Есе қайтты, ағааааееенннн!

Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде бокстан «Төртеудің турнирі» аяқталды. Бұл турнирге Қазақстан, Ресей, Үндістан және Франция қатысқан. Басты мақсат — Олимпиада алдындағы дайындықты бір пысықтап алу. Бокс мен барсам басталып кетіпті. Аңдатпада бесте басталады деген. Қайта ертерек барғаным жақсы болыпты. Дәл, Серік Сәпиев пен Андрей Замковойдың жекпе жегіне тап болдым. Мәәә, сендерге өтірік, маған шын. Серік деген сұмдық енді. Замкошты қуып жүріп сабады. Андрей түк те істей алған жоқ. Бәрінен бұрын Серіктің аяғымен «ойнайтыны» қатты ұнады. Қорытынды есеп — 14-4. Қатты қуандым! Миланда Серік Замковойдан ұтылғанда бір жылап алып едім. Сол күнгі өкініштің орны толды. Оның үстіне твдан емес, дәл рингтің түбінен қарадым. Біррр рахат қой мынау деген шымкентше айтқанда. Ал, жалпы есепте Қазақстан мен Ресей тең түсті. 5-5.

Бірақ, керекшілер, шынымды айтайын, біздің жігіттер нәшәрлау. Әсіресе, Қанат Әбутәліпов пен Данабек Сужанов. Дым істей алмады соңғысы. Оның үстіне, Ресейден Алоян мен Айрепетян жарақат алып, шықпай қалды. Былайша айтқанда, екі ұпай бізге сутегін келді, ресейдің сыйлығы. Біз 5-4 болып ұтылып жатқанбыз. Анадан алып туған айналайын Иван Дычко құтқарды. Общым, жалпы есем мынадай:

Қазақстан — Ресей 5:5

49 келі: Біржан Жақыпов — Давид Айрапетян — +- (Айрапетян рингке көтерілмеді)
52 келі: Ільяс Сүлейменов — Миша Алоян — +- (Алоян рингке көтерілмеді)
56 келі: Қанат Әбутәліпов — Сергей Водопьянов — 7:14
60 келі: Ғани Жайлауов — Альберт Селимов — 7:8
64 келі: Данияр Елеусінов — Александр Соляников — 20:8
69 келі: Серік Сәпиев — Андрей Замковой — 14:4
75 келі: Данабек Сужанов — Максим Коптяков — 6:11
81 келі: Әділбек Ниязымбетов — Егор Мехонцев — 11:13
91 келі: Алексей Севостьянов — Артур Бетербиев (Екінші раундтан кейін есеп 2:9-ға жетіп, қазақстандықтар айқасты тоқтатты)
91+ келі: Иван Дычко — Магомед Омаров — 11:8

Осыдан қарап өздеріңіз көп нәрсе аңғаратын шығарсыздар! Бәрін қойшы, Серіктің жеңісіне ырззааа болып жүрмін.

Жарыстың хаттамасы мына жерден алынды.
Бөлісу:

11 пікір

araika
Тақырыпқа қарап, тағы кім байып кетті екен деген ойдың сап ете қалғаны. Перғауын сияқты букмекерлік кеңсемен байланыс орнатқан ба деп...

Журналистпісің, мұндай салаға қызығушылық қайдан қылтиды деген сұрақ?
manfan
иа, журналиспін… букмекерлік кеңсемен байланысым жоқ мүлде
MickThatsMyNick
сені тек манфан деп жүрсек, боксфан да екенсің ғой, ендігәрі өзіңе шын айтып, бізге өтірік айтпа…
manfan
спортфанмын))))
zztop
Қанат қалай бокстасты? Әбутәліпов
Zilola
Көңілдеріңе тисе де жазайын, боксшылар уже защитада шаршы алаңды айнала қашып жүрсе де кәменттеуші ағайлар саспайды ғо шіркін! Өткен аптада нокдауын болып еді, болайын деп қалды деп сендірді, төрешілер де соқыр ма, әлде дома ойнаған соң алып берді ма, ощым анау легионерлерді неге алған ващще, томардай болып алып дым икемі жоқ!!!
manfan
Біздің елдегі комментатор туралы бірдеңе дей алмаймын. Ал, легионерлерден Беншаблаға сөзім жоқ. негізі, біздің командада жергілікті ұлт өкілдері көп, WSBдегі басқа клубтармен салыстырғанда. Меніңше, бұл жақсы. Ал, легионерлердің слабый екені рас… бұл туралы мына жерден оқуға кеңес беремін сізге))))))
Zilola
Кеше Еларнадан болған бокста әлгі үндіс қылқындырмағанда анау томардай болған жүре берер еді секеңдеп.
saken
бір күнге шатысып кетіппін. Бүгін болатын шығар деп барып тұрсам ҚЗ: Ресей матчы. )))
Барсам қолдобынан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты болып жатыр. Шамалы көрдім де қайтып кеттім.
omarbirat
Енді бір үлкен жарыста (ӘЧ, Олимпиада) Шелестюкті бір сабап алса…
zztop
әй қайдам биыл хохолдар мықты болып тұр!