Бұл қалай?
Мына сілтемедегі сурет World Press Photo 2012 байқауында көркемөнер және көңіл ашу номинациясы боайынша үшінші орынды жеңіп алған. Байқаудың түпнұсқа фотосы мына жерде. Түсініктемені қазақшаласақ: «Шаман діні жосыны бойынша құшынаштың(бақсының) адам ұшықтау рәсімі» болады екен. Қазақстан жері деп түсінік берілген фотоны түсірууші Pavel Prokopchik. Сонда, бұл қалай? Қазақтар әлі шаманда жүр деген түсінік қалыптастырмай ма?
Qytaida qazaqtardy mongol syiaqty chynysymen araq ishetin ult dep tanystyryp jatady..jynym kelip ketedi...
Кішентайымда көз тиіп, қатты ауырыппын. Өлім халінде жатқан мені ауылдағы бақсы әжей жаңа сойылған қойдың жылы қанына шомылдырып, терісімен орап, ұшықтап, жатқызып қойыпты.
Пы.Сы: Жарау аттай қайта шауып кетіппін
емделуші алқаш күшті ойнады. сол фильмнен кейін көтеріліп кетті.
Шаманизм қазақта ғана емес, тіпті вьетнамдықтарда да бар екенін біліп, жағамды ұстадым (шаманизм, тотемизм, анемизм көшпелі мәдениеті басым ұлттарға ғана тән деп ойлайтынмын). Вьетнамдықтар Америкада жүріп те малдың қанын бауыздап, әлгіндей жоралғыларын жасайды. Қызығы, әр елде шамандықтың жұрнағы бар. Әрі бәрінің де ұқсастықтары қайран қалдырады. Малдың қанына шомылып жатқандарды аяймын. Бірақ олардың шындықты іздеу үшін жасап жатқан жанқиярлықтары өзгелерге үлгі тәрізді. Өзін мұсылманмын деп санап, алайда не Құранды, не Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с) өмірбаянын немесе Сахих хадистердің бетін ашпағандар көп болар. Бұлар болса, жұмысын тастап, малдың астын тазалап, жер төңкеріп жүр. Кім біледі, бәлкім бақсы апаны өзіне ұстаз қылғандар бір күні тура жолға да түсер, инш!
Егер қазақтың бейнесін ғаламторда өзіміз қаламаған кескінде жарнамалап жатыр десек, оған өзіміз кінәліміз. Аттандап, ойбалағаннан гөрі бүгінгі қазақтың кім екенін танытатын сондай мультимедиалық контентті өзіміз де көбейтейік. Бақсылық ата-бабамызда болған дегеніңмен келісемін. Қазір сол салтты «Тұран» тобы жақсы пайдаланып, өздеріне стил қылып алды
бұрын көрмеппін мынаны. таңертең күшті энергия беріп жатыр мына музыка. костюмдері де керемет екен!