Бұл не жәндік?


«Әлемде талай қызық бар» деген В.Мезенцевтің кітабы бар еді ғой, бұл жәндікті одан да кездестірген жоқпын. Білетіндер «дүниеде тіршілік етеді» деседі. Егер осы жәндіктің қазақша атауын тауып беретіндер бар болса «сыйлық» бар.… деееп бөсіп отырсам ә?!
Бөлісу:

41 пікір

SaWOK
сауатты кесіртке шығар
SaWOK
тойыс сауЫтты
askerbek
Кесірткенін мутатцияға ұшыраган түрі шығар.Әдемі екен
neoman
Орысша аты — поясохвост, латынша — cordylus. Қазақша баламасын зоологиялық сөздіктерден іздеу керек шығар.
Өміріне қауіп төнгенде суреттегідей жиырыла қалады екен. Толығырақ мұнда
Gastarbaiter
Шынымен осыларды жатқа білесің бе?
neoman
Дұрыс сұрақ қоя білсең, гугл бәрін айтып береді ғой. Мысалы, суреттен кесірткелер отрядына жататыны көрініп тұр және қарапайым кесіртке емес, чешуйчатая ящерица. Қалғаны гуглдың еншісінде
Gastarbaiter
Жасасын гугл дейсің ғой
Gastarbaiter
Қылқанды батпан не қылқанқұйрық деуге болатын сияқты. Әділін Қара Назгүл біледі.
araika
Поясохвост малый (Cordylus cataphractus)- белқұйрық деп аудара салдым Күлуге болмайды!
Gastarbaiter
Назгүл грамматиканың Освенцим отына өз қолымен тығып өлтірсе де айтайын.
Қазззақ тілінің лексикалық қорын балағаттайтын, тап осындай сәтсіз калькалар, қайдағы бір Гасталардың скәнірі мен қаралғысы емес.
Белқұйрық деген атау ана сорлы жәндіктің қай ерекшелігіне меңзейді?
Белінен құйрығы өсіп шыққандығына ма?
Олай болса мені де белқұйрық деп атаңыз.
araika
Кешіріңіз, сіздікіндей тәжірибем жоқ. Менде тек тікелей…
Ойлануың керек еді дегенге сайса айтпағыңыз, осыған ұқсас жәндіктің атауын естуім бар еді.
Егер толықтыру мүмкіндігі болса, айта кетейін, қазақта көп қолданысқа ие тіркестер: белуардан асады, белден келеді т.б. бар.
Gastarbaiter
Кешірмеймін! Әзіл ғой.
Біздікі анау эксперттердің алдында сыпырылып қалған дамбалымызды, сіздің қатеңіздің фонында қайта киіп алу ғой, мән бермеңіз.

Шындығында былай ғой-
Пояс-дегенде белді емес, белдікті меңзеген орекеңдер. Анау құйрығы бір біріне кигізілген белдіктерге ұқсағандығына негіздеп Поясохвост деген.

Егер тікелей аудармақ болсаңыз, осы жійтті ескеріп тағы бір көріңіз.
Осы көңілді нотада Морфейдің әлеміне кетейін. Сау болыңыз!
alashaman
Сөйтіп, қазақшасы не болды? Әлі таппағансыздар ма? Ойбой, қойсаңыздаршы…
SaWOK
Балаларға арналған «Шөлдер» кітабының 8-бетіндегі кесірткенің суретіне келіңкірейді. Сол кітапта оны «сауытты кесіртке» деп уже атап қойған…
Gastarbaiter
Во, базар жоқ энциклопедия екен. Шивадан қайтсын.
kozildirik
Семейлік кесірткелерге ұқсайды екен)))) Курчатовқа қарай шыққан сайын осындай әдемі шапан киген кесірткелер көп мыс дейді біздің жақтың шалдары))))
patick
Кесірткенің мыңдаған түрі бар ғой. Солардың бірі да. Аздап Ортаазиялық батпаға ұқсайды, сыртқы қабыршақтары болмаса
Gastarbaiter
батпаға ұқсайды,
Осы батпандар кесірткеге жата ма геккондарға ма?
patick
кесіртке сияқты, геккондарға тритон сияқты «айдаһарларды» жатқызбай ма?
Gastarbaiter
Ой, қудың сен Патя Тритондардың айдахарға қатысы жоқ, олар кесірткеден бұрын құрбақаға туыс, саламандрасынссс
patick
кетей на, Тритондар бақа тәріздес па не?
Gastarbaiter
Білә, тым болмаса ботаник болып қарқ болмаймыз біз
Gastarbaiter
Сүтқоректі емес екенін білем әйтеуір
alashaman
Атын қойшы, кесіртке сонда өзін өзі жей ме не? Әдетте біз білетін даланың сұр кесірткесі құрйғын тастай қашушы еді, мынау азық ететін сияқты. Әлде осылай құйрығын тістеп алып «доңғалақ» болып зымырай ма екен? Білетіндер бар ма қазақтар? Ауууу
Gastarbaiter
Кірпікшешесстің түріліп қалатыны сияқты қорғаныс әрекеті ма деймін. Анығын Игуанадоным білсін.
a63a1


Мынау не жәндік?
Gastarbaiter
Моллюскілер ауылынан болды ғо бұ шырағым?
a63a1
ПОЯСОХВОСТ ГОЛОТУРИЯ -деп тұр әйтеуір
Gastarbaiter
Білмеймін.
Әйтеуір мұңайған боқтың хайуани образын осылай елестеткем
alashaman
Сұрақ қоя берсек белгісіз жәндіктер көп қой. Мәселен мынау:
Gastarbaiter
Ал мынау қырық есе үлкейтілген тері кенелеріне ұқсайды. «Еламаным» біледі бірақ, не екенін.
alashaman
Кене емес polychaete деген аты бар теңіз құрты екен. 1 км-ден терең суларда өмір сүретін көрінеді. Кенеден әлдеқайда үлкен десед «дереккөз»