23 ақпан, бұл қандай күн?
Былтыр 23 ақпанда сол кездегі Мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердоңғаров әріптестерін мерекемен құттықтап, оған Бекболат Тілеухан ренжіп, біздер, яғни журналистер біраз «тауар» тауып алып мәз болғанбыз. Биыл әйтеу Мәжілісте ешкім ресми түрде 23 ақпанмен құттықтаған жоқ. Жалпы отырыс кеше өткен. Әрине, кәбинеттерінде бір-бірін құттықтап жатқандар бар шығар. Алайда, ресми түрде ешкім ештеңе деген жоқ. Дегенмен, ғаламторда 23 ақпанды «мереке» деп, бір-бірін құттықтап жатқандар бар. Ал, мен болсам «мереке емес!» деп безеріп отырмын. Сонымен бұл қандай күн?
Өз басым 23 ақпанды «2012 жылдың ақпан айының төртінші бейсенбісі» деп қана бағалаймын. "Қазақты қан қақсатқан әскердің құрылған күні қазақ үшін мереке емес!" деп қасарысып отырмын. Келісетіндер мен келіспейтіндер екі жаққа сапқа тұрсын.
Фотоны knews.kz сайтынан ұрладым
Өз басым 23 ақпанды «2012 жылдың ақпан айының төртінші бейсенбісі» деп қана бағалаймын. "Қазақты қан қақсатқан әскердің құрылған күні қазақ үшін мереке емес!" деп қасарысып отырмын. Келісетіндер мен келіспейтіндер екі жаққа сапқа тұрсын.
Фотоны knews.kz сайтынан ұрладым
түсінбейдіТойлайтындар үшін ыстық — тойлай берсін. Тойламайтындар — тйоламасын. міндетті түрде баррикаданың бір жағына секіріп түсіп, басқаларымен төбелесу керек нақ.
Қаззақ ұлтшылдары тек фольклорды білетіні болмаса — өте сауатсыз тобыр екен, анадай депутаттық айқайдан кейін түйгенім. Парле елдің проблемаларын шешетін трибьюн деуші еді Мастұр батыр, француз тілі курстарына барып жүрген күндерінің бірінде.
біздің пахан өзіміздің Жамбылда кайфовать еткен. әйтеуір суреттеріне қарасаң мәз болып жүрген қазақ солдаттар.
быратан Тюменьде служить еткен.
сол кездердегі солдаттар оралғанда кәдімгідей күшті еді. значоктары, белбеулері, фуражкалары алдын ала ағайын балалар арасында тендерге салынып, бөлініп тасталатын.
Ағам осында, Астанада, гвардияшы.
Бір-екі рет таяғына басым жарылған соң, қойдым сұрауды.
Мәмбет-ау, осы сөзіңе жауап бере алмайсың ғо.
Орыстардың арқасында қазір өз армияң, өз өнеркәсіп орындарың, өз мектеп-балабақшаларың, өз спортың, өз кітапхана-театрың бар.
Орыс болмай, қытайдың қол астында болсаң да интеллегенцияңды қырып тастайтын еді. Сондықтан қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосынды өзгермейді. Ал ешкімнің қол астында болмасаң әлі күнге дейін найзамен жүретін едің.
Менің әкем әскерге бармаған, ЖОО бітіріп келген соң ауылда меектепте мұғалім болған, атам дүниеден озған соң бауырларының асыраушысы болған, одан үйленген, одан балалы болған, сосын әскерге бара алмаған. Бауырлары барған, Германияда, Ижевскіде болған суреттері бар. Құттықтасам құттықтаймын, кейде ұмытып құттықтамаймын, аса мән беріп, шу шығарып жатудың керегі жоқ деп ойлаймын. Осы тақырыпты ашып еске салып отырғаныңыздың өзі жарнама болып көрінді.
Ал енді қазіргі билікті, басшыларды да жамандайды. Типі осы өздері ғана ұлтшыл, қазақтың қамын ойлайтын, намысшыл сияқты. Ал біздерді орыстанып кеткен, санасы өлі адамдар санатына жатқызып. Егер мен солар құсап «ойбай тілім, елім, ділім, құрып жатырмыз» деп аттандамасам мен қазақ емес екенмін. ғық-ғық.
Общым, қай мейрамды ұлықтасақ та өз шаруамыз ғой Демек бір себебі бар.
Ал, билікті жамандауға келсек, ол кез-келген әлеуметтік топта бар. Парламентте отырып Президенттің суретін көсретіп оны жамандаған депутаттарды талай көргем. Журналистік қызметте. Абайдың "қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің жаманнан аманы жоқ болатыны несі?" деген сауалын жаупа тапқан жоқпыз. тіпті, іздеп те жүрген жоқпыз.Ал, маған қатысты әңгіме әзілден басталды. Көңілдеріңізге келіп қалса, кешірім өтінемін.
Кезінде кластас қыздар тарапынан құттықталып жүрдік. Сол әдет бойынша әлі де құттықталып келеміз, ешқандай әскерде болмасақ та. Ерлер күні болып қалыптасып кеткен ғой өйткені
Ал 7 мамыр ондай ерлер күні деген статусқа ие бола алмайды. Әскерде болғандар қазір өте аз, сондықтан 7 мамырды әскерде болғандар ғана тойласа жарасады. Ал былайынша әскери салада қызмет ететіндердің кәсіби мейрамы деп есептеймін. Мұғалімдер күні, дәрігерлер күні деген сияқты. Әскер тек келісім-шарт бойынша ұсталатын болса, өзі де соған бара жатыр.
Депутаттардың трибунасынсс дегеннен басқа айтар жоқ
Бұларға салса, 9 мамырды да алып тастау керек!
Демек, сатып жатқанда да жаның күйзеледі екен ғой, ішпиен