Басылым табысты болу үшін не істеу керек?

Газет болсын, журнал болсын, редакция басылым таралымының артқанына ниетті. Таралымы артса, басылымның танымалдылығы артады, табыстарының арту мүкіндігі арта түседі. Сонымен, басылымның таралымы арту үшін не істеу керек? Осы сұраққа шетелдік басылымдардың тәжірибелерінен жауап іздеп көрелік.

Басылым уақыт пен оқырман талабына сай болу керек
Қандай керемет болса да, басылым уақыт өткен сайын оқырмандардың жаңа буынының қалыптасатынын, оқырман сұранысының өзгеретінін ескеру керек. Ескеріп қана қоймай, сұранысқа жауап беретіндей қызмет жасау керек. Мысалы, 90 жылдардың басындағы басылымның қазіргі күндері де бұрынғы бағытынан танбай жұмыс істеуі ешқандай табыстың кепілі болмайды. Өйткені 90 жылдары оқырманға басқа тақырыптар қызық еді, қазіргі оқырманға басқа тақырыптар қызықты.

Заманауи технологияларды басылымның редакциялық, контенттік және материалдық (басылымның қағазы, қосымша парақшалары) жұмыстарына ендіруден көп нәрсе ұтуға болады. Бір мысал: 90 жылдары қарапайым қағазда басылған журналдың қазір жылтыр қағазда басылғаны, дизайнының өзгергені абзал.

Бас редактор — басты адам болмау керек
Басылымның жұмысына бір ғана адамның, бас редактордың, 100 пайыз басшылық етуі — заман талабына сай емес. Басылымды тек қана әдеби туынды ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені басылым шығарудың табысты болуы немесе шығынға батуы қатып қалған ескі «Бас редактор — бәрін шешу» түсінігенен болады. Бас редактор керемет журналист болар, бірақ ол жақсы менеджер бола ала ма, жақсы маркетолог бол ала ма? Осы сұрақтар жайлы ойлануға тура келеді.

Бас редактордың редакторлық қызметтерге жауапты болып, қалған менеджменттік тапсырмаларды басқа мамандарға бергені жақсы болады. Сол кезде бас редактор өзінің редакторлығымен мықтап айналыса алады.

Сапалы басылым шығынды қажет етеді
Сапалы әрі тартымды басылым болу үшін оның дизайны, контенті, материалы сапалы болу керек. Интернеттен ұрлап алу, 15-20 жыл бұрынғы басылымның ескі дизайндары жарамайды.
Сапалы дүние қымбат болады. Демек сапалы басылым шығару үшін алғашында басылым иесінде біраз қаржы болу керек. Қаржының біраз бөлігі басылымды жарнамалау мен түрлі пиар акцияларды ұйымдастыруға да жұмсалады.
Білікті журналистер мен басқа да қызметкерлер жоғары жалақыны талап етеді. Бұл да басылымның бюджетіне ойланатындай талаптар қояды.
Басылымға жұмсалған шығындар басылымның таралымы артқанда, не болмаса, жарнама берушілер табылғанда еселеніп қайтады.

Жарамсыз ұрандардан бас тарту керек
«Біз үшін журнал шығарып пайда табу маңызды. Бастысы, журналдан оқырмандарға пайда болса болды» дейтіндердің сөздері керемет, жалындап тұрады. Бірақ олай айту үшін журнал немесе газет ақшасы тасыған біреудің қолдауына ие болу керек. Жақсы басылымның көп қаржыны талап ететінін айттым. Ал егер басылым өзін-өзі ақтамаса, әлгіндей жалындаған сөздер іске аспай қалады. Басылым 1-2 жыл бойына жарқырап тұрар, кейін "өшеді". Өйткені қаржы таусылады, кейде қарызданып қалады. Ал олар үшін о баста маңызды болмаған қаржы дәл осы шақта маңызды болады. Бірақ бәрі де кеш.
Жақсы басылымда жарнаманың болуы басылымның сапасыздануына себеп бола алмайды. Жарнама басылымды жойып жібермейді.

Байқағаным, біздің көптеген жазушылар, ақындар немесе кейбір басылымның редакторлары өздерінің зияткерлік еңбектері арқылы ақша табуды ұят санайды: "Әдебиет пен өнерді коммерцияландыруға болмайды!" деп. Ойбай, ол қайдан қалған түсінік? Қазір нарықтық экономиканың заманында ең бағалы тауар адамның зияткерлік туындылары емес пе?! Бірақ ол үшін тек қана талап емес, ой және дене еңбегі де керек.

Баслым — тауар. Оны сата білу керек
Басылымды түрлі мақсатта пайдалнуға болатын құрал ретінде ғана қарастырмай, оның сатуға арналған тауар екенін де ұмытпаңыз. Жақсы тауардың өтімді болатынын білесіздер. Тауарды өткізу үшін оны шығарушылар көп еңбек етеді. Олай болса, басылымның басышылары да таралымды арттыру үшін көп еңбектену керек.

Алматы мен Астанада отырып алып: "Қазір газет-журнал оқитындар саны азайып кетті. Басылымдар өтпейді" деп мұң шағып отыруға болмайды. Олай айту үшін, ең болмағанда, елдің бір облысындағы бірнеше ауданды аралап, басылымдарыңызда жарнамалау керексіздер. Солай еткен бослаңыздар да халық жазылмай жатса, онда әлгіндей «Жазылмай жатыр» деген сөздерді сенімді түрде айтуларыңызға болады. Ал олай етпейсіздер ме, Алматы мен Астанадан ұзап шыға алмайсыздар ма, онда бар кінәні халыққа артып қойып, өздеріңізді талантты журналист немесе редактор, не болмаса білікті менеджер деп санамаңыздар.

Суреттің алынған жеру: acadiaenglish.com
Бөлісу:

1 пікір

satibaldi
Сіңлім, сенің адамға табиғат-мақаннан әу баста берілетін ақылдарды қашанғы саудаға салып, мақала жазатының қызық болып тұр. Мынадай әмерикөт стиліндегі а ля "қалай бақытты болам?" деген мақалалар қаззақ қоғамына өтпейді.
Басылым уақыт пен оқырман талабына сай болу керек — ық-ық, пормулаңдысс, білмей жүр едім нақ.
Бас редактор — басты адам болмау керек — қазақтілді баспада ешқашан жүзеге аспайтын қияли ой. Берер саған аттыкінің тізгінін басред, ал аттың тізгінін әрқашан өзінде ұстайд. Кеше туған адам құсамаш, нақтың.
Жарамсыз ұрандардан бас тарту керек —
— Алло, мен «НұрОтанның» ұрандарын баспауды шештім.
— Аха, ал біздер сені басжіверуді шештік.
Баслым — тауар. Оны сата білу керек — басылымның кварц өндірісіне қатысы жоқ екенін өзім де білетінмін.