Жоғалған бұзау

Мал болған соң жоғалады,өледі,ұры-қарының қолында кетеді дерсіздер. Бірақ, бұл бұзаудың жоғалу мәнісі басқаша.
Ол кезде 5-6 класс оқитын кезім болу керек.Сол жылы шөбімізі аздау болды ма,әлде қыс ерте түсті ме білмеймін.Әйтеуір шамалы қар бар уақытта тағы да шөп түсіргеніміз анық.Қораның жанында ағаш шарбақтан салынған аранды шөпке толтырып қойдық.Кешкілік малды түгендеп кіргізсек бір бұзау жоқ.Бұзау болғанда да торпақ қой енді.іздемеген жерім(із( жоқ.көршілерден сұрадық, жаздай жайылған жерлерін шолып келдік дегендей.ізін шиырлап тауып алайын десекте қар соншалықты із кесетіндей емес.Обшым, жоғалған мал жоғалды.
Малға шөпті бірде төбедегі шөптен, бірде араннан алып беріп жүрген кезіміз.Бір күні шөп суырғышпен (жұтқын деп те айтады, ұзын істік темір, етік тігетін біз тәрізді формасы, шөпке қадап суырып алсаң әжептеуір шөпті жұлып алады)шөп алып жатсам шөп арасынан малдың жас тезегі шықты. аранға мал кірмегені өзіме аян.«Бұл не болды екен?» дедім де қойдым.ертеңіне әлгі жерден тағы шөп суырдым, басқа жердікіндей емес, шөп айырмен де оңай суырылады.Бос. Ар жағы қуыс тәрізді.Не де болса деп шөпті айырмен жұлмалап жүріп түлкінің ініндей қуысқа кез келдім.одан әрі қопарып ем қуысым үлкейе берді.БҚызық көріп қуысқа кіріп кеттім.Өзім кірген қуыстан жарық түсіп тұр.Әр жақта бірдеңе қараңдайды.сөйтсем мал.Мал болғанда да торпақ тұр күйіс қайырып.Шөп түсірген күнгі торпағымыз шөптің арасында тірі тұр.«Бөседі екен мынау, жәрәйді, шөп жеді делік, суды қайдан ішкен?»дерсіздер. Ағашпен қоршалған аранның ең шетіне қарай тұрып қалған торпақтың үстіне шөп төгілген.ол да дыбыс шығармай тұра берсе керек, не керек жауған қар ағаш арасынан түсіп тұрған, бұл соны су орнына пайдаланып жүрген.содан кейін мойны жеткен жерлердің шөбін жей берген, сөйтіп әжептеуір қуыс жасап алған екен.Жып-жылы әлгі жер.
Бөлісу:

13 пікір

Botik11
керемет
Abilakim
керемет, бұзауды таба алмай келгенде естіген сөздерім де керемет!
Botik11
енді қайтесің)
a63a1
Болады болады ондайлар) біздің де аранның ішінен өліп қалған бұзау тауып алғанбыз бұрын
a63a1
күзге қарай стогометпен аранға шөп үйіп жатқанда аранда қалып қойған аймаңдай бұзау
Abilakim
содан бері шөпті гороскопмызды оқып алып түсіретін болдық
19852407

Бұндай жағдай тек Айсұлтанның басында болуы ғана мүмкін
Ereke
Қанша күн тұрған шөп астында?
Abilakim
1 жарым айдай
Armanjan
әбден қоңданып алған шығар ә қуың!!!
Abilakim
біразға дейін су іше алмай жүрді, алдына қар тастап қоятынмын
araika
Жоғалуда жолы болмаған бұзау екен

Бұлар ауырған кезде де "өлсем тыныштықта өлейін" дейді ме, әйтеуір осындай сая болар жер қарастырады-ау…