СӨЗ ЗАТТАНАДЫ!
Интернеттен «мысли материализуется» деп іздеп ем, мынау суретті тауып берді)))
Айтпағым басқа еді…
Дүниенің басында кім тұр? Немесе не?
Әуелі Сөз жаралды ма, әлде Зат пайда болды ма? Сенімдерімізге, түсінігімізге, ой қиялымыздың әр қилылығына байланысты әртүрлі пайымдаймыз. Әуелі Сөз, сосын Зат дейтіндер бар, бірінші зат сосын Сөз жаратылды деушілер бар… Әркім әртүрлі айтады, әркімнің өз шындығы бар, әр пенде өз білігінің шегінде түйін жасайды.
Менің пікірім әуелі Сөз жаралғанын құптайды! Әрі қарай өрбітіп айтқым келмейді, айтарым басқа дедім ғой…
Өткен жазда өтпіскіде Үстірттегі Қараоба жайлауында демалдым. Үстірт Маңғыстаудыңқиыр шығысында орналасқан таулы қырат. Ал, Қараоба — батысы тауға, шығысы Ердалы, Астауойдың ұлан асыр, көз сүрінер бұдыры жоқ маң жазығына ұласатын қанжайлау. Суы 47 метр тереңнен шығатын, Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырауында» сипатталатын құдықтар тектес трубчатка, мал тұяғы тимей соныға айналған, ат омырауын қаққан көк шалғын, кешке қарай тау жақтан ескен самал, семіз бағланның еті, түс айырдың қою шұбаты… Несін айтасың, нағыз базарлы, ажарлы жаз еді.
Қызығы алда… «Сөз заттанады» дегеннен шықты ғой!
Бір күні түнде керемет жаңбыр жауды. Ақ жауын, жәйімееен ғана сібірлеп таңға ұласатын таудың ақ жаңбыры. Айтқанда, таңға жақын ашылып кетті. Аспан мөп мөлдір! Жер жап жасыл! Бар бояуын айқын жарқыратып, көз жетер кеңістікке керіле құлап, созылып жатыр. Мыңғырған отарды өрген жағына айдап салып, таңғы асқа отырдық. Інім атын ерттеп, қойға кетпекке ыңғайланды. Менің де аңсарым ауды, жаңбырдан соңғы дала ереіксіз еліктірді, көкемнен маған да бір ат ерттеп беруін өтіндім…
… Өткен кеткенді айтысып, қой соңынан ілбіп келеміз. Күн көтерілгенімен шағып алардай ыстық емес, ет тоңазырдай салқын емес, мамыражай бір ауа райы тұнып тұр Қараобада. Отардың алдыңғы жағына озып, айдау жолға іркілген бостың суына ат суардық. Сөйткенше, отар да келіп жабылды қақ суына. Жолға тұнған іркінді суды лезде лайлап, отар өте берді. 1000 нан астам ұсақ мал қоя ма, жайдақ суға айналып қалды. Інім екеуміз сонда да кете алмай, атпен әрі бері жалдап жүріп алдық сол суды. Бір кезде Сайөтес станциясы жақтан клетін үлкен жолда бір жабық УАЗ көрінді. Көрші жігіт екен. Асығыс болса керек, ағызып өте шықты, қол көтеріп, сәлем ишаратын жасап қала бердік. Ойға түсе бере, мәшине жүрісін кілт жайлатты. Алға қарай лықси қозғалды да, оқыс қырындады! «Алла сақтай гөр» дедім еріксіз! Мәшине енді енді аударылып кетердей боп, қырындап қалған… Інім атына қамшы басты. Мен барғым келмей, кежегем кейін тартты…
… — Ақымақ па дейм, жолдың ең биік тұсын таңдап шығыпты))) Өле алмай жүрсің бе дедім, кейін жүрмегенде, аударылады екен. ішінде әйелі, кіші ұлы бар. Шалшық суға аударылып қалыпты деген атағы жаман да)))-, інім хабарын осылай айтып келді. Мен «иә» дей салдым… Көршіміз ішкен болар деп ойладым…
Түске тармаса, отарды ауылға бұрдық… Түскі асқа ыңғайланған түріміз))) Інім «жеңешеңнің ошағынан көк түтін көтерілді, әбет дайындай бастады ау, қайтайық, бауырым» деді…
… Түскі ас үстінде інім, бағанағы УАЗ дың хикаясын айтып берді. "...ішінде баласы бар екен, абырой болғанда аударылмай қалды..." деп әңгімесін аяқтап келе жатқанда, есіктен жеңешем кірді. Әйел адамның құлағыда шалғыр ғой, «не дейді, кімнің баласы» деп сөйлей кірді.
Жауапты мен бердім:
-Көрші Ермек екен, аударылып УАЗ бен, баласы қайтыс бопты! — , дей салдым…
Інім күле түсті де, болған жайды қайталап айтып берді…
… Бұл жайт ұмытылды. Екі күн өтті, кешкі салқында сыртқа киіз төсеп әңгімелесіп отырғанбыз. Сайөтес жақтан шаң шықты. Арындап, зулап келеді, тез ақ жақындады. Қараобадағы 4 ауылдың ең тауға сұғына отырғаны, жақын құдамыз екен.
Амандық саулықтан соң айтты. Кешегі көрші Ермектің үлкен ұлы, үлкен болғанда жасы 3 ке толмаған, Арман есімді бөпе… «жүк арасына тыққан неоцидолды ішіп… қайтыс бопты...»
… "Құдайым ай" дедім… Сол бөпенің тағдырының осылай өрілгеніне кінәлі өзімдей ақ… Жеңешем де маған қарады, бірдеңе деді, анық ести алмадым… Ойым сапырылысып кеткен…
Әңгіменің тағы бір ұшын естіп қалдым. «Сәбиге Арман деп ат қоюға бола ма екен, атқа да көп нәрсе байланысты» деп отыр екен Көкем…
Ал, «сөз заттанады» деген сөздің құр айтылмайтыны рас па, жалған ба?! Әлде бұл кездейсоқ жағдай ма?!
,
,
Лібәәәд, мақалистер өңщең!!!
Креативіңдісссс…
Ал патент… Осы керектегі «кретив» тұздықтардың бәрі САТқа тиесілі ғой))) Демек, болады!
сен Мандарин деп қаласың. ал басқалардың ойында басқа нәрсе
«Сөз заттанады» дегенге шүбә келтірмеймін, кейде пісіп жетілген, жадымызда бекіген ойдың кейбір өмір белестеріне өріліп жататыны бар… дегенмен көбінде ойды сапырылыстыратындай жайттарды «бұл кездейсоқтық» деп қабылдауды жөн көрем…
Бір аптадай ауладағы иттің(неміс) тамағын тартып ішіп кетіп жүрген алабайдың көңілін тауып аулаға құмар қылғаным бар… Енді оным бұрынғы вольерге не шынжырға дес берер емес… Ойдың заттануы-байқауымша 6-7 айлық күшік(тым ірі). Немісіме тамақ оған тамақ шәушілдекке тамақ — өзім не жеймін сонда
Өз бақытың өз қолыңда! Мен «бақыттымын» деген кісі бақытты, жылап жүрген адам ешқашан өз дегеніне жетпейді, ол аксиома ғой.Сондықтан позитив ойлар ойлап, позитив сөздер айтып жүрген дұрыс
Рахмет… Кінәлі болғанда, сезем ғой, Бәрі Алла қалауымен, Алланың бұйрығымен іске асарын. Жәй ойлап жүргенім да…
2. Шамамен жарты жыл бұрын, азанда тұрдым да, кухня жақта шай әзірлеп жүріп «Меломеннің» бір әнін ыңылдап айтып жүрдім. Шай ішіп болып, залдағы ТВ-ның қоссақ «Меломен» әлгі әнге клипі көрсетіліп жатыр. Мамам екеуміз күлдік.
Әрине сәйкестік деуге болады, бірақ азанда тұрып әндететіндерден емеспін. Сол күні білмейм не болғанын.