Соңғы кездері мемлекеттік құрылымдарда кең белең алып, індетке айналған мәселе „Команда„. Сіздің командаңыз деп сөйлеу тіпті мода болды. Бастық ауысқан кезде ескі команданы ыдыратып, жаңа команда жинап жатады. Әрине ол команда білгір адамдар болса сөзсіз, дегенмен басқа салаларда жасаған адамдар жұз ұйықтаса да түсіне кірмеген салаларға келіп жатады. Көптеген жылдар бойы мекемеде қалыптасқан, жинақталған дағдыны, білім-білікті, қарым-қаблетті, тұтастық пен ынтымақты бір күде ысырып тастауға болады ма? Сіздер қалай ойлайсыздар, әлде мен „Команда„ ұғымын дұрыс түсіне алмай жүрмін бе?
Соны айтамын, кезінде ол жерде маман отырды ғой, енді мынаны үйретіп жіберу керек. Ол дегенің қыруар уақыт пен қаражат. Сонда бастық ауысқан сайын кешегі күнге орала берсек не болады?
Айталық, далаға метеорит құлады да, оны бүге-шігесіне дейін зерттеуге комиссия құру тапсырылды. АҚШ-та келесідей команда құрылар еді:
Кевин Уайтт — астрофизик;
Сара Мердок — радиофизик;
Скотт Япп — студент;
Винод Махараниан — кванттық химия инженері;
Роман Берковитц — минералтанушы.
Қаззақтардың комиссиясы келесідей боларына шүбәм жоқ:
Сарайақын Мұқтар — ақын, Халықаралық «Бұқар жырау» Сыйлығының лауреаты;
Темен Нарынтай — ақын, жазушы;
Сиязбек Зиуаддин — жазушы-фантаст;
Қайсар Мұқан — меценат;
Софы Құмар — этнограф, мәдениеттанушы;
Лохи Тықоглу — әнші, Халық Әртісі…
Өткенде Хемингуэйдің қассақшасын оқып…
Очм, аударғандар әлдеқашан Аид амигоға кетіп қалған болса керек. Ал редакция алқасы… Ого-го!!! Очм, баяғы мапия епті, ішінде қазір тоқсанның төртеуіне келген шал жүр, ол со кітап үшін не істей алды, тотақ та түсінбедім епті.
Қоғам болған сиқымыздың өзегін талдыра солқылдадыт жүрген осы сыздауықты жұлып адатын, бір ихтиолдық құрмадағы жақпа керек болғалы қашан. Өзегімен қоса соқтасын шығаратындай күші болса шіркіннің
Жақында бір тамаша мүмкіндік жібервалдым))) Бір мықты менеджердің командасына кір дегенде бас тартып… Астанада жалғыз жүріп жол табу қиын ау осы. Кез келген басшы өз сенген ортасымен жұмыс жасайды, жемісті болуы үшін, қалыпты болуы үшін жасаған қызметі. Оның несі айып, жаңа басшы келсе, сәйкесінше, ескі команда да да басқа жаққа жаңа боп барады емес пе?!
Команда деген барлық жерде бар. Ол қалыпты жағдай. Бастық ауысады, артынша сол мекеменің ең бірінші бухгалтері ауысады. сосын жайлап-жайлап бұрынғы бастықтың адамдары жұмыстан арыздарын жазып кете барады және бәрі де өз еріктерімен кетіп жатады. Артынша солардың орнына басқа адамдар келіп отырады. Өткізіп қойғаны бардай, қоқырайып саған біртүрлі қарайды. Бұрыннан «сол жердің» иесіндей сезінеді. Сөйтіп біз сияқты қатардағы пенделер олармен тіл табысу үшін біраз уақыт кетеді. Біреуіне ұнамай қалсаң сенің де ұшып кетуің мүмкін. Сол бастық ары кетсе екі немесе үш жыл отырады, сосын ол да кетеді, келген командасымен бірге кетеді. Мекеме сол өз орнында қалады. Жұмысты сол баяғы біз сияқты пенделер жасайды, олар тек қана келіп жаңағы лауазымның орны бос қалмас үшін «галочка» боп отыратын да мекемелер көп. Осы жүйемен жүре берсек, конечно «керемет» дамимыз.
Менде ешқандай командада емеспін. Кейде аналардың шікірейіп көкелеріне сеніп, бейғам жүргендерін көрген кезде пендешілікпен телміріп қарап, «Лібә, менде осылардың панасында болғанымда ғой» деп армандап кетесің. Ал ол бастық ұшып кеткен кезде ешқандай командаға жатпайтыныңа бір шүкіршілік етесің. Адам қай жерде жүрсе де өзіне сену керек екен.
Қаззақтардың командалары білгір адамдардан емес, сенімді адамдардан тұрады, дәлелденген.
Иә, бұл енді шындық. Павлодар облысына Сағынтаев әкім боп келгенде, бүкіл бір облыстан адам табылмағандай қаланың әкімін оңтүстік жақтан әкелді, енді Сағынтаев министр боп жоғары жаққа кетті, бір қызығы облыстың пресс-службасын «түп тамырымен» қопарып алып кетіпті
үйреніп кетеді ғой, басында көмектесіп жібересіңдер ғой.
міне осы ғо біздің менеджмент!
АҚШ-та келесідей команда құрылар еді:
Кевин Уайтт — астрофизик;
Сара Мердок — радиофизик;
Скотт Япп — студент;
Винод Махараниан — кванттық химия инженері;
Роман Берковитц — минералтанушы.
Қаззақтардың комиссиясы келесідей боларына шүбәм жоқ:
Сарайақын Мұқтар — ақын, Халықаралық «Бұқар жырау» Сыйлығының лауреаты;
Темен Нарынтай — ақын, жазушы;
Сиязбек Зиуаддин — жазушы-фантаст;
Қайсар Мұқан — меценат;
Софы Құмар — этнограф, мәдениеттанушы;
Лохи Тықоглу — әнші, Халық Әртісі…
Очм, аударғандар әлдеқашан Аид амигоға кетіп қалған болса керек. Ал редакция алқасы… Ого-го!!! Очм, баяғы мапия епті, ішінде қазір тоқсанның төртеуіне келген шал жүр, ол со кітап үшін не істей алды, тотақ та түсінбедім епті.
Командада емеспін деп мақтанып кетейін)))