Сен туған күн - мерекеміз!!!

Бүгін, яғни 21-ші ақпан вешній студент, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ізденушісі & мұғалимасы, Ақтөбенің тумасы, Астананың девішкасы болып қалқып, Минскіде миллионер боп шалқып жүретін, интернет әлемінің белсенді қолданушысы, һәм мен жақсы көретін батыстың бестиясы — Әйгерім Бөрібаева-Кеулімжайдың туылған күні!

Әйгерім қыз, мерейтойыңмен!
От болатын, шоқ болатын, бар болатын, жоқ болатын, жын да пері — 25 жас мүшел жасың құтты болсын!

Адам баласы бір-бірінен озса, көркем мінезімен, өнер-білімімен озады. Кітап, оқу оқып, сурет салып, өлең жазып, әдемі қалжыңымен құрбы-құрдасын қағытып қойып, енді бірауық интернет әлемін де әдемі жазбаларымен әлдилеп, маман тәрбилелеп, ғылым қуып, дүниенің бар ғажабынан құр қалмауға үлгеріп жүретін 21 ғасырдағы қазақтың көзі ашық қызы өзіңдей-ақ болсын.
Құшағың гүлге толып, бақытқа бай болып, салтанатың келісіп, өмірді күліп кеше бер, еххху!

Сен туған күн — мерекеміз,
Ән бастайық, кел, екеуміз.
Ұмытпа сен, құрбым,
Есте қалсын мәңгі бұл күн.
Жасқанба, жасыма,
Отыршы қасыма,
Басталсын бір терең әңгіме.
Қуансын ел ертең,
Қолыңды бер, еркем,
Жалғыздық жойылсын мәңгіге.
Көп жүріп сарылып
Жетсе де кәрілік,
Қақпаңды ашпа сен уақытсыз.
Жастықтың жарығын,
Жүректің жалынын
Өшіріп алған жан бақытсыз.
Бөлісу:

69 пікір

19852407

Ал, тағы да туған күніңмен! Бұйырса, бауыр баптаулы
Ministry
Ой де! Жасың көп жақсылық әкелсін!
Бұйырса, сыйлығым Білім министірінің креслосы болмақ, 45 жасыңа дайындала бер
19852407
Сондай-ақ, бүгін ауылдың алты ауызының атаманы Айсұлтан Жақыпов құрдасым да бір саны артық әдемі жасқа келіп ат байлап жатыр. Күлкі қайда болса, езуің соннан табылсын, бар қуаныш сенде болсын! Қай ауылға түссең де, қалтаңнан иіс сабының түгесілмесін!
Туылған күніңмен!!!
AKA
Құттықтаймееееен, Аллаһ екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!  
TERISKEY
Бұл әпкеге ризамын. Құдай Тағала білім жолында зейініңізді ашып, өмірде өзіңіз жеңе алатын қиындықтары мен өзіңізге лайықты қуаныштарын бұйыртсын! Қайда жүрсеңіз де аман болыңыз, туылған күніңізбееееен!!!
aktobe88
Бұл әпкеге не только Теріскей, мен де ризамын!
Туған күніңмен! Барлық асуларды бағындыруыңа тілектеспін.
sammita
Теріскейдің айтқанына қосылам
Ұзақ ғұмыр, шат өмір, мықты денсаулық тілеймін. Отбасы бақытына бөлен, құрбым
a63a1
Құтты болсын туған күнің! Айсұлтан екеуің бір күнде туып қалыпсыңдар ғұмұрларың ұзағынан болсын!!!
konvict
Мен де осыны айтқым келген.

Әбіләкім мен ӘКІ, туылған күндеріңізбен!
sammita
Қарағандыда боран ба? Общым, Әбіләкім қайда?
a63a1
Кеше күнімен борандатып, бүгін тып-тынық күн болып тұр, құстар шиқылдап ән салуда. Әбіләкім көрінбейд
19852407
Таңғы 3-ке дейін ішіп, піш боп жатпаса...
Zhan
Туған күніңмен! Зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!
aza
Құттықтаймын, Керекшілер!
Әбеке, АКУ жақсылық көп болсын бастарыңызда!
satibaldi
ық-ық…
19852407
 Ненің ықылығы сізде таңатпай?
АКУдың кешкі отырысқа тыққан шөлмегін қолды қылғанбысыз?
satibaldi
Таң атпай деп біз жақта таңғы 3 жарымды айтад, сіңлім. Мынауың тал түс қой нақ. Ох, басееем…
19852407

… Сіңлім

* Селсәбетті жинау керек түскіге.
Nurgisa
Таң атпай деп біз жақта таңғы 3 жарымды айтад, сіңлім.
AL-ASTER
АКҮ, туған күініңіз құтты босын! Құтты босын туған күніңіз! Өмірде — бақыт, қызметіңізден — табыс тілеймін!

ПыСы: Сатыпалдыаға  Cіңлім?! Тым болмаса бауырым деп қойсаңыз бір сәрі!
Maya
Туылған күніңмен, Айгера!!!

С Днем Рождения!
satibaldi
Хиджабыңыз бен торайыңыздың контрасты көзді осып тұрғаны…
Maya
 Сатеке, ол жай мультик қой…
satibaldi
Діни сауатсызбын, сондықтан халал стикер деген түсінік бар шығар деген ой ғой…
Maya
Сізді сауатсыз деп айта алмаймын…  Ал мына бізге сізге жету қайдаааа
sammita
көзіңнің шалмайтыны жоқ-ау
Maya
Сатеке, көзіңізді осып тұрған торайды алайын деп едім, неге түзету уақыты өтіп кетті деп тұр, админсіз ғой, бірдеме қылсаңызшы…
Ministry
 Әй, админ, шық бері!
araika
 анау-мынау емес, өткір көздерді осады
Lyaila
Өмір мынау қатар тосқан жеңілі мен ауырын, шуағы мен дауылын.
Бүгін мынау — сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен, Бауырым!
Саған, байлық тілерем мен, бірақ ол бір әнгүдік, есигіңнен кіргенмен паң күліп
Жүргенімен шеру тартып сән құрып, саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік!
Бәлкім, ерлік тілерем мен тамыр алған төзімнен,
ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен!
онсыз адам жүре ала ма жолсыздар мен соқпақта.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда 
Қайтсем екен, қайтсем екен
Мен одан да бүкіл адам аңсаған
Бүкіл адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тек елесін тамсанған
Кез келгеннің уысына түспейтін,
кез келгеннін бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған
Armanjan
Осындай қуанышты күні ғұмырың ұзағынан, көрер қызығың молынан болсын, жүзің күндей күлімдеп, жүрегің жаздай жайнасын!
Шаңырағыңнан ешқашан бақ-береке кетпесін,
Бақыт кемең айнымай болашаққа беттесін.
Кезегімен осылай келе берсін сәтті күн,
Өмір саған сыйласын қуаныш пен пәктігін,
Құтты болсын туған күн, сәтті болсын думан күн,
Көре бер деп тілеймін тек өмірдің шаттығын!
Gulistan
Айгерім, қуанышыңмен! Жасыңа жас, басыңа бас қосылсын!
Осындай құрды-достың арасында шалқып өмір сүре бер!
aikarakoz
Туылған күн құтты болсеееен!!!
AKY
Рахмет бәріңе! Гуфа, құттықтауды өлтіріп жіберіпсің)))))))
19852407
Бәрі де сен үшін
Кешке ана астыдағы өленді айтамыз қолтықтасып отырып
Aikona
Айгерім жаным туылған күніңмен!!! Мен сені жақсы көрем. Әрқашан күлімдеп, денің сау болып, биіктерден көріне бер!
e_zhalgas
бүгінгі күн қайда барсаң да — Кеулімжай девизімен өтетін сияқты ғой  
не дейміз енді, бір бөтелке сыра менен…
Erke
Апашкә туылған күніңмен!
Zhanylai
Туған күніңізбен!!!
rakisheva
Айгерім туған күніңмеееееееееееееен!  
bazuka
Әйгеро туған күнінмен! Бар жақсылықты тілеймін! Денсаулығын мықты, табысын мол болсын!
ushkin
туған күніңмен, АKY!!!
Adiletshu
ӘКЫ, туған күнің құтты болсын. Республиканың сүйікті қызы болып жүре бер ғҮ Ә
19852407
Республикасы несі, әрірек, молырақ алыңызсай,
екі күннің бірінде шетелде жүретін қызымызға обал жасамаңыз, мысли материальны
Kerekstavka
Туған күні боп жатқан апайды құттықтаймын! Балашағасының қызығын көріп, жүз жасасын!
Erkekyz
Айгера, 2-ші мүшел жасың құтты болсын! Жоғарғы тілектерге қосыла отырып, мықты денсаулық, ашық аспан тілеймін. Барлық арман, мақсат-мұратыңа жете бер!
Gastarbaiter
Уа, кешкі асқа инеттің майын сығып қататын қарымтасы қарымды Ақтөбелік қарындасым!
Уа, айбыны айбарлы қаруын ұмытса да, қаруының қалтасын ұмытпайтын мәңгі әскери Айсұлтан!
Мынау қамшының сабындай, суммошының шабындай қысқа өмірде…
-деп бастасаң ия…
Ал құтты болсын екеуіңе де! Мына жігіттер де сендер үшін алып қоймақ.
Gulzhanat
Туған күніңізбен!

Kipshakkyzy
АЙГЕРІМ, ТУҒАН КҮНІҢМЕН! БАҚЫТ ТІЛЕЙМІН!
Maya
Осы бүгін Әбекеңніңде туылған күні емес пе а? 21 ақпан деп тұр ғой.

С Днем Рождения!
Әлде мен қателесіп отырмын ба?
19852407
Басынан оқы
Maya
 Оқыдым… Айгераның туылған күні.
Сонымен қатар Әбекеңнің де туылған күні емес пе деп сурап жатқаным ғой...
Gastarbaiter
Коментарийлерді оқы, Мая
Maya
Рахмет, Алла разы болсын! Оқымай жаза бергемін ғой
serjan
Құтты болсын туған күніңіз, 87 жылғы болдыңыз ғой сонымен.
araika
Құттықтаймын! Алда талай 25-терді бағындыруды жазсын!
Esmeralda
 құттықтаймын, барлық жақсылықты тілеймін
VKM
Айгера, туған күніңмен!
Өзіңе тілеген тілектеріңнің бәрі орындалсын!Ғалым бол, жар бол, ана бол!
AKY
Ризамын бәріңе!
19852407
ужы ішіп алғансың ба?!
көңіл айтып…
Dinara
Туылған күнің құтты болсын қарындас  Білімнің шыңына жете бер, 30 жасыңда профессор атануыңа тілектеспін иншалла
alashaman
Туған күніңіз құтты болсын! Жағыңыз түспей жамандық көрмеңіз.
dark_nazgul
Ән бастайық, кел, екеуміз!
Ұмытпа, сен, құрбым,
Есте қалсын мәңгі бұл күн!