Суперкубок – «Ордабасыда», «Шахтер» қалды егіліп...


«Шахтер» қақпасы маңындағы қауіпті сәттердің бірі
(Суреттер kff.kz сайтынан алынды)

Күні кеше «Астана аренада» еліміздің қос майталман дружинасы – «Ордабасы» мен «Шахтер» суперкубокты сарапқа салды. Жыл сайынғы дәстүрлі бұл дүбірлі дода ел біріншілігінің шымылдығын ашушы футбол спектаклі екені әмбеге аян.

Шымкенттіктер сақадай сай еді. Оңтүстіктен командасының шын жанкүйерлері жолдың қашықтығына қарамастан, ат терлетіп жеткен. Көмірлі алқап та қарап қалмапты,

он бес шақты автобус салонына бекзат өнердің тамашалаушыларын тиеп, елорданы бетке алған.

Суперкубок үшін бәсекені тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та арнайы келіп еді. Ол туралы стадионға жиналған көпшілік қауым диктордың хабарлауынан білді. Матчтың белгіленген 19.00-ден он минут кешігіп басталғанын көбісі байқаған да жоқ.

Бірінші қырықбесминуттықта аса сақтықпен қимыл-қозғалуға иек артқан қос дружина аса көп қауіпті соққы жасай алмады. Тек екінші таймда ғана командалар допты шірене теуіп, оңтайлы сәттердің бірінде «Ордабасы» капитаны Қайрат Әшірбеков «Тангоны»* Мокин қорғаған қақпаға дәл дарытты.





Осылайша еліміздің оңтүстігінен келген дарабоздардың мерейі үстем болды. Суперкубокты жеңімпаз команданың капитаны, матчтың тағдырын шешкен жалғыз голдың иесі Қайратқа Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыстады. Салтанатты шара ұлан-асыр шат-шадыман шаттыққа ұласты.


_________________________________________________
*Танго – биылғы чемпионатта тебілетін допқа берілген ресми ат.
Бөлісу:

35 пікір

Kerekstavka
Шымкенттіктерді құттықтаймын! Былтырғы трофейіне жұп болды мына суперкубок. Барлық футбол фанаттарына қызықты чемпионат тілеймін.
Abilakim
Басы қатты болса, аяғы сәтті болады.«Шахтер» әлі айырады. ал, Нұреке, сізді бұл қуанышыңызбен құттықтаймын!
Ottegin
Мен «Шахтерге» сенемін © демекшісіз ғой
Erke
Нұрғиса женістерің құтты болсын,Әбіләкім у ішіп өл!!!
Abilakim
Өлген адам сөйлемейді©.
aza
Маған ойын соңында шымкенттіктердің футболкаларын алдын артына қаратып киіп алғандары қызық көрінді)))
Сосын, Нұрекең жеңімпаздармен суретке түскен соң, барып қарағандылықтарды да құттықтап, «ниче, келесіде жеңесіңдер» деп жатыр)))
Азамат қо, риза болдым!
Ал, Ашэрдың голы клева! Пас та керім!!!
Опшым, құтты болсын, жеңімпаздар!!!
Abilakim
Бір есептен «Ордабасының» жеңгені де дұрыс.Дені қазақтар ғой.
asaubota
шымкенттіктерді құттықтаймын! Еуропа лигасында да сәттілік!
bazuka
Нұреке қуанышыңызға ортақпын! Шымқалалықтар жеңістеріңізбен!
kozildirik
Осы біздің футболды қарағым келмейді… Стадионға құсық шелек алып бару керек қой. Футбол деген атағын масқаралап. Одан да үйде сыра алып ап, Испания чемпионатын қарап жатсаң көңілің де тоқ, жүйкең де орнында, сыраның да кәйпі бар)))))
asaubota
негізі ше Көзілдірік ахи, футбол барлық жерде бірдей. біздің телевизионщиктер түсіре алмайды, сондықтан ойын да нашар болып көрінеді. дәл КВН сияқты. ойынды стадионға барып қарау бір бөлек. мысалы Ақтөбенің Германия, Голландияда ойнаған ойындарын көрдік ТВден. Еуропа командаларынан айырмашылығы жоқ. ол жақтағылар әдемі қылып түсіруді біледі просто.
kozildirik
Баяғыда Семейдің Елімайына стадионға барып тұрып қарап, қар боран, жаңбырына қарамай жанкүйер болушы едік. Семейдің футболы еңске кеткен соң мен де қиын критик болып кеткен шығармын
Бірақ енді нашарды нашар деп мойындаған дұрыс қой
Nurgisa
Иә, «Елімай» нашар, мойындаймын
kozildirik
Қазір жоқ қой, қазір «Спартак». Кезінде үш дүркін чемпион.
Baisaldy
Семейге күтім керек
Baisaldy
Бәсе барлық гәп түсіру сапасында десиш
aikarakoz
не ғо… әлі мас бомағас па? әр жерге барып ішіп кетвац
kozildirik
осы екеуміз айтшылап жүріп біраз жерді сыраханаға айналдырып жіберетін сияқтымыз ғой))))
aikarakoz

далаға барвішейікші
kozildirik
адам сияқты қораның артында ия...
Ereke
«Ордабасы» жарайсыңдар!
sammita
кеше 10-ға таман сіңліме хабарлассам «футбол болып жатыр» дегені осы екен ғой. Астана-аренада істейтін еді.
asaubota
сіңлің өтірік айтқан. футбол тоғыздарда бітті
sammita
енді қандай футбол екенін анықтамадым ше, 8 мартыңмен
asaubota
солай шығар. футболдан кейін футболдатқан шығар жұмысшыларды.
saken
Саммитаның қолында қытай сағаты болар, Бейжің уақытымен жүретін
FaraOn1
«Шахтер» қақпасы маңындағы қауіпті сәттердің бірі
қауіпті сәт қақпадан гөрі ана ақтағының бұтының арасында туындап тұрғой
біздің Есіл-батырлардан да біраз мықтылар шығып ед сатып құртты бәрін)))
FaraOn1
Моментті ұстау біледі екенсіз құттықтаймыз!!!
Ramzik
Ашербеков Ордабасыдан доп тебу үйреніп Ақтөбеге келді.Ақтөбеден гол соғуды үйреніп қайта ордасына оралды. Шымкенттіктер қуаныш ортақ бәрімізге.
patick
Енді тақырыпқа орай прикол ұстайық, отқа бүрки отырайық, жамағат. Көңілсіз Жамбыл Көкеевке фотожаба:

asaubota
Paint курсына барып кел
patick
 қойш зайбал, қолдан келгені осы на
KazaXXX
Мен Ордабасы футболистерімен бірге болдым. Шынын айтқанда басында біраз қорықтық, бірақ Аллаға шүкір ұтып кеттік! Ең қызығы гол соққанда мен шахтердың жанкүйерлерінің арасында отырыппын, айғайлап жібердімде кейін үндемей тұрып кете бердім