естелігінен. «Марқұм әкең тірісінде кеңпейілділігі мықты еді. Дос-жаран, тума-туыстың тек жақсысын асырып, жаманын жасыруға асығып тұратын. Кейде, көрінеу көзге ұрып тұрған олқылықтарын да елемейтін. Кейде, шайдың басында отырғанда, сенің ана туысың анадай, мына туысың мынадай, сен соны көзіңе ілмейсің, олар сені тек бас пайдасына пайдаланып жүр деп, әйел өсегімді бастасам, үндемей, шайын ішіп отыра беретін. Мен де „ох, күйеуіме сөзімді өткіздім ау“ деп көсіліп, көңілімдегі барлық ойымның бәрін айтып жеңілденіп алам. Содан бір уақытта „Ал, Тәке (анамның аты Тыныс), болдың ба?“ дейді де, арқамнан қағып, „қайтесің, менің тумамның жаманы жоқ қой“ деп бір-ақ қайыратын. Мен манадан бергі монологымның бәрі далаға кеткенін білсем де, іштегі шерімді бір босатқаннан кейін ол әңгімені қайта бастамайтынмын. Немесе, бір туысын жамандап отырсам, сол мезетте жиналып, мені қасына алып, сол туысының үйіне баратын. Үйінің қасына келгенде „Мен қазір амандасып, шай ішіп шығайын, сен машинада отыра бер, бәрібір олар саған ұнамайды ғой“ дейтін. Оған отыру қайда, жаңа ғана, ит-терісін басына қаптап отырған туыстардың үйіне кіруге мәжбүр болатынмын. Бір қызығы, өмірі бір туысына, „әй, мына келіндерің, сендер туралы жамандап жатыр немесе, сендер осылай етіп жүр екенсіңдер ау“ деп көрген жоқ. Менің де бетімді қайтармайды, айтатынымды тыңдап, керегін алады, қалғаны сол күйінде қалатын. Өз кезегінде, өзімнің төркінімдегі туыстарым да келіскені шамалылау адамдар еді, бірақ, солардың бір де бірі туралы ғайбат айтып көрген жоқ, қайта өзімнен бетер құрметтеп, орнымен сыйлап, олардың да жамандығын жасырып, ммүкіндіігнше қамқор болып жүрді. Соның арқасында өз жұртына да, қайын жұртына да беделі мықты болды.»
Пы.сы. Осы бір қарасаң қарапайым дүниелерді істеудің өзі қолымнан келе бермейді, мойындаймын. Бірақ, әйтеуір, тырмысатын, талпынатын, ұқсап бағатын биігім бар, оған да шүкір…
Негізі, біздің жақта бұл сөзді жақсы көрген адамға айтады, Салтаға ғашық екенімді білесің, содан түсінуге болар еді ғо, логикаңдыссс…
— Осы сен, алып бара жатқан әдемілігің де жоқ, байып кеткенің де шамалы, өмірі біреуге қарыз болып жүресің, бірақ, барлық қыз сенің артыңнан қалмайды, соның сыры неде?
— тілмен жұмыс істеу керек, бауырым, тілмен…
Енді ол не жыларын, не күлерін білмейтін көрінеді. Жарнамалық үзіліс:GPS-навигаторлар:қатының біреумен сорысып қоймасын!
Лібә, қай кино ед, ұмытып қалдым.
Отыз төрт жыл болыпты отасқандарына. папамның мінезі жаман, кейде итке бергісіз болып кетеді, тым қытымыр адам. Сонда, мамам ашуланғанда: «артымда қал!» деп "қарғайды" өзінше. Өйткені, папамды өз туыстарына сыйғызып отырған да мамам.
тіпті, біздің де қазір жарытып қарық қылып жүргеніміз шамалы, бейнетімізді әлі тартып келеді. Өз балаларын жеткізгені аздай, біздің балаларымызды сүйреп жүр енді.
түбі үйленем дейтін бойдақ жігіттер, қайынжұрт территориясынан мейлінше алыс орналасыңдар. төркіні жақынның төсегі жиналмайды дейді. қит етсе үйіне тайып тұратындарды білемін. алыстан сыйласыңдар, алыстан
«Адамды өлтіре аласың, бірақ жеңе алмайсың» — деп па еді Эрнест Хемингуэй?
Көздері көгерген келіншек автобуста бір кейуанамен бірге отырып қалыпты. Кейуана келіншекті әңгімеге тартып, — Қарағым ау, мұншалықтыдай болатындай не жағдай болды деп сұраса керек.
Келіншек:
— Ой апа, несін айтасыз. Күйеуіміз екеуміздің арамыздағы қарым қатынасымыз жұрт қызығатындай емес. Қалай ол ішіп келеді, солай мені төмпештей жөнеледі, әбден шаршадым — деп өз мұнын шағыпты.
Кейуана:
— Қарғам, сен мына гүлдердің тұнбасын дайындап, күйеуін ішіп келгенде, осымен аузыңды жайлап шая бер.
Келіншек:
— Апа бұл көмектеседі деген ойдасыз ба, сіз де қызық екенсіз!
Кейуана:
— Көмектеседі, сен апаңның бір ақылын іс жүзінде істеп көр, балам!
Біраз уақыттан соң жаңағы келіншек пен кейуана тағы да автобуста кездесіп қалыпты.
Келіншек:
— Апа, қалайсыз, сізге үлкен рахмет, қазір күйеуім екеуміз, құдайға шүкір, бір бірімізді сыйлап келе жатырмыз. Сол сіз айтқан тұнбаның қандай қасиеті бар?!
Кейуана:
— Балам ау, мұндай жағдайда АУЗЫҢДЫ ЖАУЫП, ҮНДЕМЕЙ отырған әрқашанда көмектеседі! — деген көрінеді.
Пысы: Аудару деген
збқиын жұмыс екен!Алынған жері
Ит тірлікті мейлі түсін, түсінбе,
Ит өледі арамзаның ішінде.
Ит адамдар оянады ұйқыдан,
Итаяғын көріп жатып түсінде.
Ит араз боп жұрдай болдық бірліктен,
Ит қорлықтан заманамыз дүрліккен.
Ит сілікпем шығып менің барады,
Ит байласа тұрғысыз бұл тірліктен.
Ит күніміз ақсап аяқ баса алмай,
Итке жем боп қалдық бүгін қаша алмай.
Ит жаманы Бөрібасар атанған,
Ит сырттаны үйшігінен аса алмай.
Итше тартып ар-ождан мен ұятты,
Ит жандының қан мен тері жиі ақты.
Ит өмірден адамдар да өтеді,
Ит пен мысық араздасқан сияқты.
Ит қорғамай аман қалсын қой қалай?
Ит-құс бүгін тірі өлікке тойғаны-ай.
Ит аласа болса бөрі бағы деп,
Итжығыс қып өмір өлім қойғаны-ай.
Иткөйлекті бала күнгі ойға алып,
Ит мінезден кетем кейде айналып.
Итке ұқсап тойған жерге тоғыз кеп,
Ит жеккенге кетпейікші айдалып.
Ит терісін басқа қапта қинаған,
Ит әуреден кей кездері қиналам.
Итке тастап мұжылмаған сүйекті,
Ит иесін халықпыз ғой сыйлаған.
Ит дәуірдің қарғыбауын сыпырып,
Ит тепкіден қалдық міне құтылып,
Ит қорыған жерге өш боп мазалап,
Ит иесін қабады екен құтырып.
Ит басына туа қалса бөрі күн,
Ит етінен жек көреді сені кім?
Ит ұлыса жаманға біз жоримыз,
Ит жақсысы көрсетпейді өлігін.
Ит бұралқы жаным ұлып тұрады,
Ит ызадан тәнім тынып құлады.
Иттің құлы итақайың жете алмас,
Ит өлген жер бақытыңның тұрағы.
Иті жақсы болсын десең балаңның,
Иті ірі жанында жүр адамның.
Ит пен бала боранды күн құтырып,
Иті қырын жүреді жаманның.
Ит құмайын түлкі күнге қосыңыз,
Ит ғұмырдан бір жақсылық тосыңыз.
Ит адамның досы болып қалғанмен,
Ит болмасын өмірдегі досыңыз.
Ит ізінен жатыр міне қан ағып,
Ит қапқандай жүрегімді жара ғып.
Ит өмірден ит адамдар өседі,
Ит қоғамнан күшік күні таланып.
Мерей Қартов
Сен дүниенің ән салып, би билеген бір түйір боғысың. © Ч.Паланик