Офтоп: Әйелдер басқа шауып бара ма?

Мынаны оқып шықтым. Әйелдің орны туралы айтылған. Ал өткенде Ермек Тұрсынов подкоблушник болыңдар деді. Қабырғадағы қамшыны қайтеміз?

Бұрын әйелдер тек бала бағу, үй шаруасымен айналысу, еркегін күту, қонақ күту туралы ойлады. Ал қазір жұмыс, жұмсақ кресло, права мен машне туралы ойлап жүр. Әсіресе ауылдық жерде отағалары жұмысыз болғандықтан, әйелдері ақша тауып жатыр. Қазір кім ақша табады сол билік тізгінін ұстайды. Мектеп директорлары, бөлім бастықтарының арасында да мансап қуған нәзік жандылар көп. Әйелдер күні келе жатыр ғо осы тақырыпты да талқылай отырсақ?
ПыСы: Әйелдер басқа шауып бара ма? подтекст әлде еркектер ез болып кетті ме?
Бөлісу:

114 пікір

FaraOn1
Бұл посттан негізгі білгім келген мәселе мынау: бойдақ болғаннан кейін біз біле бермейміз.
Сондықтан әйелі барлар, ♦отананы қалай ұстау керек?
♦ теңдік болу керек па, теңсіздік болу керек пе?
♦ Әйелдеріңіздің жұмыс істегенін қалайсыздар ма?
♦ Әйелдеріңізді қалай еркелетіп, әлпештейссіздер?
бізге сабақ бола берсін де
satibaldi
Ұсынсым әлі күшінде. Белфаст пен Ольстерден тіпті өзіңнің ішің пысқаның көрініп тұр. Барлық жазбаңмен, сосын әлгі төрт адамыңмен Керекинфоға қосылуды тағы да ұсынамын.
FaraOn1
жүйкем сыр беріп жатқаны рас))) бірақ күте тұршы әлі ақ көресің
satibaldi
2005 жылдары бәлкім күтуге болар еді. Қазір енді бұлыңғыр болашақтарың Кассандроға тавро басқандай көрініп тұр. Жалындыра берме енді ағаңды
araika
Бұл постты мерекеден соң жариялау керек еді Көр де тұр, мына жерде гендік саясаттың күлі бықситын болады
satibaldi
Жақсы, тың посттар жазатын тым жақсы коламнистсің, әттең, 1 айлық эмбрионға жазып, қор боп жүргенің.
Анау, Тэтчер деген шойын қатын айтып кеткен баяғыда: «Мен Англия деген мемлекетті естідім, бірақ Солтүстік Ирландия дегенді естіген емеспін, естігім де келмейд, естімеу үшін барлық амалды да жасаймын» деп. Енде, тағдырың өз қолыңда
dark_nazgul
Еркектер күндердің күнінде керексіз болып қаламыз ба деген қорқынышы мен, әйелдер бір күні өздерінен артық болып кетеді деген комплексінен қашан арылар екен…
satibaldi
Сондай комплекс бар сияқты ма негізі?
dark_nazgul
бар сияқты. "Әйелдерден үстем тұруымыз керек" деген ұмтылыстың өзінде, табиғатынан берілмеген үстемдікті қолдан жасап алғысы келетін комплекс бар.
Marationok
феминисттік көңіл күйлер өршіп барады
satibaldi
Бұл жерде саған қосылғым келіп тұр.
тақаңды сәл көтерші, сыймай жатырм
dark_nazgul
Жақсылап жайғастың ба?
satibaldi
Ия, лібә, не киіп алғансың, көтіме кірш-кірш етіп кіруде
dark_nazgul
satibaldi
Сен осында алаңсыз отыра бер, мен таңға омлет жасап қоям өзім, қам жеме
dark_nazgul
Мен омлет ұнатпаймын, глазунья болса.
satibaldi
Жақсы, сол омлеттті өзім де онша ұнатпайм, шынымды айтсам. Глазунья піскенше, ермек болсын:
Бір мәмбет кемпір МакДональдста хай-вай шығарып тұр екен дейді:
— Шырағым-ау, амлет дедің бе, көтлет дедің бе әйтеуір: басқа жерден ет құрып қалған ба?
Marationok
қара әзіл ретінде түсінейік
aikarakoz
Дьявол носит прада
FaraOn1
Жеңгелерге де сұрақтар бар:
♥ Үйде главный кім?
♥ Сіздерге қайсы ұнайды үйде отырып бала күткен бе әлді, жүйкені құртып жұмыс істеген бе?(шығармашылық адамдарға некасается)
♥ Шынымен бастық болғыңыз келе ме?
♥ Сіз жұмыс істеп, шалыңыз жұмысыз болса, айырылысу туралы ойлайсыз ба?
♥ отбасыда финансовый жағынан кім жауап беру керек(Сейвтің кілті кімде?))))
♥ Бұрынғы кездегідей шалдарыңызға бағынышты болғыларыңыз келе ма?(Қамшыдан қорқасыздар ма дегенім ғой)
dark_nazgul
♥ үйде главный мен.
♥ үйде отырып бала күтер едім, нан табу керек.
♥ бастық болғым келмейді.
♥ ноу комментс
♥ әйелде. Еркектер бәрін пивыға, ашынасына, достарына жұмсап қояды.
♥ Әйелді қымшының ғана күшімен бағындырамын деген еркек шын мәнінде әлсіз еркек. Ондай езге бағынышты болмақ түгілі, под каблуком ұстаудың өзін ар санаймын.
Zhan
♥ үйде главный мен.
♥ үйде отырып бала күтер едім, нан табу керек.
♥ бастық болғым келмейді.
♥ ноу комментс
♥ әйелде. Еркектер бәрін пивыға, ашынасына, достарына жұмсап қояды.
♥ Әйелді қымшының ғана күшімен бағындырамын деген еркек шын мәнінде әлсіз еркек. Ондай езге бағынышты болмақ түгілі, под каблуком ұстаудың өзін ар санаймын.
 Осы үшін жақсы көрем ғой сені.
sammita
тұтас тексті көшіргеннен айызың қана ма осы сенің
Zhan
Енді жауаптары джынды да е.  бәріне қос қолдап, қос аяқтап тұрып келісем дегенімді білдіргім келгені ғо.
sammita
постың жартысын көшіретіндер бар, сондағы білдірген пікірі бір смайл
Zhan
Бәсе неге шаршап отырмын десем, пікірдің тең жартысын көшірген екем ғо.
VKM
уау, Назгүл апайым маладес!
Aya
Мужчина — царь,
Мужчина — бог.
Но он всегда у женских ног!!!
Baraka
Мужчина — бог
Алла сақтасын
dark_nazgul
Қабырғадағы қамшыны қайтеміз?
анда санда баяғы заманды аңсап, қабырғадағы қамшыны шешіп алып, далаға шығып, ауаны осқылап аласыңдар, құлақтарыңнан бу шығып.
Aizhantabyn
еркекке байланысты ғой. Өзі-ақ подтапочник болғысы кеп тұратындар бар, видимо бірнәрсе жетпейді (то ли в мозгах, то ли в организме)
satibaldi
Күшті ғой, не?
dark_nazgul
Сатико, қалай, жайлы ма? Тоңқайып жатыр едің, бүйірің талған шығар, шалқаңнан аунап жатсаңшы.
sammita
Қабырғадағы қамшыны қайтеміз?
салпаңдап бос жүрсеңдер әрине қабырғада тұрады. мал бақсай шығып.
Abilakim
Әйелдер сол әйелдер ғой. еркектер өзгеріп кеттік. анау Асан Пердешов құсап «Жұбатпайсың ба?, ұнатпайсың ба? Уатпайсың ба?» деп тұрған еркектерден не сұрайсың?
sammita
оо, тағы айтшы, осы ән ұнайды маған))
Abilakim
қазіргі жас қыздарға осындай алдында жылап тұратындар ұнайды-ау деп қалдым
aikarakoz
сосын оның "Қолым жетпей сенің шашыңа, Шаштарыңның иісін сағындым" деген әні ваще отпад
a63a1
Әйелдер қайда шауып барады? Бәсе кеше үйдің сыртынан бір топ тұяқ дыбыстары дүрілдеп естілген еді.
VKM
Фараон дим, неше түрлі провокациялық посттар жазатын болыпты өзі)))
FaraOn1
Іштеріңіз пыспасын сауап болсын. ал бізге сабақ болсын)))
Zhan
Қазақ біліп айтқан, «Байтал шауып бәйге алмайды» деп. Ер адамның ролі басым болғаны дұрыс. Әйел басшылар қытымыр, қызғаншақ келеді. Сосын барлық істі көңіл-күйге салынып, шәт-шәлекейін шығаруы мүмкін. Бірақ, қолынан басшылық келетін мықты ледилер бар. Оны да жоққа шығаруға болмайды. Бірақ әйел бастық бірдеңеге қасарысса ер адамға тез жібуі мүмкін, (Себебі ер адам оны ресторанға шақырып, үйтіп-бүйтіп комплимент айтып, әйел адамның слабый местосын табады. Ал қыз баланы кешірмейді.
satibaldi
Себебі ер адам оны ресторанға шақырып
FaraOn1
Өз басым әйелім болса жұмыс істегенін қаламас едім. онсызда үйдегі шаруа жетіп артылатын сияқты олар үшін.(қалада тұратындарға қатысты) 4 мезгіл тамақ пісіру. үй жинау бала күту. Ал ақшаны өзім табуға тырысамын. Маған мені баласындай күтетін әйел керек))) Таңертең оятып, тамағыңды беріп, киіміңді киіндіріп жұмысқа шығарып салса, сосын кешке дәл солай қарсы алса. Егер үй шаруасы бітіп, енді не істеймін десе «керекинфоны ашқызып қойып ма флудта дим)))» ал кешқұрым әйелім тілші болып туыстардан жинаған ақпараттарды талқылаймыз. жоспар құрамыз. түнде шымылдық жабылат әрі қарай айтпаймын. ал демалыс күндері әйелімнің барынша еркелеуіне мүмкінді беремін. сәбилі болғанша. одан кейін ол онсызда сасай болып қалады
satibaldi
Бітті, қатындардың барлығы сенікі. Құлаттың барлығын.

P.S. Белфаст мәселесі әлі ашық екенін есіңізге сала кеткім келеді.
Abilakim
айеліңмен қосылып туыстардың мәселесін талқылау дұрыс емес, кей жағдайларды талқылау керек арине.Бірақ, күнде кешқұрым талқылау дұрыс емес
FaraOn1
бәрін емес қой. өсектерін тыңдап ап сосын ішіндегі нормальный постын таңдап ап коментировать етесің)
salta
Күйеуге шыққан кезде кез-келген әйел үйде отырамын, 1 — 2- 3 тамақты жасап, үстіне шаң жуытпаймын дееееееп 2-3 жыл қыртады, сосын 4 қабырға, таңертең кетіп, кеш келетін бай, таң атқаннан түн жарымға дейін құлақ құрышыңды ыңылдаумен қандыратын бала, болмайтын нәрсені сылтауратып звондайтын, келетін, болмаса сыртыңнан күңкілдейтін қайын жұрт пен өз жұртың бәрі-бәрі қаныңды ішкенде, 2 қолыңды төбеңе қойып, таң атқаннан кеш батқанға дейін далада өзгеге жұмыс істеп, ақша тауып, балаңды біреуге баққызып, тамағыңды кафеден алдырып өмір сүруді армандайды. Істейді де!!! бірақ, 3-4 жылдан кейін сол алдында қанын ішкен нәрселерді аңсап, армандап, қайтадан үйде отырғысы келеді. Солардың бірімін, мойындаймын… біреқ, ер азаматтар, күні бойы бала мен сериалды ғана бағатын ой-өрісі күйеуге шыққаннан кейін мүлдем өзгеретін, күйбең тіршіліктің күңі болып кететін әйел сіздерді барлық жағынан қанағаттандырады ма екен?
asaubota
толық келісемін

біз әйелдерімізге «жұмыс істеп не істейсің, ақшаны өзім табамын» десек те оларға маңыздысы ақша емес, маңыздысы қоғаммен араласу, үй тірлігінен құтылу екен.
satibaldi
Солардың бірімін, мойындаймын…
Қазір қайсысының кезегі?
salta
екі ойлымын…
satibaldi
Үйде отырып жұмыс істеу сияқты үшінші ойға қалай қарайсыз: кәллегілер үнемі онлайын, балалар да бақыруда?
salta
онда мен дарға асылып өлетін шығармын…
Abilakim
шамам келіп жатса мен де келіншегіме жұмыс істеткізбес едім.Бірақ, бір есте сақтайтын мәселе айына екі-үш рет театр, мейрамханаларға апарып тұру керек, себебі,4 қабырға жындандырып жібереді және тек үйде отыра берсе өз-өзіне күтім жасамас еді
Zhan
Бір құрбым үйінде екі баласымен отыр. Күйеуі жұмыстан кеш келеді, өзіміз кешкісін әрең көреміз деп отыр. Таңертең тұра салысымен жұмысына кетеді. Құрбымның үйде отыра беріп іші пысқаны айтпаса да көрініп тұр.
Ал бір досым айтад: "Әйелім мен бала-шаға үйде, үй бар, ақша бар, не ішем, не жейм, не кием демейді. Одан артық не керек оларға? Кешкісін көлігімді мініп алып левый қыдырыстар жасамағанда не істейм" деп қояды?
Қайсысы дұрыс?
Abilakim
левыйды да правыйды да ұмытпаған дұрыс. Мысалы, біздікілер левый берегке ғана мән беріп, правыйдағыларды ұмытып кетті.Дұрыс емес қой.
FaraOn1
Нағыз әйел жұмыс істей алмайды. өйткені ол үстірт шешім қабылдайды, тәуекелге бара алмайды, ұрысқақ кекшіл, жұмысының біраз бөлігін айнаға қараумен өткізеді, декретке шығып кетеді
әйелің жұмыстан шаршап келді сенде шаршап келесің, екуің бір-біріңе қарайсыңда «мозгамызды алмай кетті ұйықтайық ертең жұмыс, ауыр күн» десе жақсы емес қой
VKM
Нағыз әйел жұмыс істей алмайды. өйткені ол үстірт шешім қабылдайды, тәуекелге бара алмайды, ұрысқақ кекшіл, жұмысының біраз бөлігін айнаға қараумен өткізеді, декретке шығып кетеді
Бір 100 жас өмір сүргендей көсіліп сөйлейді дим өзі))))
FaraOn1
айта биринші. дұрыс емес жерін дұрыс емес деңіздер, сраз мниениемді өзгерте қоямын)))
FaraOn1
әйелдер үйде іштері пыспас үшін асхана, үй жинау, бала күтуден басқа финансовый пландар құрумен айналысса. стратегиялық мақсаттар жасаса өйткені күйеуі жұмысты ойлап осыған қолы тимейді. бой жазып сергіп қайту үшін шоппингтер мен фитнесклубтар бар.
ademi_alem
 қандай қызық пікір!!! қызыыыық)))
seyh
әйелдерге осы тақырыпты бастап берсең болды…
жалпы жаратылыста ер әйелден бір қадам болса да алда тұрады. Бұл жерде кім мықты деген сұрақты қойып алып, қарсы жыныс өкілін төмендетумен ешкім жақсылық таппасы анық. О баста бір-біріне серік болсын деп жаратқан. Қазақ әйелінің ақылдылығы, даналығы сонда мың жерден ақылы асып-тасып бара жатса да отағасын қолдап отырған. Кез-келген қоғам басшысыз болмайтыны сияқты, еркек пен әйео құрған отбасыда басшы-ЕРКЕК!
salta
айтарыңыз жоқ ау осы сіздің. есіктің сыртынан жаба салыңызшы, сквозняк болып кетті шо та
seyh
не ғо беттен алған жақсы қасиет па осы?
salta
тәрбие сабағын бастап кеттіңіз бе сразу?
Ottegin
Мына жерде бір бөшке бензінім бар еді

Ал, сириозна сөйлесе, әйелдерді үйде ұстағанда не ұтатынын түсімбимін, біріншіден, әйелдің барлық өмірін тек ішілетін ас пен киілетін киімге теліп қою қалай болар екен? Бала әрі кеткенде 7-8 жасқа дейін назардан бір сәтке шығармайтын тәрбиені қажет етсе керек, ал бала бақша, мектеп жасына келгенде, аяқ-қолы сау, есі дұрыс әйел не істемек үйде? Алған жоғары білімі болса, үйленгенге дейін істеген жұмысы болса?

Бұл өмірде еті тірі тіршілігін жасайды, ол жынысқа байланысты болмаса керек, жеке ойым: ер адам қайтпек күнде әйелден артық болуы үшін артық болу қажет.
Aizhantabyn
Жұмыс істеп жүріп деградацияға түсетіндер мен үйде отырып-ақ ой-өрісін, білімін жетілдіріп жүргендері қаншама. Бес саусақ бірдей емес қой. Мысалы, бір баланы адам қылу да зор еңбек. Оның тәрбиесі, сабағы, денінің сау болуын қадағалау, тамағын уақытылы беру — жұмыс. Баланы оқыту үшін де қазіргі заманда жазып, оқып қана емес, әр бір «мынау не?, анау не?» дегеніне жауап бере алатындай ана керек.
FaraOn1
VKM
Орыс қыздары мен қазақ қыздарының менталитеттері әртүрлі.Мына қыз айтып тұрған нәрселер маған түсініксіз))))
Gastarbaiter
Алғашқы минутында құсып қойдым. Қарамай-ақ қойыңдар, америка ашып жатқан түгі жоқ.
salta
өзінше солардың бірін істемейтіндей мазақтайд ей, ерінбей көрсетіп шыққанына қарағанда жадында жатталып қалған ақымақ ау… VKM дұрыс айтасың, біздің менталитетте жоқ мұндай қылық, берсең қолыңнан, бермесең жолыннан дейміз(өзім туралы айттым)
kozildirik
Между прочим көп нәрселері таныс. Күліп алдым, әйеліме көрсетпесем
salta
мінсіз келіншегіңнен мін іздеп саған не көрінді,құрдас? басыңды қатырып қайтесің, сосын келіншегің комплексовать етіп қалып жүрер, еркеліп керілуден қашып, дұрыс түсінбей қалады ма деп…
Gastarbaiter
екеудің арасына есі кеткен түседі
salta
 ойбааай араларына түсіп нем бар, женская солидарность сақтамайсың дейтіндер көбейген соң, бір-екі ауыз сөз айтып қалайын дегенім ғой, әйтпесе нем бар. солидарность деген маған жақпайтын ауру екен. қойдым,қойдым!!!
kozildirik
Қой, ақылды келіншектер ештеңе айтпасаң да осындай ымнан түсініп жүрер)))
FaraOn1
атына қарап шегіп алған қыз туралы ма деп қалдым))) біздің қыздар мұндай қуғынбай емес!!! қарамай ақ қойыңдар расымен…
Ramzik
8ші наурыз жақындағалы әйелдерге тиісу көбейді соған қарағанда сыйлыққа ақша болмай жатыр ау деймін
zhandarm
баланы жастан, қатынды бастан деген атам қазақ
salta
ойдойт деген-ай!!! каблуктың формасын киіп алатындар қатарында емес екендігіңді қайдан білеміз? сезікті секіред деуші еді, жүрек тулап, тіл байланғандардың бірі шығарсың…
Gastarbaiter
Бейбіт өмір дейді бұны.
Бейбіт өркениетті өмірдің түсініктері де заңдары да, стандарттары да, талаптары да жаугершілік заманнан сәл бөлектеу болады.
Еркектер негізі авторитет қайда, сол жақта жүреді. Ал әйелдер жылы жер қайда сонда.
Қазір авторитет телевизордың арқасында алдымен саясатта, содан соң шоу бизнесте болған соң иммидж, киіну, жүріс тұрыс алдыңғы құндылықтар қатарына шығып кетті.
Бұл заңдылық.
Бұрындары солдаттар, әскерилер авторитет болатын, сондықтан еркектер бала кезден әскери болуға талпынатын. Бейресми түрде ұры-қары, криминалдар авторитет болатын.
Сондықтан ұлдар өздерін мафиози сезінгісі келетін.
Қазір ұры қарылар легалданып алды. Көшеде тек кетік мәмбеттер мен алқаштар қалды.
Бір кездері кедей отбасынан шыққан интеллигент болған сән болса, қазір гламур сән. Қалай келгені қызықтырмайды. «70-пайыз сәттілігіңді түр-келбетің шешеді» дегенді де еркектердің миына отдуши сіңіргелі кеше ғана.
Прирритеттер солай. Ертең осыдан да қоғам жалығар. СОнда басқа құндылықтар пайда болар. Әзірге бары осы. Жылай бермеңдер.
kokbori
плюс бір Кей кейде ақсақалдың әңгімесін айтып кетесің, әй!
sammita
мыжыған пікірдің тоқ етері осы міне.
Daniar-Alan
дауай Гаста мен жоқтайын енді сені
Gazizkizi
Отбасылық тізгінді қолға алу ақша тапқан жұпқа байланысты емес! Ақылды еркектер де кейбір «ақымақ» келіншектер сияқты ымнан-ақ түсінед бәрін...
dark_nazgul
Әлі қырылдасып жатырсыңдар ма?
seyh
қырылдасып дегеніңіз ырылдасып па,қырылысып па?
Rozatai
Шамасы жетсе, қабілет-қарымы жетсе, әйелдердің жұмыс істегені жақсы ғой. Ал, енді тек мектепті бітіріп, сол оқумен ғана қалған, көз алдындағы жұбайы мен балаларынан басқа ештеңені білмейтін, от басы, ошақ қасындағы әңгімелерден асырып ештеңе айта алмайтын дүниетанымы тарлау жеңгелеріміз де бар ғой. Оларға жұмыс тауып берсең де, керемет қып істеп қарқ қылмайтын шығар. Алыс жамағайынымыздың әйелі- өте салиқалы, көргені көп кісі. Соның келіні қатарынан 4 баланы дүниеге әкелді. Өзі мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Жұмыс істегенде, 3-санаттағы, яғни саналы ғұмырында "ҚР білім беру ісінің үздігі" деген марапатқа қолы жетуі-жетпеуі неғайбыл ортанқол мұғалім. Сол келініне енесі айтыпты: "Қалқам, сенің затың — қазақша айтқанда, "қазан жаппай, бала таппай" қатынның натурасы. Өзің өмір бойы мектепте өтесің енді. Шыққан биігің — отбасың, енді осы 3 балаңды жақсылап тәрбиелеп, үйде отырсаң да жақсы. Өйткені, мектептегі мына жүрісіңмен, осы қабілетіңмен биге шықпассың. Күйеуің ақшаны күректеп тауып жатыр ғой" деп. Дерзко айтқан, бірақ, сөзінің шыны осы.
Әйелдер жұмысқа шыққанда бала тәрбиесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөле алмай қалуы мүмкін. Менің ойымша, ең жаман нәрсе осы.
Rozatai
ойбоу, роман жазып кетіппін ғо
Marationok
Әйелдер жұмысқа шыққанда бала тәрбиесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөле алмай қалуы мүмкін. Менің ойымша, ең жаман нәрсе осы.
Иә, әхә, сосын шығып жатады анау «ріжи Алмас» немесе «алматылық Зорро», содан сұрақ, кімнің тәрбиесі?
Marationok
Жұмыс пен дүниетанымның байланысын көрмедім, дүниетанымды жұмыстан алады деп кім айтты сізге? Кабинетке тығылып, бір біріне өсектер жаңалықтар айтып, тәттілермен шай ішу ма? Дүниетаным деген, осы ма? Әлде қалай еді, — «Ойбай Гуля, анау кімді білесіңбе, Миканы? Сол бар ғой, біздің бастықтан жүкті болды ғой, құрррсын».
Қай жақтан қарасақ та, менталитетіміз әлі өзгермес, иә өзгермейді де. Жұмыс пен дүниетаным бөлек заттар, дүниетаңызды үйіңізде-ақ таба аласыз, жолдас, туыстарымен қатынап тұрсаңыз, жалпы саяқ жүрмесеңіз.
Rozatai
кім айтты сізге? © Мүштар Маханов
boztorgai
осындайда есімін кіші жүздің тұтас бір аталығына қалдырған кетебике анамызға еріксіз дұға бағыштайсың