Ең соңғы тұрағың...
Алаңсыз ойнаған жүгіріп,
Есте ме балалық кездерің?
Қас қағым сәтте-ақ ғайып боп,
Зуылдап өтерін сезбедің.
Жоқ онда жасанды қылық та,
Бұлақтай тұп тұнық көздерің.
Сыңғырлап күлгенің сүйкімді,
Балдан да тәтті еді сөздерің.
Бағалай білмедің бірақта,
Есейіп кетуді көздедің.
Оңаша қалғанда ойланып
«Ес біліп, ер жетсем тез» дедің.
Ол күн де қарсы алды алдыңнан,
Сен де оған жеткенше асықтың.
Біреудің мерейін асырып,
Біреудің көңілін жасыттың.
Балалық кетті алыс сағым боп,
Ол күндер сен үшін қашық тым.
Бозбала боп сен де бөлендің,
Күйіне ессіз бір ғашықтың.
Өмірде болды көп тосын сый,
Күлдің де шаттанып, жыладың.
Арманға асыға жүгіріп,
Бір кезде сүріндің, құладың.
Күрестің бар күшің жеткенше,
Қабыл ап өмірдің сынағын.
Алаңсыз жүргенде аңдамай,
Кірлеттің көңілдің бұлағын.
Бір күні өзің де әке боп,
Үлгілі ұл мен қыз өсірдің.
Қателік болса егер қинамай,
Көз жұмып бәрін де кешірдің.
Бұрылып артыңа қарасаң,
Ол күн де қалыпты алыста,
Ақсақал кейпіне еніпсің,
Өмірдей аламан жарыста.
Көз салып өткенге қарадың,
Тынығып бір сәтке жатпадың.
Балалық шағыңды сабылып,
Іздедің… бірақ та таппадың.
Бітер ме адамның арманы,
«Бала боп кетсем!» деп сұрадың.
Әттең-ай… ол кезде күтті тек,
Баратын ең соңғы тұрағың...
Зарина Долатай
Өтті күндер, айтайын несіне сын,
Келешегім тағы не бүлдіреді.
Күліп кеткен күндердің несібесін,
Жылап тұрып өтермін, кім біледі?
Өтті күндер, зымырап жыл-айларым,
Таңертең мен шығармын үйден күліп.
Ұмытып та кетіппіз Құдай барын,
Дүниеден биіктеп, билеп жүріп — деп өкінетін шығармыз.
Мынадай бомбастик өлеңмен әжім ерте түседі ғой, абысыным-ау.
Білмеймін мен оңбаймын ба, оңам ба?
Ахмет, Мағжан Міржақыппен бірге мен,
Атылғаным артық еді одан да…
Адамның құндылығы айтқанында емес, әлі айтпағанында
Қазіргі жағдайымызға, тәуелсіздігімізге тәубе айту керек.
Кезіндегі зиялыларды және сол уақытта идеалдандырма. Әр заманның өз жақсы, жаман жақтары болған. Мысалы, сен идеал деп отырған, зиялылар партияларға, ағымдарға бөлінген. Бастары бірікпеген. Бір-бірін сатып отырған. Қыли заман қысқасы. апдейт. қилызаман
«болғай!» — да будет" -деген экспрессиясы күштілеу мағынада
Ол тек менің ойым, қарындасым.