Барлығын Исламмен өлшеуді қою керек

Ислам — дін. Бірақ дінді уағыздау мен дінді өлшем құралы ретінде пайдаланудың айырмашылығы көп сияқты.
Қазір бір журнал туралы мәлімет іздеп отырып, Намыс.кз сайтындағы мына мақалаға тап болдым: «Жұлдыз» деген кім?
Бұл мақалада жұлдыз сөзіне былайша түсініктеме беріпті:
Жұлдыз деген Аллаһ Тағаланың жаратқан бір кереметі. Сондай қара аспанды нұрландырған кереметке не жетеді. Ал сондай кереметке кей адамдар өздерін теңеп әуре.
Қой болсын олармен. Үнемі негативтерді айтумен, зар илеумен келе жатқан Намыс.кз бірде "Қазірге жастардың өздерін өлтірулеріне Памперс кінәлі" деген мақала да жазды. Ешқандай дәлел, дерек жоқ. Содан кейін ол сайтқа қол қойып, виртуалды түрде «Сұрықсыз сайт» деп мөр басқанмын.

Тақырыпқа оралсам, қазақ тілінде бір сөздің бірнеше (тура, ауыспалы) мағыналары болады. Мысалы: қол сөзінің мен білетін мынадай мағыналары бар:
1) адамның қолы,
2) әскер;
3) көмекші,
4) автограф.

Сол сияқты жұлдыз сөзінің де мынадай мағыналарын біледі екен:
1) аспан денесі,
2) адамның есімі
3) танымал тұлға (көбіне өнер саласында).
Ал енді Намыс.кзге (дәлірек Нұрқанат НҰРДӘУЛЕТҰЛЫна) сенсек, менің осы сөз туралы түсінігімнің үшіншісі Ислам діні бойынша жақсы понятие емес екен. Өйткені жұлдыздарға тек сахабалар жатады екен. Ал әнші-бишілерді жұлдыз деуіміз, жұмсартып айтсақ, адасушылықтың жеңіл түріне жатады екен. Өй, құсқырбайлар епті.

Толығырақ оқығыларыңыз келсе, www.namys.kz/?p=6389
Бөлісу:

66 пікір

izbasar
"Қазірге жастардың өздерін өлтірулеріне Памперс кінәлі" деген мақала да жазды.
Шыжың ауруына соқтыратын рас қой. Алысқа бармай бала бақшаға келген балалар дәретке отырам деп айтпайды 4-5 жастағы балалар. Тұрған бетте бұтқа жіберіп жүре береді.
Zako
Оған бала да, памперс те кінәлі емес. Сондай жағдайға душар еткен бастары істемейтін ата-аналары кінәлі. Памперсті күні-түні бұтқа байлап қою үшін емес, қолайлылық үшін шығарған.
bazuka
Зако сізбен толық келісемін.
izbasar
Зако өзің балаң барма? Бар болса круглосуточна әйеліңе көмек ретінде балаңның бұтына памперс кигізіп қоюына қалай қарайсың?
Zako
Ізбасар, су — тіршілік көзі. Бірақ біреу күніне 10 литр су ішіп өлсе, суды харам немесе «су адам өліміне себепкер» деуге бола ма? Егер осы сұраққа жауап тапсаңыз, онда өзіңіз қойған сұрақтың да жауабын табасыз. Немесе біреудің мына сөзіне қараңыз: "Іше берсең, сүтте харам"
satibaldi
Кезінде сен де барлығын исламетпен өлшегенсің.
Ақиқат — ол біреуге белгілі болған күні пайда болмайды, ол өздігінен үнемі бар нәрсе.
Zako
Ақиқат — ол біреуге белгілі болған күні пайда болмайды, ол өздігінен үнемі бар нәрсе.
Айтар сөзім жоқ.
Кезінде сен де барлығын исламетпен өлшегенсің.
Мысалы?
e_zhalgas
Ақиқат — ол біреуге белгілі болған күні пайда болмайды, ол өздігінен үнемі бар нәрсе.
оның өздігінен бар екенін, үнемі айналамызда екендігін айтқаныңа қарап, өзіңді агностик деп отырмын
Gastarbaiter
«Агностик» дегенді «балағат» сөз сияқты айттың ғой.
Айтылған тұжырым мен агностицизм арасында байланыс көрмей тұрмын.
e_zhalgas
сенің көрмей тұрғандығың, бйланыстың жоқтығын білдірмесе керек-ті  
балағат сөз емес, сияқты да емес…
Gastarbaiter
Эверест шыңы ашылмай тұрып, оның биіктігі 5 метр болғандығын білдірмесе керекті. Агностицизм — болмыстың объективтілігін анықтау мүмкін еместігін білдіреді, керісінше емес. Учи матчасть, философ епті.
e_zhalgas
агностицизм анықтаудың мүмкін еместігін де, мүмкіндігін де жоққа шығармайды
e_zhalgas
бірінші абзацтан кейінгілерін оқышы, өтініш, википедияңдысс. одан да мынаны оқып көр: scepsis.ru/library/id_302.html

агностик бар да демейді, жоқ та демейді. бәрі де мүмкін дейді.
Gastarbaiter
бар да демейді, жоқ та демейді. бәрі де мүмкін дейді.
Бәсе, енді жөнін айтып отырсың. Демек оны бар екенін, не жоқ екенін анық білу мүмкін емес.
Философияда өз ойыңның иірімдерінде шырмалып қалу қаупі басым. Ұқсап кетті деп ұра бермеу керек
izbasar
Күніне 10 литр су ішетін адам барма екен?
e_zhalgas
өз құсығын өздері жегенімен қоймай, өзгелерге де жегізуге тырысатын адамдар болады
Zako
Айипа, на. Осындай құсықтарға «Машалла», «Аллаһу әкбар» деп, құсықты сасыта түсетіндері ұнамайды.
satibaldi
Аум Синрике
e_zhalgas
білмейтінің жоқ екен өзіңнің, википедия аралатқаныңдысс
Zhan
Соны айтам, Сатекеңнің арқасында сомелье, пацифист деген сөздердің мағынасын біліп көзіміз ашылып жатыр.
e_zhalgas
пацифисті қоя берші, әлгі адам білмейтін сектаның атын қайдан тауып алғанына әлі таңым бар
Zhan
Несі таңқаларлық? Шымкентте Аум Сенрикенің үлкен ғимараты болатын. Кейін жергілікті билік сол зданияны алып қойды-ау деймін қателеспесем. Общм, Шымкентте неше түрлі сектаның зданиялары көбейіп кетті ғой Иеговадан бастап. Аум Сенрикені сол кезде көргем.
Gastarbaiter
Матчастті оқып тұрған дұрыс негізі Борхесті парақтай бермей
Алмағайып тоқсаныншылардағы Кашпировский, Чумактардың более «мықты», бірақ менее «сәтсіз» болған әріптесі ғой.
e_zhalgas
«Борхес и иже с ними» деп айтсаң, түсінер едім, мынауыңды қорлау деп қабылдаймын
Gastarbaiter
15-18-жыл бұрын жынша көбейген шарлатан сары-ала әулиелер, Аум Синрике, Леня Голубков, «Хапер Инвест а-а-атличная кампания» дегендер актуалды тақырыптар һәм заманына сай актуалды әзілдерге тұздық болатын. «Жәшіктен» көп еститінбіз, содан есімде қалды.
e_zhalgas
мүмкін, мен ол кезде бесіктен енд шыққан баламын, аумсинрикеңдісс
Gastarbaiter
Соны біліп, мен де чмарить етпей отырмын, тәуелсіздік құрдасынссс…
bazuka
Аум Синрике
бұл қандай секта? исламнан ба, әлде христиандардан тарағандар ма?
satibaldi
Интернеттен тек Керекинфо ашылып тұр дейсің ғой
bazuka
 оңайы осы арадан сұрау ғой)))))))))
Marationok
жапондық секта, иохххо банзай
Gastarbaiter
Мұсылман бауырлардың бұл пікірімен келіспесем де, осы пікірді айту құқығы үшін жұдырықтасуға бармын.
Әртүрлі моральдар бар, әнші-бишіні жұлдыз деп айту тоқшылықта ғой, қиыншылықта тек батырлар, бүкіл ұлтты қырылудан аман алып қалған тапқыр дәрігер-ғалымдар.
Бір жағынан рас, сахабалар да жұлдыз. Өйткені олар да танымал. Қай ортада екені енді екінші мәселе.

Жоғарыдағы пост радикализмі осы постты тудырған себептің радикализмінен асып түседі.
satibaldi
Лібә, кейде көлемді болғанымен, мазмұнды тост айта білетін қабілетің үшін жақсы көріп кетем.
Zhan
Бүгін Гастаға деген махаббатыңды мойындау күні ма не? Если че оның басы сынып отыр даңғарадай болып. Жүде настроениям болмай тұр деген ед бағана.
salta
тошно ж… сөз болды...
e_zhalgas
дұрыс-дұрыс емес дегенге апарып тіреп қою, пікір емес — мораль, платоныңдысс
Gastarbaiter
дұрыс-дұрыс емес дегенге апарып тіреп қою, пікір емес — мораль, платоныңдысс
Амигоның жоғарыдағы жолдауы бұндай сипаттан ада дейсің ғой, «батыл» тұжырымдарыңдысс
e_zhalgas
ешкімді ақтап отырған жоқпын, жалпы айтқан түрім
Armanjan
Үнемі негативтерді айтумен, зар илеумен келе жатқан Намыс.кз
осылай атүсті біржақты бағалай салуға бола ма?
kokbori
Намыс,қамысыңды білмейм, кез келген пікірталаста исламда былай, исламда олай деп отырады, құдды басқа дін жоқтай. Қазақстанда қанша дін бар, солар өз дінінің ұстанымын негіз ете берсе ғылым дегені құр далбаса болып қалмай ма?
Gastarbaiter
қалмайды.
kokbori
неліктен?
Marationok
Үміт керек, үміт. Сену керек, сену.
Gastarbaiter
Бір ғана себеп:
Діни ұйымдар сонау ғалымдарды өртеп жіберіп қарап отыру құқығынан айрылғалы бері, ғылым жетістіктерін олай-да-бұлай өздерін дәлелдеу үшін қолданып келсе де, ғылым ешқашан өздерінің гипотезаларын дәлелдеу үшін діни догматтарды қолданған емес, қолданбайды да.
kokbori
Қолдануға болмайтыны белгілі, бірақ қолданып жүргендері де белгілі
Gastarbaiter
Діни догматқа сүйеніп жасалған бір ғылыми теорияны айтшы?
Ғалымдар ішіп/шегіп алып көрген түстеріне сүйенсе де, дінге сүйеніп жаңалық ашқан емес.
konvict
Не ғой, сәләфилердің иесі мүңкүп тұр екен анау мақаладан. Өзін ғана ақылды санайтындарға басыңды ауыртып қайтесің Argyn -ыссссстың
e_zhalgas
ол әлі цементтің бағасын анықтай алмай жүр ме?
konvict
Оны сендер жақсы білерсіңдер
izbasar
Жұлдыз деген Аллаһ Тағаланың жаратқан бір кереметі. Сондай қара аспанды нұрландырған кереметке не жетеді. Ал сондай кереметке кей адамдар өздерін теңеп әуре.
Дұрыс қой аспандағы жұлдызды құдай жаратты. Жердегі жұлдыз болып жүрген пенделерді де құдай жаратты. Әлде…
Baraka
Ислам діні бойынша жақсы понятие емес екен. Өйткені жұлдыздарға тек сахабалар жатады екен

Ахмад ибн Ханбал «Әт-Такрир уәт-тахир фир шарх әт-тахрир» кітабының 3-томының 99-бетінде, Ибн Абдул-Барр «Жәмиъ бәянул-ъилм» кітабының 2-томының 90-бетінде, Ибн Асакир мен Ибнул-Қайюм әл-Жаузия «Фәйдул-қадир» кітабының 4-томының 76-бетінде, әс-Суюти «Әл-Жамиъ әс-сағир» кітабының 4-томының 76-бетінде «Менің сахабаларым жұлдыздар тәрізді. Қайсысына ерсеңіздер де тура жолдасыздар» деген хадистің даъиф (әлсіз) екенін айтқан.
Сондықтан Исламның атынан сөз сөйлеу үшін алдымен оның дұрыс не бұрыс екенін біліп алған ләзім.
satvaldo
«Менің сахабаларым жұлдыздар тәрізді. Қайсысына ерсеңіздер де тура жолдасыздар» деген хадистің даъиф (әлсіз) екенін айтқан.
кідердің риуаят еткеніңе қарасайщ, аһи!
SaryQazaQ
Дәл осындай сарындағы догма-мақаланы оқып едім бірде. Атын ұмытып тұрмын, бірақ қазақтың нанды құрметтеуін ширкке балаған. Сол намыста сияқты. Осыдан кейін тіпті сөз таластырғың да келмейді сол сәләфтармен.
Janasil
АҚЙ қайда жүр екен.
meirzhan
Банға кетті
Janasil
Қап!!! негізі бір сайтқа бір АҚЙ керек қой.
Beineu
«Мен не деймін, домбырам не дейді» дейтін ахиларсыз мына жақта қызықсыз болып жатырған сияқты ғой
zhanibek_nurish
намыс.кз-ке «Келін» фильміне қатысты бір пікір жазғанымда сүзгілерінен өткізбеген. содан кейін қара тізімге кеткен,
satibaldi
Не деп едің? Бәлкім, мұнда да өтпейтін сылдыр су бірдеңе деген шығарсың?
zhanibek_nurish
«келін сауатты түсірілген артхаус кино, соншалық жерге ұрып қажеті не, оны сынап-мінеу қызығушылықты тіптен оятады деген секілді бірдеңкелер айтылған,
SaryQazaQ
қандай қара тізім? нақты кім?