Наурыз Көже рецепті керек!!!!

ҚҰрметті керекші қауым, әсіресе, ауылда өсіп, нағыз Наурыз көженің дәмін татқандар, үлкен өтініш: рецептін жазып жіберіңіздерші!!! Шұғыл керек болып тұр!
Бөлісу:

17 пікір

aikarakoz
жеті түрлі қоспа болуы міндетті. Олар қалауыңызша ауыса береді. Ең маңыздылары әрине: дәнді-дақыл (не жүгері, не бидай), қазы (ет те болады), тұз, су, ағарған (айран, құрт)… ары қарай картоп, сәбіз… қалауыңызша қоса бересіз… қамыр да қосады…
satibaldi
Тетрациклин.
19852407
 Құрылтайға кеп жатсаң, қалтаңа көптеп салып шық
aikarakoz
мен ауылда өскен қыз болғандықтан ғана жаздым
asaubota
Aizhantabyn
ағааа, білем ғой) Бірақ маған дәмді деген традиционный керек. Гугл рекомендейшн бермейді, оған қоса, салмағы бар ))) бір адам айтса)))) күшті болады ғой. Авторитет дегендей)))
asaubota
гугл сілтемесінің ішіне табылған нәтижелер сілтемесін қойдым ғой. күшті рецепттер бар ішінде.
chimaq
Qalanyng qazaqghy men qyrdyng qazaghy eki turli otkizeme nauyrzdy?
Delhi
Халықтық дәстүр бойынша оған
1 бидай,
2 тары,
3 сүр ет,
4 бұршақ,
5 сүт,
6 су,
7 тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі.
Мен өзім былай жасаймын.
1. су
2. айран, сүт
3. тұз.
4. ет
5. бидай немесе күріш
6. мейіз.
7. сәбіз.
Осы керемет болып шығады.
Zilola
Жан дұрысы дәнді-дақылдарды бөлек ыдыстарды пісіріп алған жөн. Содан соң барып асылған ет, пісірілген кеспемен қоса араластырып айран не қатық қосып жатады.
asaubota
шынымды айтсам іше алмаймын осы наурыз көже дегенді

ішсем іш кететін сияқты болып көрінеді де тұрады
Aigolek
тури жаман ия
asaubota
аха

түсінер едім әжеден шешеге, шешеден қызға келе жатқан тамақ болса. қазақтар 1992-де осы мейрамды естеріне түсіріп алды да айда давай наурыз көже дегеннің рецептін іздестірді архивтерден. сосын сол бойынша біреу жасап көрді, сосын кетті әрі қарай.
Aigolek
мен енди олай айта алмайм.анооу уйде олмей отырган ажемнен бидайды калай туиип калай коже жасаганын, сосын шешемиздин оны бираз заманауилатып жасагандарын коргендерденмин бирак жасайтындардан емеспин.
19852407
Қарапайым кәдімгі қара көжеге не жетсін!
Aizhan кыз, кәдімгі көже пісірсеңіздерші ащы қатық қосып