Аналарымызға не сыйлаймыз?

Ассалаумағалейкум Керекші қауым! Баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймын қазір қар жауып жатса да  Ақ сүтін беріп аялап өсірген аналарымызға не сыйлайсыздар? Осы жерде бөлісе отырсаңыздар…
Пы.сы жарытып жазба да, пікір де қалдырмасам да қатырып тұрып оқимын осы сайттағы посттарды
Бөлісу:

72 пікір

seyh
дауайте белсендірек қыздар-жігіттер
Aizhantabyn
Алтын алқа, білезік, жақсы парфюм, гүл, жақсы былғары дорба, қымбат сағат, сырға, камзол, немере))))
seyh
осының бәрін апарып берсең мынау да маған ба, мынау да маған ба ойбай-ау мынаның бәрі маған ба дейтін сияқты ғой
Aikona
Соңғы вариант ұнады  тоғыз ай бұрын ойлану керек еді ғой
asaubota
ескі соткамызды берудің еш сөлекеттігі жоқ. ескі соткасын маханына беріп, өзі жаңа сотка алғандар көп деп ойлаймын.
Abilakim
Ата-аналарымызғабіздің ештеңеге ұрынбай аман жүргеніміздің өзі сыйлық. Ол кісілер шын жүректен қағаздан гүл жасап берсең де қуана қабылдайды
seyh
ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің деуші еді. Шынымен де жап-жақсы ойланады екенсің бір жақсылық жасасам деп Ай бірақ не берсек те борыш ақталмайды ғой деп құры қол жетіп барғаннан сақтасын
salta
ялыватрм, ялыватрм қатты, мен үнемі мамама берем соткаларымды, бір басында 3 соткасы бар
asaubota
ұялма. жалғыз емессің.
Zhan
Мен өзі апамда не жоқ, соны біліп аламын да сол затты сыйлауға тырысамын. Өзі кейде үйде анау жоқ, мынау жоқ деп айтып отырғандарын әкеп бере қоямын. Ал өз шешеме 31 жасқа келдім, сенесіздер ме ештеңе сыйламаппын осы уақытқа дейін. Осы биыл бірдеңе сыйлап мәз қып қоймасам.
Abilakim
Мен де өз шешеме еш зат сыйлап көрмеген екенмін, мерекесімен құттықтамағанда шығармын.
Zhan
Енді кемпір-шалдың қолында өскендіктен шығар.  Мамама былай шынымен өмірімде сыйлық алып көрмеппін. Тек ақшалай өзіңе қалаған нәрсеңді сатып ал деп қолына ұстата салам.
Banu
Мен анама аягын салып отыратын ванна и массаж жасайтын алып берсем ба деп ойлап отырмын және әрине оған қоса гүл мен өз сөзіммен жазған құттыктау қағазын
Gulistan
Мерекелерді күтпей-ақ, реті болғанда, сапарлардан келгенде әке-шешеме сыйлық жасағанды жақсы көрем.
Әдемі жаймалар, көйлек, білезік, орамал, косметика — осылар екен.
Бір өкініштісі, мені бағып-қаққан мамама (әжем) түк қызық көрсете алмағаным. Ол кісі мен мектеп бітірерде 1998 жылы бақилық болып кетті. Сол көненің көзі — асыл әжелеріміз түк қызық көрмей кетті, немерелерінің өсіп-өніп, қатарға қосылғанын да көре алмады.Менің әрбір жетістігім ол кісі үшін сыйлықтың көкесі болар еді деп ойлап қоямын.
Aikona
Менде ойланып жүрмін, не алуға болады деп???
Marationok
ұялы телефон алуға болады
seyh
ашейінде ақылгөй, сыншы, кеңесші боп біреудің жөнін жынды ғып жөндейміз да осындай да ауызға құм құйылады шее
aikarakoz
Айкона, мамаңның жасы нешеде? Соған қатты мән бер
Aigolek
Мен мамага подарка алганда озим де пайдалана алатын заттарды силаймын. Мысалга откен жылы алтын колье силагам. Ол уже меники
aikarakoz
 жақсы идея екен! Мен осы жолы өзімнің рәзмерімдегі көйлек сыйламасам
Aigolek
еще мини декойсанч
Marationok
онда сыйлықтың мәне кетпей ме?
Aigolek
силыктын мани олар ушин силыагынды коршилерге, падрошкелерине, туган туыстарга мактану. Мине менин балам не силады деп. Одан кейн сенин силыгыннын мани жок.
Marationok
қателесесіз, ол сыйлық әрдайым есінде болады анаңыздың, о менің балам сыйлады екен деген сияқты
Aigolek
сиздин ананыз сондай дуниеконыз шыгар. менин мамама менин аман есен жургеним маныздырак силык.
Abilakim
сыйлыктын есте сакталуынын дүниекоңыздықтың белгісі екенін білмеппін.Біреудің анасын «Пәлен» деуге қандай қақыңыз бар?
Aigolek
Маратенок инин ба аган ба?
Marationok
Жалпы кімнің анасы болмасын, оған тіл тигізіп балағаттау, ол жексұрын адамдардың ісі. Мәселе сыйлықтың өзіңде емес, мәселе сыйлық сыйлаған адамда, осы сөздер санаңызға қонбаса, білмеймін…
Aigolek
Вооо. Енди менин айткан пикириме кайтып келдиниз. Ягни не силаганын манызды емес екенине сосын ол силыктын мани сиздин озиниз екени. Ана биреу жерде ойланбай жазжвериппин. Кеширим ете кориниз. Сосын дуниеконыз деген жаман угым емес менинше. менин ажем оте дуниеконыз адам. Бирак ол ващще жаман касиет деп санамайм.
Marationok
Мен үшін жаман, дүниекоңыздық пен сыйлықтың байланысын көрмедім, сізге жазып отырған мен да ақымақпын, сау болыңыз.
ulergen
Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда қарызыңнан құтылмайсын… Ана — асыл жан ғой шіркін..Өте дұрыс сауал.Аналар мейрамына не сыйлаймыз? Анам 8 баланың анасы,«Алтын алқа» иегері.Анам жайында қалалық «Түркістан» газетіне кішігірім мақала жазып, мейрамымен құттықтағым келеді.Мүмкін анам оқыганда қуанып қалар,қалай ойлайсыздар? Әлде басқа нәрсе сыйласам ба екен..
a63a1
 ойлап қоям, ананы мектепке неге арқалап апару керек деп
ulergen
Азілдің қажеті жоқ ау..
aikarakoz
Мақала жазсаңыз, анаңыз пәдрөшкелеріне айтып, мақтанып жүреді ғой
seyh
иә ана үшін баласының жетістігінен артық бақыт жоқ шығар. Көңілін көтеріп-ак тастайтын сыйлық екен
Marationok
сосын теледидарға құттықтауға да болады
araika
Қаңтарда қыдырып мамам келген ауылдан, сол кезде шәлі сатып алуға базарға барғанбыз. Жанымызға жас жігіт келіп, «апама алғым келіп еді, маған да таңдап беріңізші» дегені. Сондай сүйсіндім  Жігіт жәй ғана ала салған жоқ, мұрнына исі бармаса да, барынша тырысқаны анасына деген сәл де болсын бірдеңені аңғартты.
kokbori
ЖАй ғана танысуға сылтау болмасын
araika
Әйтеуір бір жеңді дайындап тұрады екенсіңдер Сылтау емес, тек СЫЙЛЫҚ
seyh
Анамыз алғашқы немересін сүйді Аллахқа мыңда бір шүкір. Енді сол әже боп арамызда жүре берсін деген ниетпен оюлы жақсы бір камзол, шәлі дегендерден сыйласам ба деймін
Сіздер де кішіпейілденбей ойларыңызды ақтарып ақтарып тастамайсыздар ма біраз жақсы идеялар болса жымқырайық
kokbori
Ең бірінші атыңды шығару керек деп ойлайм, ол үшін ең жақсы сыйлық болар еді. Ал, өз басым анама сыйлық беріп көрген емспін. Бірақ сол күні үй шаруасына көмектесем, инені басында сындыра алмасам да
araika
Ең бірінші атыңды шығару керек деп ойлайм
«Атың шықпаса жер өрте» дегенді алға тартып тұрсың ба?
kokbori
Жоқ, жұрт ой мынау пәленшенің баласы ғой, жайылып жастық, иіліп төсек болып жатса, анаға содан артық керек емес қой
Қазір жер өртеп атыңды шығара алмайсың да ғой, өрт сөндірушілердің техникасы дамып келе жатыр
aikarakoz
хотя бы бензин шашып кетуге болмай ма?
Aigolek
Атын шыгу ушин жер ортесен ортеген сон признаваца етуин керек ко. Сонда гана атын шыгат
konvict
Менің анамның туылған күні 7-наурыз. Қос мейрам мен үшін. Жыл сайын 8-наурызда ауылға тартамын. Ал, сыйлыққа не бергенім есімде емес. Биыл үлкен кесе(біз жақта кердең кесе дейді) алып бермек ойда бар.
FaraOn1
осы керекте уникальный вештердің суреті жур ед. асханада комек болатын. соны таппай отырмын. соны корген кезде мерекесіне осыларды алып беру керек деген ой келген. сол есіме тусип отыр. бірак сылкасын сактамаппын, жазбаны жогалтып алдым, тапкандарын болса зякните.)))
Karakyz
Анамның арғы күні болатын туған күніне әлі сыйлақ таңдаған жоқпын, сумка алатын шығармын. Сегізінші наурызға содан кейін ойланам)
VKM
Мамама «Chance (Chanel)» парфюмін алып қойдым
Marationok
маркасы қандай, және неше тұрады, мен де соны барып алам
VKM
12000 тенгеге стюардесса подругам әкеліп берді.«Французский дом»да 20-22000 тұрады,100 мл
Marationok
онда сотканы сатуға тура келеді, сосын құрамында іспирт деген бар ма?
FaraOn1
оданда соткамды бере салам
деп түсініп қала жаздадым)))
Marationok
ескірген сотканы беруге… жасай алмаймын ондайды. Сыйлықтың аты сыйлық.
VKM
білмим, бірақ тамаша иіс. Сондай жастағы адамдарға келеді
Marationok
сонда да, қолыңызда болса егер, оқып жіберсеңіз, меніңше alcohol деп жазулуы керек, французша да солай-ау дим
VKM
10 градус деп тұр
Marationok
көп екен, 2-3 градус болама деп жүрсем
VKM
Білмедім) Мен ол туралы ойламаппын.Германиядан алып келді,қайдан білемін?
Marationok
сізге ештеңе айтқан жоқ едім ғой, анамда іспиртке аллергиясы бар еді да сол ғана.
seyh
Сондай жастағы адамдарға келеді
осы жерді нақтылай кетсек
VKM
Мамаларға, менің мамам 46-да
nurbolsaparbai
акшам жок кажылыкка апаратын едім,
казірше ен жаксысы акша бері озі калаганын алады,