Қуанышқа толы күн мен апта!

Қыс бітуге небары үш-ақ күн қалды. Кеше сабақтан келе жатып, қарға оранған ҚазҰУ-ымды суретке түсіріп алдым.

Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!

Үш күнен соң көктем келеді. Ал біздің қалашықта әлі қалың қар.

Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!

Осы аптада Алматы блогерлерімен 27-ші ақпан күні Астана қаласында өтетін блог құрылтайға билет алатынымыз белгілі болды. Алла бұйырса, наурыздың 21 Астанаға шығамыз деп айтты Aikona

Бұл апта мен үшін де , «Екпін» үшін де өте жақсы өтті деп нық айта аламын. Осы айдың 19-жұлдызында бізге 1 ай толды Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!.
Соған байланысты БАҚ өкілдері мен блогшыларға пресс-конференция өткіздік. Біздің қуанышымызға ортақтасуға Хабар телеарнасының белгілі журналисі Амангелді Сейтхан мен танымал пиаршы, блогшы, әрі voxpopuli сайтының басшысы Әлішер Елікбаев те қатысып, жобамызға сәттілік тіледі.

Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!

Біз туралы "Күлтөбе" сайты, «Мінбер», «Президет және халық» газеті, «tengrinews», «Болашақ» сынды тағыда басқа сайттар мен газеттер жазды. Казақстан, Мәдениет, СТВ арналары көрсетті.

Осы аптада жастарға арналған мәдени-танымдық онлайн журналдың беттерінен біздің админ asaubota мен Gastarbaiter «Бүгінгі ата-аналар балаларына қандай ертегі оқиды?» деген постымыздағы сауалнамаға жауап берді.

Қыс бітуге аз қалса да қыс айына арналған кинолар топтамасы осы жолы журналымызда Қысқы кино тізімі атты жазбамызда жарық көрді. Бұл кинолар тізімі қыспен қоштасуға арналғандай

Соныммен қатар, қаламызда өткен тағы бір маңызды мәдени шара Қысқы Jazzystan -ға журналисіміз Айжан барып қайтты.
Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!
Айжан әсем бұйымдарды жасайтын Әсел Хожамен, дизайнер Нұрлан Төреханов сынды тұлғалармен танысты.
Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!

Әдеттегідей осы жолы ғаламтор бетінде жарияланған қызықты мәдени жаңалықтарды «Аптаның қызықты материалдарының бесінші топтамасында» жарияладық. Жексенбіде бананнан жасалған тәтті балмұздақтан дәм татып, оқырмандарымызбен олардың рецептімен бөлістік.
Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!

Келесі апта сәтті басталып, күшті өтуін тілеймін Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!
Бөлісу:

26 пікір

Esmeralda
«Екпін» маған қатты үнады, кешеден бері бүкіл посттарды оқып жатырмын, мәдени жаңалықтар қатты қызықтырды  суреттер күшті екен, біздің факультеттің қалашықта болмағанына кейде өкінемін
rakisheva
Рахмеееет Esmeralda сенде ҚазҰУда оқисын ба?
Esmeralda
rakisheva
Танысқаныма қуаныштымын! Блогкепмке барасын ба?
Esmeralda
жоқ, мен блогер емеспін)
Aya
Айнұр, сендерге сәттілік. Алдағы күндерің қуанышқа толы болсын
asaubota
Екпін неге бөлек доменмен шықпайды, жеке сайт болып?
rakisheva
Қазіргі уақытта демеушіміз жоқ. Алдағы уақытта табылып жатса мүмкін шығатында шығар. Оны уақыт көрсетеді.
asaubota
домен 1800тг тұрады
Arsik
ekpin.kz/ біз домен сатып алдық уже, рахмет. мәселе басқа нәрседе ))
айтпақшы, Аршат, сізден хабар күтіп жүрміз).
asaubota
оны ұмытып кетіппін  жіберемін.

просто сайт бөлек доменде болса жақсы болатын сияқты. сол ебептен көп ешкім кірмейтін сияқты. Ювижннің ішіндегі бір бет болып көрінеді. сол жері адамды тартпайды.
Arsik
солай сияқтысы, солай сияқты, бірақ бөлек тұрсақ, мүлдем ешкім кірмейтін сияқты)) былай ювиженның қазақтары кіреді әйтеуір. сайтты доменге сол қалпында көшіру мәселесі де оңай емес, программист жігіттер «уақытым жоқ, жұмыс бастан асыватр» деумен шектеледі әзірге.
TERISKEY
Эхх, ҚазҰУым менің, "қорс-қорс жльадЪм"©
aikarakoz
біздің кезде неге мұндай шаралар болмаған
aza
Бір оқу орны…
Бір ғимарат…
Әр түрлі студенттер, просто…
19852407
"қорс-қорс жльадЪм"©

қосыла қорсылдадым,
анау  satibaldi түстес өткен шақта менің жатағым еді
aikarakoz
банан-мәрөжни қалай екен?
sammita
неге балмұздақ? шоколадты банан
bazuka
жұмыстарыңызға сәттілік!