Бір түнде үш блогшы соққыға жығылды



"Алматы қаласының Қостандық ауданында ақпанның 21-нен 22-не қараған түні үш блоггер соққыға жығылды. Ғаламторда көкейтесті тақырыпта мақала жазатын блоггерлерге жұдырық жұмсағандар әлі күнге дейін табылмай жатыр. Зардап шеккендердің бірі ғаламтордан рұқсатсыз мақала ұрлағандарды әшкерелеп жүрген Аңсар Аяпов алған соққыларынан уақытша блог жүргізуін тоқтатуға мәжбүр.


Мағлуматтар.Орг сайтының редакторы Аңсар Аяпов алынған соққылар нәтижесінде миы шайқалған, саусақтары жарақаттанған, құйымшағы зақымданғандықтан ұзақ отыра алмайды. Осының салдарынан ол екі аптадай ғаламторға шыға алмайды. 2012 жылғы блог құрылтайды талқылау мақсатында блоггерлер жиналып Шимирязев-Кутепова қиылысынан таяқ тастам жерде орналасқан дәмханаға барады. Демалыс орнынан шыққан блоггерлер бөлініп кетеді. Аңсар Аяпов Егор Оспановпен бірге көше қиылысына жеткен кезде бейтаныс жігіттер келіп ай-шайға қарамай, тепкінің астына алады.

Аңсар Аяпов — белсенді блогшы:

«Бірінші құйрық тұсынан қатты соққы алдым. Бұрыламын дегенше құлақ шекеден кетті. Ес-түсімді білмеймін. Есімді жисам, саусақтарым гипс. Қарақшылардың бет-әлпетін тергеу кезінде анықтап айтып бере алмадым.».

Ал, жалғыз өзі кеткен жетекші блоггер Жақсылық Хегайды белгісіздер саунаға жете бергенде ұрып кетеді. Белсенді блогер Аңсар Аяпов Егор Оспановтың ықшам компьютерінде «Сегіз Серік» газетінің және бірнеше журналисттің қарақшылық әрекетін әшкерелейтін айғақтар мен бейнематериал сақталған болатын, — дейді. Блогердің пікірінше, сол компьютерді қолға түсіру үшін біреулер қасақана шабуыл жасауы да мүмкін. Қарақшылар блогерлердің шағын компьютерлерімен қоса ұялы телефондарын да тартып алып кетіпті.

Болат Құрманғалиев — аудандық ІІД баспасөз орталығының жетекшісі

«Осы дерек бойынша ҚР қылмыстық Кодексінің 178-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азаматтар анықталып, іздестіріліп жатыр».

Тергеу барысында анықталғаны блоггерлер қаланың екі ауданында бір мезгілде соққыға жығылған. Сондықтан, блогерлер бұл сәйкестік болуы мүмкін емес деп отыр.
Бөлісу:

27 пікір

asaubota
Твиттердегі белсенді депутат ағайларға айтайық. бірдеме қылсын енді, құрығанда сөзбен болса да қолдаймын десін.
Simona
қaлжын- шынын aжырaтa aлмaй әбiржiп отырмын.
Zilola
ұры журналисттерге алдағы күндерде болатын уақиғаның алгоритмі
meirzhan
Журиктерден бәрі шығады.
Zako
Гаста анау спортивканы қайдан алдың?
Сенсеңіздер, менің де спортивкам тура сондай
Gastarbaiter
Арыстай блогерлер қан боп жатқанда сенікі не жырқыл!
Кеудеңде намысың болса аттан! Аттан!
edige
Атым қайда, қамшым қайда...?
Беріш Андрей емес пе жәбірленуші
Gastarbaiter
Сатыбалды, осы ме еді өлген жерім,
Қостандықтың боқтығына көмген жерің?
Кісісін бір былогтың біреу сабап,
Бар ма еді статыйяда көрген жерің?
Сатыбалды, өзің админ, өзің главред,
үгай-айй
Ішінде сегіз қырттың шенің артық.
Өзіңдей бір главредтің поштабайы,
Қолымнан планшетімді алды тартып.
Тартса да, кампотырды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Арттан кеп гоп-стоп жасап ұрып еді,
Намыстан, уа, дариға, өлгенім жоқ.
дарида-дат-даридаййй...өлгенеееем жоооқ...іийййй
өлге-е-е-енееем жоқ…
Botik11
осындай денгейге тусіп не болды сонша. көр елестеп.
asaubota
тасақсыз жазба. сәтсіз Рафаэлло стилі.
Gastarbaiter
Тасақсыз деген «нехуйевый» деген ба?
asaubota
тасақты деген пост еркек, мықты, огого! деген сөз
Zhan
Өткенде менде осы ұлы Рафаэллоның жүріп өткен жолдарымен бір пост жазғалы тұрдым да айнып қалдым. Себебі, осылай т… сыз деп айта ма деп…
Gastarbaiter
Жазуға болады былай күнде жаттықсаң, бірақ Рафаэлоның деңгейіне шығам дегенше тасақсыз жазбалармен жұрттың да зайыбын шығаратын сияқтымын.

Оның үстіне жазбада сенсациялық мән жоқ. Өзімше болмаған жағдай жаздым ба десем, таяқ жеген блогерлер ақпараттық әлемде бұрыннан бар екен ғой.
www.azattyq.org/archive/news/20111218/330/330.html?id=24425699

Абай болайық
dark_nazgul
Шемирязева мен Кутепова қиылыспайды ғой
TERISKEY
назар аудармаппын ғо
qisyq
Афффтор қалхоз
alashaman
Әй керекшілер. Ертең осы ақпаратты бір журналист газетке жазып, ақпарат агентігінен беріп жүрмесін. Бізден күтуге болады
Gastarbaiter
Білин, осыны тілеп отыр деп жүрмеңдер құрсын, беті аулақ.
Демалғанда абайлап жүрсеңдер болды, гопниктер планшет ұстаған әшкилі әлжуазды ешқандай саяси астарсыз да теуіп кетед: 
Zilola
планшет ұстаған әшкилі әлжуазды
Димаш?
AsanQaigy
таяқ жеген орыстың суретін қайдан алдың?
asaubota
интернетен алған шығар деп ойлап отырмын
VKM
Гаста да бірнәрсені істей алмайды екен ғой… мысалы, Рафаэлло болу
Abilakim
Зако аман ба екен?! Мына жазбаны оқыған сайын Законың амандығын іштей бір тілеп қоямын