Жігерлендіру
Мұң мен Шаттық алмасады дегенмен
Бақыт құсы ұшпапты-ау төбеңнен
Мұңды суын ішіп мынау Тағдырдың
Еріндерің… тістей-тістей көгерген
Еріндерің… ащы жастан кезерген
Мұңың ауыр… жанарыңнан сезем мен
Мұң мен Шаттық алмасады деуші еді
Бір өтерсің алмағайып кезеңнен
Суланып ед талай түндер жастығың
Көргеннен соң бұл өмірдің ЛАСТЫҒЫН
Мұң соңынан Шаттық келе жатушы ед
Мен бармын ғой,қабағыңды аш күнім!
Бақыт құсы ұшпапты-ау төбеңнен
Мұңды суын ішіп мынау Тағдырдың
Еріндерің… тістей-тістей көгерген
Еріндерің… ащы жастан кезерген
Мұңың ауыр… жанарыңнан сезем мен
Мұң мен Шаттық алмасады деуші еді
Бір өтерсің алмағайып кезеңнен
Суланып ед талай түндер жастығың
Көргеннен соң бұл өмірдің ЛАСТЫҒЫН
Мұң соңынан Шаттық келе жатушы ед
Мен бармын ғой,қабағыңды аш күнім!
ҚЫЗДЫ ЖҰБАТУ
Биылғы көктем құдты қыс,
Ызғарлы сендік көңілге.
Жыласаң жыла мұңды қыз,
Талақ айтпа тек өмірге.
Түсінем сенің ішіңде,
Запыран болған, нала-мұң.
Тек сенгін ішкі күшіңе,
Қайраттан енді қарағым.
Осы сөз болсын жұбаныш,
Өткенге бар ма амалың.
Өмірдің өзі қуаныш –
Қайғыдан тұрад саналым!
Суланбасын енді жанарың!
«бақыт құсы ұшты ерте төбеңнен» десеңіз, бәлкім мұңнын бояуы басқаша болар ма еді…
Менде осыған ұқсас өлең бар еді, өткенде оқып алып, бір жлъядым.
Бір өтерсің алмағайып кезеңнен...(жыладым)