Сағат тағу модадан қалды ма?


Соңғы рет сағатты 2006 жылы тақтым-ау деймін. Неше түрлі сағаттарым болатын. Кейін не үшін сағат тақпай кеткенімді өзім де білмеймін. Бір жағынан ұялы телефондар шыққан соң, сағаттың қажеті болмай қалды-ау шамасы. Қасымдағы көрші қыздың екеуі де сағат тағады. Бірі аксессуар ретінде тақса, екіншісі жай мақсатсыз тағып жүргенін айтады. Қазір сағат тұрмақ алтын сақиналарымды таққым келмейтін болыпты. Күйкі дүниелерден азат болуды әлдеқашан бастаған сияқтымын. Қыздың көзі жылтырақта деуші еді, осы мен әлекей-шүлекей заттарға қызықпайды екем. Сіздерде қалай?
1. Сағатты әрдайым тағып жүремін
2. Тағамын, аксессуар ретінде
3. Тақпаймын, ұялы телефоным жетеді
4. Босқа ақша шашу
5. Егер біреу сыйласа тағамын, бірақ өзім сатып алмаймын
Бөлісу:

79 пікір

araika
Бұрындары сыйлықтың ең тәуірі осы сағаттар еді.

3-нұсқаны таңдадым. Бірақ сәндік үшін (браслет ретінде)ғана есіме түссе тағып тұрамын.
aikarakoz
Мен сағат таққанды жақсы көрем. Бірақ, сән үшін тағам… Сән дегенде… соңғы үлгідегі моданың артынан қуып кетпеймін…
Armanjan
6. Таққым-ақ келеді, бірақ ол үшін ремонттату керек.
Abilakim
соншама қымбат сағаттар тақпаппын.Туған күніңе біреу 2-3 мыңның сағатын алып береді.Тағып жүресің.Уақытты қарай салуға ұялы телефон шыққалы қажеттілігі қалмады.Жалпы сағат таққан кездерімде батарейкалары тез тоқтап қалатын.Айына бір батарейка ауыстырушы ем.
satibaldi
Ертеректе «Rollex» тақтым жарты жылдай. ТВ-ден теннис қарап отырып, бір «l»-мен жазылатынын көріп, әбден көңілім қалды, содан бері жоламаппын.
Armanjan
Ертеректе «Rollex» тақтым жарты жылдай.
қай жылдары сонда, тың игеру жылдары ма?
satibaldi
Шопағымды жемеш.
asaubota
сыболыш

Түркияда өздері алдын ала айтып сатады «падделкі Ролекс» деп. оның өзі қымбат
sammita
бұны сауалнама етіп жасауға болар еді ия.

Сағат тағам, ақшыл, бежевый, қоңыр түсті ұнайды. Ал жүзік, білезік дегенді мүлдем таға алмаймын.
Abilakim
ал сағат жүзікте орнналасса ше?
sammita
оқушы кезімде сондай сағат жүзігім болған, патшайым құсап тағып жүретінмін әжептәуір боп
просты кейде сағатпен киетін киімдер болады рубашка, пиджак. ал былайынша тұрақты емес.
Marationok
Өмірімде тақпадым сағатты, сыйлыққа да ешкім берген жоқ. Жалпы сағат дегенді, жоғарғы қоғамдарда, әлде бизнесте беделі бар адамның белгісі ретінде түсінемін.
salta
біреу маған алтын сағат сыйлап, ваннаға сағатымды ұмытып кетіп кіріп кеткенмін, содан сағат тақпайм…
Zhan
Сатекең сияқты көңілің қалыпты ғой сенің де
salta
негізі жаны жақын жандармыз ғой...
Gazizkizi
Сағат қазір керек емес, отовый тлипон бар ғой
satibaldi
Жынды әзілдеп қоям дейсің ғой
Gazizkizi
келіспей жатыр ма не, сол-ақ бар-жоғым
kokbori
3 нұсқасы
Zhan
О, адам жанына шырақ алып үңілуші, қалайсың? Киіз кітабың өзіңмен бірге ме?
kokbori
Жүріп жатырмыз ғой, Шиваның бұйрығымен, Сатыбалдының жарлығымен админнің панасында киізкітапты құшақтап жүріп жатқан жайымыз бар
saken
суреттегідей оранжывый сағатым болған. Сыныптастарым 13-ке толғанымда ма сыйлап еді.
Қаржылық мүмкіндігім жетіп тұрса қымбат сағат тағар едім. Арзанқол қытайдың сағатын таққым келмейді. Әзірге соткіге сеніп жүрмін.
Gastarbaiter
Сағатты уақыт санау құралы ретінде ғана тағу мәмбеттік негізі.
Мен үшін сағат еркектің материалды статусын білдіретін жалғыз сәндік аксесуары. Құлаққа сырға тағу, пирсинг гамасектік деп, ал печатка тағуды пежондық деп санаймын (өзім қарсы болмасам да).
Бұдан шығатын қорытынды, сағат алатын болсаңдар қалтаңыздың көтергенінше қымбатын, және сәндісін алыңдар.
Біреуден «көз» болып қалған сағаттардың жөні бөлек.
Спорттық киіммен спорттық сағат, классик киіммен классик сағат тағатынын былай да белгілі, ал сөйлейтін, кукарекулайтын, түшкіріп-ысқырып-осыратын сағаттарды тек грамотно понт лақтыруға ақшасы жетпейтін лохтар тағады.

Сапалы сәндік сағат алуға тиын жетпесе, сағатсыз жүрген жақсы.
Marationok
Ойыңыз жалпы менікімен сәйкес, бірақ сөйлейтін сағаттың жөні бөлек… ол менің ойым, соқыр адамдар да, адам.
Gastarbaiter
Сондай кукареку сағат таққандардың арасынан соқыр адамды көрмеппін әлі. А так келісем, «гейлер мен лесбилер де адам» ©
bazuka
сатып алып тағамын, қол сағаттарымен қоса қалта сағаттарында жақсы көремін, әкемнің қалта сағатын қалап алғам көзі тірісінде, қазір істемей тұр, бірақ естелік ретінде үнемі сумкамда жүреді.
Abilakim
бізден төменгі курста бір бала бартын.сол үнемі сол қолын курткасының(жалпы жеңі ұзын киімнің жеңінің) ішіне кіргізтіңкіреп жүреді, басында қолы кем бе деп ойлайтынмын.Саусағының ұштары ғана қылтиып жүргенін көргенде.корпуста норма жүреді.содан бір күні себебін сұрасам,«көшеде орыстар сағат сұрап қалама деп қорқамын...»дейді
e_zhalgas
сағатты сән үшін тағуға болады, уақыт қарау үшін ғана емес. нағыз ерлерге арналған сәндік аксессуар деп есептеймін. дегенмен, өзім тағып көрген емеспін. мүмкін, менің қолым жететіндерін тағуға лайық санамайтындығымнан болар. мен классик киінуді өзіме көбіне ар санағандықтан, сағатқа да ерекше қызығып көрмеппін. бірақ, қалың киімді шешім, жеңілдене бастағанда ең қажетті сәндік аксессуар
Gastarbaiter
мен классик киінуді өзіме көбіне ар санағандықтан
Шалбар киюді ар санайтын күн алыс емес десейш
e_zhalgas
иа, джинсы шалбарға жатпайды
Gastarbaiter
иа
Иа тавожемнениа
aza
Міндетті түрде тағамын! Әдемілік үшін емес, қажеттілік маған сағат тағу. Қымбат емес, но арзан да емес 3 сағатым бар ауыстырып тағатын. Қазір тек біреуіне үйреніп кеттім. Екі түрлі уақытты көрсетеді, Астана мен Ақтауды)))
Сағат тағыңдар, жігіттер!
asaubota
қазір соткы шыққалы сағат тақпайды ғой көп ешкім. «агашкалар» деген әлеуметтік топ өкілдері мысалы понт үшін тағады. сондай себептермен тақпаса былай сағат қазір керек емес сияқты ғой.
dark_nazgul
бесінші жауап нұсқасын таңдадым. таққым келеді, бірақ сатып алуға мойын жар бермейді. сосын, таққан соң, ку энд ку емес, адам сияқтысын таққың келеді, қалта көтермейді…
ер адамның қолында жақсы сағаты болғаны ұнайды.
sammita
иә, сағат уақыт қарау үшін ғана емес, ол қажетті аксессуар.
aza
Назгүл, жобамен айтып көріңізші, қаншаның сағатын тағуы керек ер адам?
dark_nazgul
ол жағын білмеймін , бірақ жақсы сағат көрініп тұрады
aza
Жалтардыңыз)))
Мен ойлап ем ғой: жобада жүрмін ба, әлде көштің соңында келе жатырмын ба, Наздың жауабынан осыны біліп алам ба деп))))
Gastarbaiter
Нақты қызықтырса былай деп ойлаймын.

Тіпті Q&Q -лер де бола береді, тек үстіңдегі киіміңнің бағасын қосқандағыдан қымбатырақ болуы керек/көрінуі керек. Сонда үйлеседі.
Яғни 2000 теңгелік сағат тақсаң, үстіңдегі бүкіл киіміңнің бағасы 2000-нан төмен болуы керек. Ал егер 20-30 мыңға киінген болсаң (сырт киіміңді есептемегенде) онда сағатың да сәйкесінше сол бағадан басталуы керек.
Gastarbaiter
АПД:
Шорты-майкамен жағалауда жүгіріп жүріп 10-12 мың долларлық сағат тағып жүрсең, білетіндер сенің яхтаңның түрін, бентлиіңді ойша әрі қарай суреттей береді.

Понтқа ақша үнемдеу моветон. Одан гөрі тіпті понт лақтырмағаның жақсы.
Үстіңдегі костюм жүз мың, сағатың 500 теңгелік «Xing Piao» болса, бәрі наққа кетеді.
Zhan
Осы жауаптарың үшін Сатекеңмен қосыла менде жақсы көретінімді айтып, тост көтерсем қарсы емессің бе?
Tarazkyzy
Өзім жақсы көрем сағат таққанды. 1-1,5 жылда сағат ауыстырып тұрам. Оның брендіне, қымбаттылығына қарамайды екенмін.Үйдегі сағатымның батарейі отырып қапты, соған қарамастан өткенде бір шараға тағып бардым. Соған қарағанда аксессуар ретінде ұнайды деп болжадым
omarbirat
Ешқашан таққан емеспін. Кісендеулі қолмен жүргендей болатын шығармын, тақсам.
Simona
 кеше ғaнa онлaйн 1 сaғaт сaтып aлдым. Ролекс болмaсa дa, сaпaлы болғaны жөн.
Әрбәй-жәрбейлi жылтырaқ сaғaттaрды жaқтырмaйм. Қaрaпaйым, тiптi сaндaры дa жaзылмaғaн минимaлды стильде болсa тiптен жaқсы.
Aizhantabyn
Ең алғашқы тәуір сағатым — ағамның сыйлыққа алып келген сағаты еді. Ол 9 сынып оқып жүрген кезім. Содан бері сағатқа әуеспін. Оң қолыма таққан ыңғайлы )))
Жалпы сағатты әдемі аксесуар ретінде де, пайдалы құрал ретінде де қарастырам))) Certina мен Swatch-тан сағаттарым бар. Swatch-тың түрі сүйкімді, күнделікті сағатым, ал Сертинаны парадно-выходной қып тағам)))

e_zhalgas
бірінші фотодағы сағат қыздарға ебедейсіз сияқты ма
satibaldi
Бәсе, сенсіз неғып десем бұл пост
Zhan
Негізі сенің көп заттарға деген талғамың жақсы. Жазған посттарыңнан, пікірлеріңнен байқалады.
Simona

мынa сaғaтты күтiп жүрмiн.
satibaldi
Сағаттан гөрі, уақыттың символы десейЧ?
Simona
Жоғa. Көзiмнiң мaйы тaусылғaншa осындaй сaғaт тaғaм. Менiң сөмкемде aдaм aдaсaды. Қaлтaфонды iздеп тaпқaншa бiрaз уaқыт кетедi.
Marationok
Бағасы қандай, мына сәннің?
Tarazkyzy
алдыңғы сағатым осыған ұқсас болған
dark_nazgul
сыйлыққа жақсы сағат алғым келеді.
Erkekyz
Біреулер жарастырып тағып алса қызығып кетемін, кейін алмасам деген ой кетеді. Бірақ, әу бастан мен де сырға/жүзік/білезіктерге құмар емеспін. Сол үшін алатын кезде айнып қаламын. Бірақ соңғы екі жылда ірі, үлкен сырғалар тағып үйрендім.
VKM
Сотка барда сағат қажетсіз маған)))
asaubota
біздің паханның бір қасиеті бар — денесінің магниті бар. қасық, шанышқыдан бастап үтікке дейін жабысып тұра береді. бұрын облыстық ТВге де, газетке де шықты. айтайын дегенім ол кісінің қолына сағат тұрмайды. алжып кетеді ана биоөрістің кесірінен. бала кезімізде сағат батареяларын паханға беріп қоятынбыз, қолына қысып біраз уақыт ұстап жүреді, сонда зарядталып қалады кәдімгідей. батарея алуға ақша жоқ кездер, қолға Электроника сағат таққан кездер болып еді.
Zhan
Ух ты, әлі сондай магниті бар ма папаңның? Или жас келген сайын биоөріс азая ма дегенім ғо. Жалпы, қызық екен.
asaubota
әлі бар. ондай магниті бар адамдар көп негізі.
sammita
газеттен көргем сондай суретті баяғыыда. Есіме түсіп отыр қазір.
Сағат алжып кетеді демекші, барлық сағат тоқтап қала беретін үйді көргем
Zhan
Өткенде осыған ұқсас бір әңгімені бастығым айтып еді, бір әйел бастықтары болыпты. Соның аурасы нашарлығы соншалық кабинетіндегі сағаттар тоқтап қалады екен. Осы әңгімені айтқан кезде онша сенбеп едім ағай үдетіп отыр деп. Оказывается рас сияқты.
sammita
болады аурасы нашар адамдар, әсерін де сезесің.
Tarazkyzy
Менің мамамда сағат тұрақтамайды. Алған бойда жоғалтады не сағат тоқтап қалады. Содан сағат алуды да, тағуды да қойған.
Aigolek
swatchтын сагатын тагып жургениме уш жылдай болды. катты уйренип кеттим. Кейде мактанып алам кол жуыватканда сагатына су киреди го дегендерге АРИГИНАЛ деп
satibaldi
Өмір осылай өтіватыр дейсің ғой.
Aigolek
аха токтамайт еще
Simona
Рольф Кремерге жететiн дизaйнер жоқ

www.rolf-cremer-shop.de/onlineshop.html





Gastarbaiter
Мынау енді көп ести бермейтін экзотика шығар Қазақстанның орта табына.
Simona
Бұл дизaйнердi әрбiр немiс те бiле бермейдi. Aсa қымбaт емес, сондa дa сaпaлы сaғaттaр. Бiлуiмше Aлмaнияның солтүстiгiнде шaғын ғaнa кәсiпорын. Мaғaн бaрлық сaғaттaры ұнaйды.
Gastarbaiter
Сitizen- жапондық электрон сағат фандары тағады. Асқан понт емес, бірақ «Роллех» сияқты позорный да емес. Сағаттың функционалына, нақтылығына қызығатындарға баға/сапа тұрғысында мықты таңдау.
Tissot- люкс классқа жатпағанымен сапалы марка саналады. Қазақстанда сағаттардан хабары бар, қалталы болмаса да, сол кастаға жақын жүргісі келетіндер тағады.
satibaldi
«Часы Командирские. Министерство Обороны СССР» — қатігез, беларусь ормандарында немістерді қалай бауыздағанын айызы қана суреттеп беретін, суреттеп жатқанда тыңдаушыға тап-тап беріп қорқытатын, матрасының астында — военкомат пен полиция тәркілеуге жүрегі дауаламай жүрген Стечкин тапаншасы бар; теле қарап, радио тыңдап, газет оқыған сайын Сталин жоқ сендерге деп бақырып, шынымен көңіл-күйі бұзылып, естелік жаза бастайтын шалдар тағады.
Gastarbaiter
Бұл сағатты таққан да бар, тақпаған да бар.
a63a1
о шшш… о шшшш… Сағат тағу молдадан қалдыма деген діни тақырыппа? ширк жайлы айтыватырма деп кіріп келсем