КЕШІР



Адастым ба, білмеймін, алжастым ба,
Қуанышым мұң болып алмасты ма?
Қонса ұшпас бақыт іздер пенденің,
Өзі мәңгі тұрақтап қалмас мұнда…

Қуанамыз ие болсақ жақсы атқа,
Асығамыз тез жетуге мақсатқа.
Қол жеткеннің бәрін тастап кетеміз,
Ұзақ жылдар сарылумен тоссақ та.

Құштар болып, қол созамыз арманға,
Шын сенеміз көз бояушы алданға.
Есің кетіп, елеңдеп, ескермейміз,
Бәрі қалып қоярын бұл жалғанда.

Тәубесіне келе бастар пендең де,
Басына тек кайғы бұлты төнгенде.
Өмір сүріп ешқашан өлмейтіндей,
Өкінеміз болса да кеш, көмгенде…

Жауабы жоқ көп сұрақтан шаршадым,
Көз көрмеген тыныштықты аңсадым.
ӨЗГЕЛЕРДІҢ МІНІМЕН КҮРЕСЕМІН,
ӨЗ БОЙЫМДА ТОЛЫП ЖАТЫП ҚАНША МІН…

Мен де қызық, түсініксіз пендемін,
Кейде көкте, кей кездері жердемін.
Дей алмаймын «Көп қой менің көргенім»,
Дей алмаймын «Көп еліме бергенім».

Дей алмаймын «Өлең-менің ермегім»,
Өлеңменен жүректерді емдедім.
Жалғыз Алла – өмірдегі сенгенім,
Жалғыз өлең – артта қалар өрнегім.

Талай жандар теріс жолда сенделді,
Алар қайтып Құдай өзі бергенді.
Қиын сәтте түзу жолдан адассам,
Кешір Алла, кешіре гөр пендеңді…


Зарина Долатай
Бөлісу:

17 пікір

Marationok
Жақсы, жақсы, мәләдес! Рифмалатып тұрып жазылған.
ademi_alem
Рахмет!
Marationok
Шабытыңыз түнде келе ме? Әлде қалай?
ademi_alem
Бұл студент кезімде жазылған өлең. Ал жалпы менде шабыт әдетте таңға жуық келеді көбінесе. Төрттен кейін, бестерге қарай.
Marationok
еее, тез тез жазып жіберген ғой, деп ойлап қалдым.Ыстудент деген жақсы ғой.
ademi_alem
Тез тез жазып деңізші. )))) Бүгінгі өлең ешқай жерде орналастырылмайды. )
Marationok
Ешқай? Ешқай Аты не еді, анау, ексклусип па қалай (қалай жазылатынын білмеймін)
AKY
алғашқы шумақтың буын саны өзгеше болып кетіпті.
ademi_alem
ааа енді байқадым.  ((
dauitov
көш те,өлең де журе түзеледі.Біз қанша айтқанмен автордын өзі уақыт өткізіп барып қайта келіп өз өлеңін өқыса буынның да,ұйқастың да кемшілігін анық байқайды.Қаламың ұшталып, шығармашылық биігінен көрін! Бірақ тек ағыңнан ғана жарыла білу емес, көркемдік жағына да көңіл бөле білген дұрыс.Сыншылар мұндайға қарабайыр екен деп тыжырынады…
ademi_alem
Кеңесіңіз үшін рахмет! ))
kokbori
Адастым ба, білмеймін, алжастым ба,
Қуанышым мұң болып алмасты ма?
Көрінбей ме, сіздерге
көп боп кетті,
Өлеңдеткіш тіпті анау Albasty да
adayqyz
Маған ұнады. Кешірімді Құдайжан баршамызды кешірсін. Кешірімділігіне сенеміз, болмаса қарар бетіміз жоқ
Malikaidar
сіздің өлеңдеріңізді кітап істеп шығару керек кооооооооо