Астанадан алған әсерлерім (Zhan-ға арналады)

Құрметті керекшілер, мен баяяяяяяяяғда айтам деген постымды бастағалы жатырмын. КВН нің «Маусымашарына» барып, онда Астаналық керекшілермен кездесіп қайтқанымды алдыңғы постымда жазғанмын. Өкінішке орай ол пост «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» дегендей өшіріліп қалды. Оқып үлгірсеңіздер онда қалай кездескенімді жазған болатымын. Енді сол кездесуде танысқан Керекинфо тұрғындары туралы түйгенімді баяндаймын.
Әлқисса, мен кезінде психологияға қатты қызығып соңынан түскенім бар. Кейін қартайғасын тастадық. Соның әсері ме, кез келген адаммен кездескенде оның қандай адам екен деп ойланып, ойша саралаймын. Керекшілермен кездескенде де сол әдетімнен жазбай, әрқайсысына өзімше баға бердім. Соны сіздерге айтқым келіп отыр.
Жалпы, басшымыз Асаубота туралы айтайын дегем, бірақ 8-наурыз келе жатқанын ескеріп, арадағы жалғыз гүл Zhan нан бастадым. Сонымен…
Сонымен, Zhan мен Жастар сарайының жанында басқа керектіктермен бірге таныстым. Әдеміше келген, көздері қысыңқылау, өткір, кербездене қарайтын, қараторы қыз екен. Бір көргеннен ақ, «ай, сөзге кеп қалғанда, қазық қып қағып жіберетіндердің бірісің ау» деп қалдым. Алайда көп сынауды реті жоқ (обалың Marco ға, ішке кіріп кеттік. Шыққан соң атын ұмыттым, бір жерге барып отырдық. Сонда Zhan ның ішіне емін еркін аралаудың сәті түскендей болды. Сөзімнің тұқ етері, мен оның мінез құлқын былай суреттедім (қателессем Шива Жан кешірсін), тік мінезді, өрлігі бар, сосын жалғыз өзі жүргенді ұнататын жан секілді көрінді. Содан соң қажеті болмаса да тағы түйгенім ол баланы аса бір ұната бермей ме деқалдым. Жігіттерді ұнатса да, бірінші ол бастасын деген мінезділігін, көзге тәкәппар көрінгісі келетін жаны нәзік қыз бейнесін көргендей болдым. Егер жігіт ұнамаса, «жемеш нақ» деуі де кәдік.. Сосын өте романтик болып көрінді
Тағы басқа мінездерін көргендей болдым, бірақ жеке басқа байланысты болғасын айтпауды жөн көріп отырмын.s
Міне менің Zhan туралы түйгенім осындай. Біразын ұмытып та қалдым, қаурыт жұмыстың кесірінен деп сылтауратайын. Қалған Керектіктерді, бұйырса, келесіде жазамын.

Пы.сы. Менің кәсіби психолог емес екенімді ескеріңдер. Жәй, түйгендеріммен бөлісу.
Бөлісу:

42 пікір

asaubota
мұндай арнауды көрген де бар, көрмеген де бар!
VKM
 Қандай позитив пост. Жааан,қуаныштымын!
Zhan
Егер сен КВН-ға келгеніңде Марко саған керемет жазба арнайтын еді!
Aldeken
қараторы қыз екен.
Не ғо, Көкбөрі, өзіңнің негр екеніңді тұспалдағаның ба, бұл?
Aldeken
Маусымашарға келмеген нәзікжыныстылар, ренжімеңдер, ия ма?
satibaldi
Не ғо, Көкбөрі, өзіңнің негр екеніңді тұспалдағаның ба, бұл?
 Мен Фейісбоққа барып, Жанның суретін үш рет қарап қайттым нақ
kokbori
Миығ кеуіп кеткен деп ұрыспасаңыз, бұл сөзіңізді түсінбедім
araika
Көкбөрі, сенімен кездесуді жазбасын, сыртымыздан өтіп ішіміздің бәрін ақтаратын
madlen
Сондай прям нәзіктік сезіледі
Daniar-Alan
өзі де нәзік жігіт… адай екенін естіп таң қап отырм… осы уақытқа дин тірі адайды тек телевизордан көргем…
meirzhan
Автор әйел психологиясын меңгерген. Және азартпен, қызығушылықпен жазған.
seyh
айтпа білгір екен Әйеліңді көрсетсең басқа қырынан тануыңа көмектесетін сияқты ғо
Не ғо суретке қарап та айта бересің ба ?
aikarakoz
пал аштыруға ойыңыз кетіп жатқан сияқты ғо
seyh
ана жұлдызнаманы оқып, пал аштырып алсаң көзің ашылып қалатын сияқты ғой
kokbori
Бір кезде суретке қарап мінезін айтып көргенмін, бірақ жетекшім тыйым салғасын қойдық. ОЛ көріпкелдіктен емес, логика арқылы көрінеді ғой
Marationok
Бөрі, сізге роман жазу керек қой
Zhan
Ойбу, құпия деп әлдеқандай боп жүрген маскамның бәрін ашып, қопарып оқып тастапсыз ғо мені. Бұл 8 наурызға мен күтпеген тосын әрі ең күшті сыйлық болды. Сен туралы 9 мамырда жазармын, амандық болсаРахмет, Саясат Бақытгерееич ибн Көкбөрі мырза!
kokbori
Сегізінші наурызда қасыңызда болмайтыным өкінішті, әйтпесе… Ал мынау алыстан сәлем деп қабылдаңыз
TOTY
Уаууу,Zhan, құттықтаймын, сыйлығың шынымен бірегей екен!
Zhan
Рахмет! Қайда жүрсің? Көрінбейсің?
Abilakim
Бұл КВН-ға Жанна бөлек қыздар барса да(керекші қыздар) сенің жазбаны Жанна бастарыңа мен сенімдімін
satibaldi
қараторы қыз екен.
Aldeken -ше? Жасыл жігіт пе?
Zhan
Жоға, Алдекең дархан, жаны жайсаң жігіт қой. Нағыз қараторы если че осы Алдекең болады. Сатеке, мынау жақсы бастама болды. Мен осы ақтөбелік үш ноян Аршат, Алдан, Марко туралы пост жазу ойымда жүрген. Көкбөріге рахмет, сол ойды қайтадан еске салған.
Aldeken
Аршат, Алдан, Марко туралы пост жазу ойымда жүрген
бұл да жазылмай қалды, Жан да көрінбей кетті…
Aikona
Уау, недеген мойындаулар! Романтикалық сыйлық екен, күшті
VKM
шынымен,өте әсерлі,әдемі пост.Маған да ұнады.Жақсы сөз, таза ниет ешқандай сыйлыққа жетпейді, меніңше.
Aikona
иа дұрыс айтасың!
satibaldi
Дегенмен, материалдық сыйлық қашан да ыстық қой, мойындасайш нақ
VKM
шын айтамын, гүл солады, парфюм бітеді, ойыншық ескіреді, кітапты шаң басып тұрады, алтын мен күміс ескірмесе де мезі болады, тсс… ал жақсы,ұнаған жақсы тілек,өлең, не мына сияқты пост есіңде қалады.
satibaldi
Хе-хе, қойыңызЧ
VKM
кляяяянусь, век свободы не видать
Zhan
Дұрыс айтасың, не только тілек, бір жылы сөздің өзін ол саған жүрегімен айтып тұрса есіңде мәңгі қалады.
Janasil
Бастамаң қызық екен.
Aizhantabyn
ғажап!!! Жан, ақыры жетті ғой ханзадаң))))
Әдемі, әсерлі, ерекше екен!!! Романтик!
Zhan
Көкбөрі женатик қо)
Aizhantabyn
)))) и че?)))))))))) приятно же, эниуай)))))
Daniar-Alan
нэ дид?!!! иии Көкбөрі…
Daniar-Alan
жалғыз өзі жүргенді ұнататын жан секілді көрінд

а маған кажетса олай мес…
kokbori
Құрметті Дәке, бұл пікірге қарсы жауапты тек Zhan ғана береді деген ойдамын
Aldeken
Қалған Керектіктерді, бұйырса, келесіде жазамын.
қалғанымызға бұйырмай кетті-ау дим, Көкбөрінің психопортреттері…
Daniar-Alan
мен туралы жазбай-ақ қойсын. Өзім де білем қандай екенімді. Қаяқтағы жоқ иттұқымдастың менің «портретімді» няғығанының қажеті шамалы…