Ақпараттар ағыны - 20 ақпан 2012

Forbes "Әлемнің ең кедей 5 миллиард адамы" тізімін жариялады

***

Астанаға «Red Hot Chili Peppers» келетінін естіп қуанған астаналық жастар интернеттен бұл топтың «Californication» әнінен басқа әндерін іздеуде.

***

Уганда, Руанда және Чад мемлекеттеріндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қаңтар айының айлығына Уганданың ең танымал футбол клубы «White Elephants» клубын сатып алды. Команданың жаңа аты: «Ordabasy Elephants».

***

Астанада көшеде қатып қалған 3 әйелдің мәйіті табылды. Қайғылы жағдайды терезеден көрген куәгердің айтуынша олардың жолын 3 сағат бұрын қара мысық кесіп өткен. Адам аз жүретін көше болғандықтан әйелдер 3 сағат тапжылмай тұрудың кесірінен үсіп өлген дейді мамандар.

***

«Моймирда» кеше Бәйтеректің ішінде түскен миллионыншы сурет жүктелді.

***

Көрермен санын арттыру мақсатында алматылық "Қайрат" клубы жаңа маусымда әйелдер, балалар және гейлерге ойындарға кіру тегін екенін жариялады.

***

Шымкенттік Бас редакторлар клубынан қазақ блогерлеріне қолдау. "Қазақ блогтарына неге тосқауыл қойылды? Тезірек ашылуын сұраймыз" деп министр блогына сұрау жіберілді.

***

Қонақүй бөлмесінде шамадан көп есірткі қолданудан өлген жас жігіттің әзірше аты-жөні белгісіз. Танымал бір әнші болуы мүмкін деп отырмыз дейді баспасөз қызметіндегі қыз.
Бөлісу:

16 пікір

e_zhalgas
Forbes "Әлемнің ең кедей 5 миллиард адамы" тізімін жариялады

Астанаға «Red Hot Chili Peppers» келетінін естіп қуанған астаналық жастар интернеттен бұл топтың «Californication» әнінен басқа әндерін іздеуде.
мен үшін бұл күлкілі емес
Janasil
«Моймирда» кеше Бәйтеректің ішінде түскен миллионыншы сурет жүктелді.
Баса бер Rafaello
Мынаның кейбірі газеттердің «Ел құлағы», «Анау — мынау» деген секілді айдарлардан қылтиып қалуы мүмкін.
Zhan
Астанада көшеде қатып қалған 3 әйелдің мәйіті табылды. Қайғылы жағдайды терезеден көрген куәгердің айтуынша олардың жолын 3 сағат бұрын қара мысық кесіп өткен. Адам аз жүретін көше болғандықтан әйелдер 3 сағат тапжылмай тұрудың кесірінен үсіп өлген дейді мамандар.

***

«Моймирда» кеше Бәйтеректің ішінде түскен миллионыншы сурет жүктелді.
qisyq
Аффтор, жоғалма, тағы жаз!
patick
«Ordabasy Elephants»

Кететін жердің бәрінен кетті
daniyar
Шымкенттік Бас редакторлар клубынан қазақ блогерлеріне қолдау. "Қазақ блогтарына неге тосқауыл қойылды? Тезірек ашылуын сұраймыз" деп министр блогына сұрау жіберілді.
оларға интернеттегі ақпарат керек қой))
meirzhan
Осы Шымкенттік бас редакторлар болмаса, блогшыларды кім ойласын )
Marco
Апырай, осы күнге дейін бас редакторлар қалай шыдаған екен???)))
asaubota
Қайраттың ойындары былай да тегін сияқты еді. әлде бұдан кейін билетсіз кіргендер педераст болып саналады ма?
Gastarbaiter
Астанада көшеде қатып қалған 3 әйелдің мәйіті табылды. Қайғылы жағдайды терезеден көрген куәгердің айтуынша

Botik11
біреулер жай ғана күліп ләззат алса, бір закомплексованныйлар осыны ұрлап, газетке басса екен деп тілеп отыр)))) опять больная тема.) просто күле салуға болмайды)