"Карменсита" қойылымы алғаш рет драма болып сахналанды.


Ақпанның 29-ы және 1-2 наурыз күндері Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірім театрында «Карменсита» қойылымның премьерасы болды. Проспер Мерименің «Кармен» новелласының желісі бойынша драмалық нұсқасын әлемде бірінші болып сахна төріне шығаруы режиссер Талғат Теменовтың басты жаңалығы. Қойылымға Мәскеудің «Жас Опера» театрының бас балетмейстері Иван Фадеев арнайы шақырылып және Талғат Теменовке «ради тебя» деп бірлесе жұмыс істеп, сіңірген еңбегі үшін «5 мың-ақ доллар» алыпты. Талғат ағаның айтуы бойынша, Иван ағай шет елдерде атқарған жұмысына кем дегенде100 мың доллар алады екен.

Кармен-сыған қызының рөлін Жанар Мақашева, Хосе-сержантты Мақсат Сәбитов, Эскамильоны Бейбіт Қамаранов, Сыған кемпірді Лидия Кәден, Цун-капитанды Рахман Омаров сомадады және т.б қосымша рөлдер болды.

«Кармен» шығармасының бас кейіпкері — испандық жас сыған қызы. Кармен өзінің сымбаты, бойдағы жалындап тұрған жастық қуаты, асау мінезі арқылы елдің бәрін өзіне ынтық етеді. Ғашық болады, сүйгізеді, сүйеді.
" Сені ұмыту күні ұмыту емес пе, Сені ұмыту айды ұмыту емес пе, Сені ұмыту өзімді өзім ұмыту емес пе?!"- деп Эскамильо ғашық болса, Дон Хосе туған-туыс, дос-жардан, тіпті анасын, қыл аяғы өзін ұмытып Карменді сүйеді. Ақыры қызғаныштан жолына кедергі болғандардың барлығын өлтіреді. " Қолым енді жетті ме "-деген кезде Кармен шерменде Хосеге бүй деп айтып:
" Бәрі біткен өте шыққан жаңбырдай… Бұл өмір тек өзгеруге жаралған. Неге тәтті аралардың шырыны? Өйткені олар сансыз гүлден нәр алған. Мен де солай жалғыз өскен шынармын. Махаббатың ыстығына құмармын. Мен де солай ешкімнің де еншісіне бұйырмас асау болып тулармын да тынармын..." ғашықтық отына күйіп, есін жоғалтқан Хосенің қолынан қапияда мерт болады.
" Мен сені сүйем сүйіктім, бірақ мен еркіндікті сенен де артық көремін… кешір..." деп жан тапсырады.
«Кармеееееееен» деп жан ұшыра айқайлап, ақ ұрған Хосе де өзіне қол жұмсап, драма да аяқталады.

" «Карменсита» қойылымын халық жақсы қабылдады"- деп есептейді режиссер Талғат Теменов. "Өйткені үш күн қатарынан болған қойылымда билет түлгелдей дерлік сатылып, залда ине шаншар орын болмағынынан-ақ байқауға болады"- деді қойылым режиссері.
Бөлісу:

19 пікір

Aya
Мен сені сүйем сүйіктім, бірақ мен еркіндікті сенен де артық көремін… кешір…
katipash
Мен ақпан айының ортасында бұл спектакльдің дайындығын тамашалағанмын… Артисттер — нағыз шеберлер… Кейіпкерлердің көптігі мен ән-билер ұнады. Теменов молодец. Сығандардың аурасы тамаша көрсетілген. Браво!
Aya
Көңілді, әсіресе жастарға керемет әсер етті. Сахна декорациясы да тартымды. Кармен әйелдер қауымының жиынтық образы. Маған ұнады енд бұл қойлым ше
Yerkezhanym
Керемет қойылым болды! Тұнған романтика, махаббат, сезім. Билері гажап екен.
TERISKEY
әлемде бірінші болып сахна төріне шығаруы режиссер Талғат Теменовтың басты жаңалығы.
Aya
неге күлөсіз?! Өзі солай айтты ғой…
kokbori
Жетістірген екен
dark_nazgul
Қашан болады екен енді тағы?
былтын айгүлл Иманбаеваның «Медеясына» бара алмай арманда қалып едім…
Aya
17 наурыз, сенбі болады, сағат кешкі алты жарымда
Премьера Карменсита ( «Кармен» повесіне фантазия )
авторы және реж. Т. Теменов
dark_nazgul
сосын, Ая, «Кармен» повесть емес, новелла. ))
Aya
Новелла қысқалау болмай ма?! «Кармен» ұзақтау, кішігірім кітап сияқты болған оқыған кезде. Сосын солай ойладым. Сосын мынжерде де сөйдеп тұр даYour text to link...
dark_nazgul
айта береді. Мені тыңдасаңшы.
satibaldi
Осыны тыңдаңдар құрысын, шатылып кетерміз, таразисстің.
Aya
Әрине, сізді тыңдамағанда кімді тыңдаймынкәз түзеп қоя салармын
dark_nazgul
У любви как у пташки крылья тра ля ля ля тра ля ля ля ля
ademi_alem
Құтты болсын! Көпшілік қауымның ықыласына бөленген қойылымды менің де көргім келеді. Алматыға жол түскенде міндетті түрде барармын.