Ал әзірге күлесің!..
Көз сап қара шексіз мына ғаламға,
Бұл жалғанды мақта, мейлі жаманда.
Жұтар ауа, ішер су да сен үшін,
Не жетпейді, не жетпейді адамға?!
Болғаныңмен ақыл, сана иесі,
Неге Алланы еске алмаймыз жиі осы?
Айуаннан аумай қалған ашкөз боп,
Адамзаттың аянышты күйі осы…
«Алсам» деген алшақ басып әлі де,
Маза бермей келет жасқа, кәріге.
«Берсем» деген бұл күндері көнерген,
Сөздің бірі болып қалды бәріне.
Ұмытты да оңаша ой түйгенді,
Адам бүгін түсініксіз күйге енді.
Жануарды былай қойып, жатырда
Жатқан жанды өлтіруді үйренді!
«Киім бүтін, тамағының тоқтығы»,
Және дағы қанағаттың жоқтығы,
Қолдан соғыс жасатқызып адамға,
Таң қалдырды жетім, жесір көптігі.
Бітпейтұғын таққа талас қашан да,
Таласа түс! Тағы, тағы бас алға!
Ажал келіп алқымыңнан алғанда,
Жер таппассың жан сауғалап қашарға.
Мейлі, бүгін миығыңнан күлесің,
Патшадайын шалқып өмір сүресің.
Бір қарыс жер қайыршыға бұйырар,
Көз жұмғанда сенің де алар үлесің!
Ал әзірге күлесің – ау, күлесің!..
Зарина Долатай
Бұл жалғанды мақта, мейлі жаманда.
Жұтар ауа, ішер су да сен үшін,
Не жетпейді, не жетпейді адамға?!
Болғаныңмен ақыл, сана иесі,
Неге Алланы еске алмаймыз жиі осы?
Айуаннан аумай қалған ашкөз боп,
Адамзаттың аянышты күйі осы…
«Алсам» деген алшақ басып әлі де,
Маза бермей келет жасқа, кәріге.
«Берсем» деген бұл күндері көнерген,
Сөздің бірі болып қалды бәріне.
Ұмытты да оңаша ой түйгенді,
Адам бүгін түсініксіз күйге енді.
Жануарды былай қойып, жатырда
Жатқан жанды өлтіруді үйренді!
«Киім бүтін, тамағының тоқтығы»,
Және дағы қанағаттың жоқтығы,
Қолдан соғыс жасатқызып адамға,
Таң қалдырды жетім, жесір көптігі.
Бітпейтұғын таққа талас қашан да,
Таласа түс! Тағы, тағы бас алға!
Ажал келіп алқымыңнан алғанда,
Жер таппассың жан сауғалап қашарға.
Мейлі, бүгін миығыңнан күлесің,
Патшадайын шалқып өмір сүресің.
Бір қарыс жер қайыршыға бұйырар,
Көз жұмғанда сенің де алар үлесің!
Ал әзірге күлесің – ау, күлесің!..
Зарина Долатай
Безбүйрек жау сәбилерді,
Шал шауқады, кемпірді,
Тіпті жүкті әйелдің де
Ішін жарып өлтірді.
Шахановтың Отырардың күйреуі туралы өлеңінен үзінді
Туа сала ғаламның бар қайғысын арқалайтындарды түсінбеймін. Бетперде пәлсапашылардан көтім қараятын болды. В понедельник, до второго, Я уеду в Комарово деген сияқты өмірлік өлең жазыңдаршы жеңіл-желпі. Ннемесе Көңілді шалғышылар әнін. Әйтпесе Пластилин жылқы деген. Қойыңдарш плз, басым ауырад базыналардан.
Оқим, оқыма десең де оқим, оқы десең де оқымауым мүмкін. Ол шынымен менің шаруам.
Мөдемөдерәтірімізге тіл тигізгенді өзі кешірсе де, мына біз сияқты жарбаңбайлар кешіре алмайды. Байқаңызжасы кіші демеңіз, ақылы асса аға ғой-деген бар емес пе?-деп өзім баклашка толы соляркама қол соза берсем ше?
жоғарыда тек бір шумаққа қатысты әзілдеп қана айтқаным ед, шынындағы айтпағым, өлеңіңізден бәріне белгілі қарапайым ғана шындықты өзіңізге де түсініксіздеу сөздер мен ұғымдардың астарына тығып тастапсыз. абстрактіліктен кішкене жерге, адамдарға түсіп, қыран құстың биігінен емес, адамдардың қарапайым тілімен, қарапайым ғана өмірлік мысалдармен айтсаңыз, қабылдауға тұрарлық болатын еді. рахмет!
— Сен базарға бармақпысың? — деп сұраса, әйелі:
— Енді не дейсің? Шәйің біресе қызыл, біресе ақ деп қанда ішіп болдың ғой деп дауыс көтеріпті. Сонда қызы:
— Туу, не болды таң атпай ырылдасып, кетем ертең күйеуге! деген екен
«Ал әзірге күлесің» дейді. Ал деп отырғаны, қарсылық шылауының мағынасында қолданылып отыр, яғни жылайтын күн алыс еместігін білдіріп тұр. "әзірге" деген сөзді қолдаун бұл қу фәнидің алдамшы, уақытша жалған екендігін білдіретін өте сирек кездесетін, ерекше талғамды әдеби амал!
Тақырып соңында, автор «күлесің!» дейді. Яғни түбінде жылаған да, күлген де өліп қалады, сондықтан сен күліп қал дейді!
Күлесің — эхх. Автор осы бір ғана сөзге масайрап шықылықтау, мысқылмен жырқылдау, Гомерше тарқылдау, мұртынан ық-ықтау, миығынан мырсылдау, сыни-сардониялық муахахахаханың бәрін сыйғызып тұр!
baq.kz;
altaynews.kz;
Kultobe.kz;
www.massagan.com
ЕсенинніңМұқағали Мақатаевтың ықпалы ма… түсімбей тұрмын.