"Ностальгия" Нұржан Өмірбаев



Бұл Нұржан Өмірбаев. Менің ең, ең, ең сүйікті айтыскер ақыным. Нұржан 1990 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ақсуат ауданында «шыр етіп» дүние есігін ашқан
Толығырақ білгісі келетіндер мынжерге үңілсінYour text to link...

Маған ұнаған жырларының бірі «Ностальгия»:

Қазан соңы қатал қыстан хат келіп,
Қараторғай қалтырайды сап кеміп.
Қара ұлдарын жіберетін тезекке,
Қайран анам қолымызға қап беріп.

Көрші үйдегі көп балалар көшеде,
Көмірі бар, асық ойнар көш ере.
Кететінбіз қимай – қимай ойынды,
Күбірменен қомп – қомп етіп шешеге.

Сар сақаны келгенімен иiргiм,
Солғын күзде хәлі мүшкіл уйiмнiң.
Солқ – солқ жылап ұзайды екеу ауылдан,
Сор табан боп соқпағымен сиырдың.

Біраздан соң қызу жарыс қарасаң,
Бір жапа үшін ағамменен таласам.
Боқ таппасақ боқтаймыз кеп сиырды,
Бітеу болып қалған ба деп қарасан.

Ағам ширақ, тез толтырат өз қабын,
Ал, мен жалқау, жіберем тек сөз жағын.
Асығамын, бала күннен намысты ем,
Адамның еш каламайтын озғанын.

Тас тепкілеп қайтатын ек кешқұрым,
Туфлидің бағаламай еш құнын.
Тезек жанып, қайнағанша күрең шай,
Тығыламыз пана қылып пеш түбін.

Сонда анашым жас балаша қуанып,
Сандықтағы кәмпиттерін шығарып.
Сондай ыстық, мейірімді жүзімен,
Салқын күзге салатын ет бұғалык.

Бейкүна кез, балғын дәурен тез өткен,
Бес күнді осы тоқтата алман тежеп мен.
Білмеппін-ау, сол кезде мен балалық
Бірге жанып кеткендігін тезекпен.

Балан күнім ғазиз бастан өткерген,
Бақытымды Құдай қалай көп көрген.
Боқ дүниеден безінгенде кейде осы,
Балалықты аңсап кетем боқ терген.
Бөлісу:

19 пікір

Aya
Салқын самал тербетеді сырлы үнін,

Мен байғұспын, бөліскендей бір мұңын.

Неге сонша жаралайсың жүректі,

Мың бір түннің қимадың -ау тым бірін.

Пәк сезімнің ақ тамшысы себелеп,

Түнгі қала, шіркін, қандай керемет.

Жүрегіме жара салған жазылмас

Сен болмасаң, мұның бәрі не керек?!( Түнгі қала, Н. Өмірбаев)
araika
Сілтемең арқылы керек адамымды тауып алдым
«Студенттің үйге жазған хаты» Мерей Қартовтыкі екен ғой, Мәссағанда ма, жоқ әлде Қазақша концертте ме айтылып жүретін.
VKM
Оооо, менің жерлестерім маладестер. Оқып шықтым. Ақындарды
kokbori
Балаң күнім ғазиз бастан өткерген,
Бақытымды Құдай қалай көп көрген…
Мен бір кез тілім безеп, айтысып,
Арқылы ақын айтыскер де боп көргем — десем, ә?
Aya
Болғанмен айтыскер ақын,
Білгенмен ақындық хақын,
Тіліңді безе, беземе,
Жетпейсің Нұржанға жаным.
kokbori
Әрине, көкем, сөзіңде жан бар,
Өз жолын әркім өзінше таңдар.
Айтыскер болу мұратым емес,
Таңдауым басқа осыны аңғар
TOTY
О, мен бірінші рет оқып тұрмын.
Aya
Енді үнемі оқып тұрыңыз
kokbori
Ая, жаным, шабытым шауып тұрғнда үнсіз қалғаның жаман болды. Атасына нәлет, сол шабыт Нұржанды да дуэльге шақыр деп тұр ғой
Aya
Шақыр десе шабытың,
Айқын болсын бағытың.
Атаға нәлет дегенің,
Көкбөрі қай сасқаның?!
Десе де маған бәрі бір,
Бірің өліп, бірің қал Ұйқастарым джынды болып кетті ау деймін
kokbori
Бірің өл деп, қарағым,
Тым биікке ұшыпсың.
Қате ме, қайта қарадым,
Ойбуу, қатты құсыпсың.
Атасына нәлет деп,
Шабытыма айтқанмын.
тасыған соң шелектеп,
Соңына ергем сайтанның.
Шабытқа тоқтау салғасын,
Бітер, тоқтар, суалар.
Ұшқың келсе егер де,
Байқоңыр мен Шуға бар.
Құрысын, шабыт пыр пыр етіп ұшып кетіпті, әзер келтірдім
Aya
Сайтан берген шабытты,
Көкбөрі қандай бақытты?
Нұржанға Тәңірі сыйлаған,
Ақындық деген жақұтты.
Нұржанның осы артығы.

Мағауинді оқымай,
Күңгірт сенің ертеңің.
Мағауинді оқымай
Дуэль сенің не теңің?! Десем бола ма болмай ма
kokbori
Мағауиннің қатысы
Неде екен Аяшым?
Байқа кешке шықпағын,
Шалық тигеннен аясын.
Сайтан шабыт бермеді,
Нәлетті маған айтқызды.
Нұржаныңа сөзім жоқ,
Әр сөзіңді айт ізгі.
Құрысын, ақын қылғызып,
Кетер мына сайт бізді
Aya
Ой, жарайды))Осы жерден қоя салайықшы, шаршап кеттім ұйқас қуалаудан.
kokbori
 Мен де. Сізге деген сүйіспеншілікпен
Aya
ыстық ықыласпен қабыл алдық